• Кәсіпкерлік
  • 27 Қазан, 2022

Кәсіпкер әйелдерге қолдау көрсетілуде

Жақында Алматы қаласы «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасының ұйымдастыруымен Азия даму банкі директорлар кеңесінің бір топ мүшесі оңтүстік астанадағы әйелдер кәсіпкерлігін дамыту орталығында болды.

Іс-шара барысында Алматы қаласы Іскер әйелдер кеңесінің төрайымы Ақеркін Ералиева «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы мен Азия даму банкі орталықтарын құру жөніндегі жобаны іске асырудағы жеміс­ті ынтымақтастығын атап өтті. «Әйелдер кәсіпкерлігін дамыту орталықтары – әйелдер қауы­мының өз кәсіптерін бастауына, қабілеттерін дамытып  тәжірибе алмасуға және тәлімгерлермен жұмыс істеуіне арналған өзіндік алаң деп айтуға болады. Орталық негізінен көптеген халықаралық қорлар мен ұйымдар арасында өзара ынтымақтастық орнатып,оның басты мақсаты әйелдердің эко­номикалық белсенділігін арттыруда кәсіп ашқысы келетін немесе кәсіпкерлік саласындағы біліктілігін арттырғысы келетін көпбалалы аналарды оқуға жіберуіне көмектеседі. «Жалпы, біздің барлық инфрақұрылымдық жобаларымыз кәсіпкер әйелдердің сұранысын ескере отырып жүзеге асырудамыз және бұл бағытта республика бойынша 1800-ден астам мүшесі бар Іскер әйелдер кеңесі маңызды рөл атқарады», – деді А. Ералиева. Азия даму банкі директорлар кеңесінің мүшесі Серхио Лугареси банктің басымдықтарына қысқаша тоқталды. «Біз Азия даму банкі директорлар кеңесінің өкіліміз. Оның 11 мүшесі Қазақстанға елдегі АДБ жобаларының барысымен танысу үшін келді. Банктің 2030 жылға дейінгі ұзақ мерзімді стратегиясы бар, онда гендерлік теңдікке қол жеткізуді қоса алғанда, жеті негізгі басымдық кіреді. Біз сіздің әйелдер кәсіпкерлігін дамытудағы тәжірибеңіз бен табыстарыңызды және жобаны жүзеге асыру кезін­де кездесетін қиындықтар туралы білгіміз келеді», – деді Лугареси. Кездесу барысында «Атамекен» ҰКП басқарма төрағасының орынбасары Тимур Жәркенов Қазақстанның жиырмаға тарта өңіріне әйелдер кәсіпкерлігін дамыту орталықтарын құру жобасы ұлттық палата үшін стратегиялық маңызды серіктестердің қолдауының арқасында мүмкіндікке жеткенің атап өтті. Қазақстан үшін бұл бастама әйелдердің экономикалық белсенділігін ынталандыруға және әйелдер кәсіпкерлігі орталықта­рын тұрақты дамытуға бағытталған бірегей инновациялық жоба екен­дігін,аталған орталық қызметінің тұрақты даму саласындағы мақсаты мен еліміздің гендерлік стратегиясына және гендерлік саясатты жақсартуға, ерлер мен әйелдердің экономикалық мүмкіндіктерге тең қолжетімділігін арттыруға, Орта­лық Азия өңірлік экономикалық ынтымақтастығының гендерлік стратегиясына қол жеткізуге ықпал ететіндігін атап өтті төраға орын­басары. Спикер Түркістан қаласында өткен жылдың қарашада айында тұңғыш Әйелдер кәсіпкерлі­­гін қолдау орталығы құрылып, осы жылғы наурыз айының ор­тасына бастап Қазақстанның 17 өңі­рінде кәсіпкер әйелдерге қолдау көрсеткен. Орталықтар халықаралық озық тәжірибе негізінде құрылып, бизнес саласында табысты қажет­тіліктерге сәйкес 7905 әйелге қызмет көрсетіп отырғандығын «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы Әйелдер кәсіпкерлігін дамыту орталығының басшысы Нәзира Жақыпбаева жұмыстың басты нәтижесіне тоқталды.

ГҮЛМИРА МЕРАЛИНА

 

414 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

TENGE MONITOR №15

15 Сәуір, 2021

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Рымтай сағынбекова

“TENGE MONITOR” газетінің Бас редактордың міндетін атқарушы