- Білім & Ғылым
- 27 Қазан, 2022
Маңызды жоба: Салауатты тамақтану әдетін қалыптастыру
Алматыда Қазақстанның мектеп оқушыларына арналған «А-дан Я-ға дейін салауатты тамақтану» атты жаңа СӨС бағдарламасының іске қосылуына арналған баспасөз-конференциясы өтті. Жоба мұғалімдер және ата-аналармен бірге бастауыш мектептен бастап балалардың салауатты тамақтану әдетін қалыптастыруға көмектеседі. Шараға Алматы мен Астана қалаларының білім беру басқармаларының өкілдері, Қазақ тағамтану академиясының мамандары, мектеп директорлары, блогер-ата-аналар мен курстың авторлары белсенді атсалысты.
Шараға құрметті қонақтар ретінде «Қазақ тағамтану академиясы» ЖШС тамақтануды оңтайландыру зертханасының меңгерушісі, биология ғылымдарының кандидаты Гүлнар Берденова, «Жекеменшік білім беру мекемелерінің қауымдастығы» ЗТҰ төрайымы Роза Садықова, сондай-ақ жекеменшік мектептердің белсенді директорлары қатысты.
Жаңа оқу жылында Алматы мен Астана қаласының мектеп оқушылары «А-дан Я-ға дейін салауатты тамақтану» оқу-әдістемелік кешені бойынша оқуды бастайды, кешен балалар мен ата-аналарға дәмді тамақтанудың және салауатты өмір салтын ұстанудың оңай және қызықты екендігі туралы түсінікті және қызықты формада әңгімелейді. Жоба өте өзекті сипатқа ие – балалардың, ата-аналар мен мұғалімдердің дұрыс тамақтану жайлы аз хабардар болуы артық салмағы бар және семірген балалар санының көбеюіне әкеледі.
Түрлі халықаралық және мемлекеттік ұйымдардың мектеп жасындағы қазақстандық балалардың арасында жуық арада жүргізген зерттеулері әрбір үшінші ауру асқазан-ішек жолы ауруларының үлесіне тиесілі екендігін, ал әрбір 5-ші баланың 9 жастан бастап семіруден зардап шегетінін көрсетті. Дәл сол себептен білім беру жүйесінің деңгейіндегі тиімді бағдарламалар қажет.
Курс мектепте элективті пән ретінде оқытылатын болады. Алайда оның шартсыз түрдегі артықшылығы – сабақтардың барлығын үйде ата-аналарымен бірге interneturok.ru порталында онлайн форматында өту мүмкіндігі бар.
«Danone Berkut» ЖШС пайдалы тамақ өнімдерінің өндірісімен тікелей байланысты әлеуметтік-бағытталған бизнес болғандықтан «А-дан Я-ға дейін салауатты тамақтану» білім беру жобасының құрылуына ұйытқы болып, мемлекеттің қолдауына ие болды. Компанияның көмегімен Алматы қаласында Білім беру басқармасының жұмыс тобы Қазақ тағамтану академиясымен бірлесе отырып 4-ші сынып оқушыларына арналған толыққанды элективті курсты әзірлеп шығарды», – деді «Danone Berkut» ЖШС бас директоры Тиаго Карнейро Дос Сантос.
«А-дан Я-ға дейін салауатты тамақтану» оқу-әдістемелік кешені – бұл Алматыдағы Білім беру басқармасының қалалық жаңа технологиялар ғылыми-әдістемелік орталығының сарапшылық кеңесінің шешімімен 4-ші сынып оқушыларымен сабақтан тыс уақытта оқытуға арнап ұсынылған элективті курс. Ол қазақ және орыс тілінде оқытылатын мектеп оқушысына арналған жұмыс дәптері мен мұғалімдерге арналған әдістемелік құралды қамтыған.
«Бұл жобаның басты артықшылықтарының бірі – баланы салауатты тамақтануға мотивациялаудың мүлде жаңа механизмдері тартылатын болады. Курс интерактивті болып табылады, мұның өзі балалар үшін маңызды әрі қызықты және оларды еліктіріп әкетуі мүмкін. Мектеп оқушыларына салауатты тамақтану үшін жағдай тудырумен және ол бойынша білімін қалыптастырумен, біз барлығымыз бірге дені сау ұрпақты өсіріп және табысты азаматтарды қалыптастырамыз! Біз бұл жобаның бүкіл ел бойынша дамуына мүдделіміз», – деп атап өтті Алматы қаласы Білім беру басқармасы бөлімінің басшысы Назгүл Биболова.
Шараның соңында Danone компаниясы, Алматы, Астана қалаларының білім беру басқармаларының төрағалары мен Жекеменшік білім беру мекемелері қауымдастығының өкілі өзара салауатты тамақтануды дәріптеуге арналған жобалар бойынша және сонымен байланысты түрлі шаралар мен бастамаларды жүргізу бойынша ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.
«А-дан Я-ға дейін салауатты тамақтану» оқу-әдістемелік кешенін Алматы қаласы ББ Қазақ тағамтану академиясымен бірлескен түрде «Danone Berkut» ЖШС-ның, Луи Бондюэль қорының және Ресей мен ТМД-дағы ең ірі білім беру онлайн-платформаларының бірі – Интернет-сабақтың демеушілік көрсетуімен әзірленді.
НҰРЛАН ҚҰМАР
13246 рет
көрсетілді0
пікір