• Білім & Ғылым
  • 20 Қазан, 2022

Жастар келешегі жарқын

Осыдан айжарымдай уақыт бұрын жарияланған Мемлекет басшысының Қазақстан халқына арналған Жолдауы біраз жаңалықтарға толы болды. Алғашқы кезекте еліміздің әлеуметтік-экономикалық жай -күйіне баса назар аударып, оның ішінде көптің көкейінде жүрген медицина саласының реформаларын жүзеге  асырудағы істерді нақты жоспармен атағаны бар.

Бұл жөнінде әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті саясаттану технологиясы кафедрасының доктаранты, саясаттанушы Руслан АХМАҒАНБЕТОВ өз ойымен бөлісті.

 

 

Мемлекет басшысының Қазақстан халқына арналған Жолдауында маңыз берілген қазіргі күннің көкейтесті мәселесінің бірі – медицина саласындағы ахуал, әсіресе, елден тысқары аймақтағы тұр­ғын­дар үшін ауылдық жер­дегі меди­циналық пункттер заман талабына сай болмай тұр. Себебі, уақытында қажетті ем қабылдамаған науқастар түрлі ауруларға шалдығып, асқы­нып кету қаупі тағы бар. Бүгінгі күннің өзекті мәселесіне ай­налған аталған саланы баса айтып, болашақта заманауи медициналық пункттер мен емханалар салуды қамтамасыз етуді нақты жоспар ретінде бекітті.

Президент өз Жолдауында жас өспірімдер­дің болаша­ғына алаң­даушылық білдіріп, келешек­терін инвестициялауды қолға алғаны құптарлық жайт болды. Мен бұл Ахмет Байтұрсынұлының «Ұлым дейтін ұлт болмаса, ұлтым дейтін ұл қайдан болсын» деген сөзінің практи­калық нұсқасы дер едім.

Бұдан өзге Жолдаудағы көптің талқысына түскен Президент пен Парламент сайлауы «Жаңа Қа­зақстан» құрудағы жариялылықтың бір көрінісі ретінде білінді. Бұл сайлауға түсуге ниетті топтардың дайындалуы­на және уақыт ресурстарын тиімді пайдалануына мүмкіндіктері жетерлік. Бұрындары «кезектен тыс сайлау кенеттен айтылып, уақыт тығыздығынан қатысуға өз кандидатурамызды ұсына алма­дық», дейтін оппозиция өкілдеріне де, бел­гіленген талапқа сай сайлау­ға түсе­мін деген жанға да қай жа­ғынан болсын мүмкіндіктер берілді. Енді «бақ шаба ма, бап шаба ма» дегендей, оны қараша айының соңына қарай біле жататын боламыз. Жолдаудағы тағы бір айтылған ой «Президент өкілеттігінің ұзақтығы жеті жыл, бір-ақ рет ұсынылады» деген. Бұл жеке бастың мүддесінен мемлекет мүддесі басым екенін және биліктің вертикалдығын төмендету турасында айтылған мәселе болды. Еліміз осылай бірте-бірте демократиялық бағытта дамуын жалғастыра беретінін президент алдымен өзінен бастауды жөн көргенді білдіреді. Сонымен қатар Парламент Мәжілісінің 30% жеке мандат арқылы сайланады. Бұл жекелеген тұлғалардың депутаттыққа сайлануына мүмкіндігі бар деген сөз. Өз пайымдауымша, алдағы Парламент Мәжілісінің сайлауы арқылы жаңа саяси элитаның іріктелуіне мүмкіндік туары хақ.

ГҮЛМИРА МЕРАЛИНА

13167 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

TENGE MONITOR №15

15 Сәуір, 2021

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Рымтай сағынбекова

“TENGE MONITOR” газетінің Бас редактордың міндетін атқарушы