• Ақпарат
  • 19 Қазан, 2022

Халықаралық сервиске ребрендинг жүргізілді

inDriver компаниясы ребрендинг өткізіп, атауын inDrive деп өзгертті, осылайша ол компаниялар тобына және коммерциялық емес даму бағдарламаларына айналмақ. Компанияның мақсаты – адамдардың өмірін тек жолаушылар тасымалы саласында ғана емес, сонымен қатар әділ бағамен тікелей мәмілелер жасауға болатын басқа нарықтарда да ыңғайлы және қарапайым ету.

Жаңа атау сабақтастықты сақтайды, сонымен қатар компанияның жаңартылған миссиясы мен құндылықтарын көрсетеді.

2012 жылы Якутск қаласындағы такси қызметтерінің әділетсіз баға келісіміне халық жауабы ретінде басталған inDriver сервиске айналды, ол арқылы пайдаланушылар бүкіл әлем бойынша күніне 4 миллионға жуық мәміле жасайды. Қосымша бес континенттің 47 елінің 707 қаласында жұмыс істейді және Play Market және AppStore-да ай сайынғы қосымша жүктеулерінің саны бойынша жолаушылар тасымалы қызметтері арасында жалпы сандық негізде 150 миллионнан астам жүктеумен әлемде екінші орында.

Даму барысында inDriver жолаушылар тасымалы шеңберінен шығып, қалалық қызметтердің маркетплейсіне айналды, оның көмегімен пайдаланушылар жұмыс іздейді, тұрмыстық қызметтерге, қалааралық сапарларға, жеткізілімге және жүк тасымалына тапсырыс береді. Қолданыстағы қызметтерді жетілдірумен қатар, компания жаңа стратегиялық сегменттерге – финтех, азық-түлік жеткізу, электрондық коммерция, сондай-ақ ауқымды коммерциялық емес даму бағдарламаларын да дамытатын болады.

Independent Drivers (Тәуелсіз жүргізушілер) — әлеуметтік желілердегі топтың атауы, қысқаша – inDriver. Компанияның жаңа атауы inDrive, ол — InnerDrive атауының қысқаша нұсқасы. Ол компанияның миссиясында мәлімделген Challenging injustice (Әділетсіздікке қарсы тұру) ішкі күш пен драйвты сипаттайды.

Ребрендинг—тек сыртқы өзгерістер ғана емес, бұл жаңа мағыналар мен мақсаттар, компанияның жаңа миссиясы, оның ДНҚ-сы.

inDrive әділетсіз, ашық емес жағдайлар қалыптасқан нарықтар мен өмір салаларын жүйелі түрде іздеуге және оларды қызметтің бүкіл желісі бойынша масштабтайтын балама модельдерді ұсынуға ниетті. Әңгіме қызметтердің құны күрделі алгоритмдермен және ашық емес схемалармен анықталатын нарықтар туралы болып отыр, осылайша баға әділетсіз болып шығады.

Өз миссиясына сүйене отырып, компания және оның акционерлері барлық үлкен ресурстарды IT, білім беру, экология, денсаулық сақтау, өнер және спорт саласындағы коммерциялық емес жобаларға бағыттайды.

Осындай бірқатар бағдарламалар ұзақ және сәтті жұмыс істеуде. Мысалы, аз қамтылған отбасылар мен жетім балаларға бастапқы IT-білім алуға мүмкіндік беретін BeginIT әлеуметтікбілім беру жобасын айтуға болады.

 

Уақыт өте келе мұндай жобалардың саны артады, біз үшін қызметтерге, білімге және өсу мен дамудың басқа мүмкіндіктеріне қол жеткізу мүмкіндігінше әділ болуы маңызды.

Жаңартылған inDrive брендінің алғашқы жаһандық жарнамалық науқанытехнологияны гуманизациялау идеясына негізделген. Өнеркәсіпте кең таралған машиналық алгоритмдерден айырмашылығы—peer-to-peer моделі бойынша жұмыс істейтін inDrive қосымшасы күрделі алгоритмдер мен ашық емес схемаларды қарастырмайды.

Нұрлан ҚҰМАР

 

13151 рет

көрсетілді

8

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

TENGE MONITOR №15

15 Сәуір, 2021

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Рымтай сағынбекова

“TENGE MONITOR” газетінің Бас редактордың міндетін атқарушы