• Мәдениет & Спорт
  • 27 Қазан, 2022

Гүлдене бер, Қазақстаным!

Мемлекеттік орталық музейде 25 қазан – республика күніне арналған «Гүлдене бер, менің Қазақстаным!» атты патриоттық іс-шара өтті.

Іс-шараның мақсаты – өскелең ұрпақты Қазақстан Республикасының даму және қалыптасу жолы туралы бі­лімдерін байыту, еліміздің тарихына деген қызығушылық пен құрметті қалыптастыру, патриоттық сезім мен туған жерге деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу. Мерекелік шараны Қазақстан Республикасы Ішкі әскерлері 804-ші полкінің бірінші командирі, полковник Союзжол Жұманов және Қазақстан Республикасы Мемлекеттік орталық музейінің директоры Рашида Ерімқызы ашты. Сондай-ақ әскери тәр­бие және әлеуметтік құқықтық жұмыс­тар бөлімшесінің аға көмек­шісі, капитан Ербол Отар­баев сөз сөйледі.

Іс-шара аясында келуші­лер назарына Ұлттық Ұланның «Жауын­­герлік жанұядай ұйыс­қан, ұлттық ұлан – елі мен хал­қына қорған» көрмесі ұсы­нылды. Шара барысында Қ.Сәтбаев атындағы №56 атын­­дағы гимназия, №92 Махатма Ганди атын­­дағы мамандандырылған лицей оқушылары «Қазақстан – мақтанышым» әнімен, «Біздің Отанымыз – Қазақстан» мәнер­леп өлең оқудан өнер көрсетті. Орал Таңсықбаев атындағы Рес­публикалық сәндік-қолдан­балы өнер колледжінен дәстүр­лі қолөнер түрлері, «Творим вместе» кескіндеме мектебі мен «Giraffe art school» қосымша білім беру орталығынан сәндік-қолданбалы өнер бойынша шеберлік-сабақтар өткізілді. Мерекелік күні музей кино­театрында «Көшпенді», «Біз осында тұрамыз» фильмдерінің көрсетілімі көрермендерге ұсы­нылды.

«Гүлдене бер, Қазақстаным!» патриоттық іс-шарасын өткізу өскелең ұрпақты адамгершілік-патриоттық тәрбиелеуге және шығармашылық тұрғыдан дамы­туға ықпал ететіні сөзсіз.

CАЛТАНАТ ҚАЖЫКЕН

 

158 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

TENGE MONITOR №15

15 Сәуір, 2021

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Рымтай сағынбекова

“TENGE MONITOR” газетінің Бас редактордың міндетін атқарушы