• Ақпарат
  • 19 Қазан, 2022

Самарқанд автокөлік зауытының автобустарын таңдайды

Allison автоматты беріліс қорабымен жабдықталған SAZ LE60 автобустары 2017 жылдан бастап Қазақстанның ең ірі қаласы Алматы көшелерімен қатынап жүр. Жеке автопарк өкілдері осы автобустарды пайдаланған бірнеше жылдың қорытындысы бойынша басқарудың ерекше ыңғайлылығын, қалалық және қала маңындағы маршруттарға қызмет көрсеткен кездегі сенімділік пен жайлылықты атап өтті.

SAZ LE60 автобустарын Қазақстанның тәуелсіз тасымалдаушылары белсенді пайдаланады, олардың арасында алматылық «Самат-транс», «Олжас ЛТД» және BAS Trade компаниялары бар. Осы автокәсіпорындар өкілдерінің пікірі бойынша Самарқанд автокөлік зауытының автобустарының бірқатар артықшылығы бар — оңтайлы габариттері, мол жиынтықтамасы және техниканың басқарылуы мен тиімді пайдаланылуын қамтамасыз ететін Allison толық автоматты беріліс қорабының болуы.

Saz LE60 қалалық төмен еденді автобусын өзбекстандық SamAuto компаниясы шығарады. Модель Allison Torqmatic® 2100 (T2100) толық автоматты алты сатылы беріліс қорабымен біріктірілген, қуаты 190 ат күші бар төрт цилиндрлі Isuzu 4HK1-TCC қозғалтқышымен жабдықталған. Ұзындығы 8066 миллиметр және ені 2466 миллиметр құрайтын автобустың салонында 26 отыратын орын қарастырылған, ал оның жалпы сыйымдылығы 56 адамды құрайды. Бұған қозғалтқыштың көлденең орналасуы және артқы жағындағы трансмиссия арқылы қол жеткізілді. «Самат-транс» компаниясы алғаш рет SAZ LE60 автобустарын 2020 жылы сатып алған. Бүгінгі таңда тасымалдаушы паркінде ұзындығы үлкен қала маңындағы маршруттарда жұмыс істейтін осындай 80 машина бар.

«Автобустар Алматының өте ұзақ қала маңындағы маршруттарында жұмыс істеп жатыр, – дейді «Самат-транс» компаниясының бас инженері Жандарбек Сабдинов. – Бір машинаның күніне жүріп өтетін жолы 500 шақырымға жетуі мүмкін, ал күнделікті тұтынатын отын көлемі шамамен 80 литрді құрайды, бұл өте қолайлы көрсеткіш. Сонымен қатар Allison АБҚ бар автобусты басқарудың ерекше ыңғайлылығын атап өткен жөн».

Allison T2100 алты сатылы беріліс қорабы – бұл орта деңгейдегі қалалық және қала маңындағы автобустар үшін тиімді шешім. Оның берілістерді ауыстырып қосудың арнайы алгоритмі автобус қозғалтқышының оңтайлы жұмыс режимін қамтамасыз етеді, осылайша отын шығынын азайтуға, демек, парктің экономикалық тиімділігін арттыруға көмектеседі.

Allison AБҚ сенімді және тегіс үдеуді, сондай-ақ керемет маневрлікті қамтамасыз етеді. Жүргізушіге берілістерді ауыстырып қосуға алаңдаудың қажеті жоқ, бұл оған жол жағдайына көбірек көңіл бөлуге және рульді екі қолымен ұстауға мүмкіндік береді.

2017 жылы алғашқы машиналарды сатып алған «Олжас ЛТД» компаниясы SAZ LE60 автобустарын пайдалануда үлкен тәжірибе жинады. Жыл сайын өз автопаркін ұлғайта отырып, компания бүгінгі күні осындай автобустардың санын 44 бірлікке дейін жеткізді.

«Бұл машиналар тек қана қалалық маршруттарға қызмет көрсетеді, – деп «Олжас ЛТД» қамтамасыз ету инженері Жанатбек Сарсмбаев SAZ LE60 пайдалану туралы пікір білдірді. – Мұндай маршруттарға көптеген аялдамалар тән, мұнда автоматты беріліс қорабы бар автобус өзін жақсы жағынан көрсетеді. Осындай жұмыс режимінде механикамен жұмыс істейтін автобустың ілінісуін бірнеше рет ауыстыруға тура келер еді».

Allison автоматты беріліс қораптары сенімді және әсерлі ресурсқа ие. Олар ілінісудің тозуы сияқты автобустарды жөндеудің жиі себебін ұмытып кетуге мүмкіндік береді. Allison T2100 АБҚ үшін бүкіл техникалық қызмет көрсету әр 80-120 мың шақырым сайын май сүзгісі мен беріліс майын ауыстырудан тұрады.

Алматылық тасымалдаушы Bas Trade паркінде SAZ LE60 30 автобусы бар: 2020 жылы – 20 автобус, ал 2022 жылы тағы 10 автобус сатып алынды. Машиналар бір қалалық және бір қалааралық маршрутқа қызмет көрсетеді. Муниципалитеттің шешімімен бұл бағыттарға автоматты беріліс қорабымен және климатты бақылау жүйесімен жабдықталған автобустар ғана жіберіледі.

«Пайдалану мерзімі ең ұзақ болмағанына қарамастан, біз бұл автобустардың сенімділігі мен ыңғайлылығы туралы нақты қорытынды жасай аламыз, – дейді BAS Trade компаниясының бас механигі Игорь Завгородний. – 2020 жылы сатып алынған машиналардың жүріп өткен жолы 300 000 километрден асты, ал Allison қорабымен тек регламенттік жұмыстар ғана жүргізілді – май мен сүзгі ауыстырылды. Сонымен қатар біздің қалааралық бағытымыз өте ерекше екенін атап өткен жөн: ол биіктігі бойынша үлкен айырмашылықтары бар жермен жүреді және тек бір бағытта ғана 64 аялдамадан тұрады. Мұндай жағдайлар ілінісуді мүлдеп «құртып тастайды», автомат бұл жерде өте қажет».

Қазақстанның жолаушылар тасымалы нарығында болған бірнеше жыл ішінде SAZ LE60 автобусы өзін өте жақсы жағынан көрсете білді, сондықтан сауалнамаға қатысқан үш алматылық автопарк болашақта да осы машиналарды сатып алуға ниетін білдірді. Сонымен қатар автоматты беріліс қораптары бар қалалық автобустар біртіндеп «әдепкі» таңдауына айналып келеді, бұл көбінесе қалалық биліктің жолаушылар тасымалының қауіпсіздігі мен жайлылығына қоятын талаптарына, сондай-ақ тасымалдаушы компаниялардың өз паркін басқару міндетін жеңілдетуге деген ұмтылысына байланысты.

Нұрлан ҚҰМАР

 

13228 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

TENGE MONITOR №15

15 Сәуір, 2021

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Рымтай сағынбекова

“TENGE MONITOR” газетінің Бас редактордың міндетін атқарушы