• Экспорт
  • 20 Қазан, 2022

Отандық тауарлар Түркия нарығына шығарылады

Қазақстандық тауарлар Түркияның ең ауқымды маркетплейсіне шығарылады. Бұл туралы цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин өзінің Телеграмдағы арнасында жазды.

 

«Мамыр айында прези­дентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Түркия Республикасына мемлекеттік сапармен барған уақытта, осы елдің бірқатар компанияларымен келіс­сөздер жүргізіп, отандық IT-компанияларды таныстырған болатынмын. Солардың бірі – бауырлас елдің нарығында онлайн сауда бойынша көшбасшы Trendyol компаниясы болатын. Trendyol – Түркия аумағында интернет дүкен арқылы, яғни өзінің электронды платформасы арқылы тауар жеткізумен және сатумен айналысады (күніне шамамен 1,5 миллион тауар сатады)», – деп жазды Б.Мусин.

Trendyol-ды Түркияда жер­гілікті Amazon немесе Alibaba деп атайды. Компанияның құны шамамен 16 млрд доллар қаржыны құрайды. Министрдің айтуынша, алдағы уақытта қа­зақстандық тауарлар осы жүйе арқылы Түркияның нарығына шықпақ. «Сапар барысында біз олардың тауарларын Қазақстан­ға жеткізу бойынша логистика­лық мәселелерді пысықтадық, сондай-ақ қазақстандық тауарларды ірі маркетплейс арқылы Түркия нарығына шығарамыз деп келістік, – дейді министр. – Енді, міне, бұл бастама – Түркия Республикасының президенті Режеп Ердоған­ның Қазақстанға сапары аясында өз нәтижесін көрсетті. Бүгін аймақ­тық маркетплейстерге қыз­мет көрсететін қазақстандық логистикалық компаниялардың бірі – Big Way KZ Trendyol компаниясымен ынтымақтас­тық туралы келісімге қол қойды. Big Way KZ – отандық нарықта логистикалық тауар айналымын жүзеге асырумен айналысып келе жатқан компания. Олардың шетелдік нарыққа шығуына әлеуеті зор. Бірлескен келісімнің арқасында енді қазақстандық тауарлар Түркия нарығына тікелей, делдалсыз сатылатын болады».

Ведомство басшысы қазақ­стандықтар Trendyol-мен таныс екенін және көбінесе делдалдар арқылы тауарларға тапсырыс беретінін атап өтті.

БЕКЕТ КӨКЕНАЙҰЛЫ

 

154 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

TENGE MONITOR №15

15 Сәуір, 2021

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Рымтай сағынбекова

“TENGE MONITOR” газетінің Бас редактордың міндетін атқарушы