- Мәдениет & Спорт
- 03 Қараша, 2022
ЕШКІ ӨЛМЕС ҮСТІРТІ

Алматы облысындағы Көксу өзенінің көркем әрі шұрайлы алқабы ертедегі адамдар үшін ерекше экологиялық тұрақ болып табылды. Ешкіөлмес үстірті мен Көксу өзені алқабынан б.э.д. ІІ мыңжылдық және б.з. ХІ ғасырына жататын көптеген археологиялық ескерткіштер, қорымдар мен петроглифтер табылған. Ешкіөлмес үстірті өзен бойымен созылып жатқан көне ғибадатханасымен ерешеленеді. Мұнда Құйған шатқалында және Көксу өзенінің оң жағалауында қола дәуіріне жататын Құйған және Талапты мекендері табылған. Жартастардағы көне суреттер таудың оңтүстік беткейіндегі зең басқан шоқыларда («қаратотық») шоғырланған. Мұнда тасқа қашалып салынған 10 мыңнан астам сурет бар, археологтар жыл сайын бұрындары мәлім болмаған суреттерді зерттеп, анықтайды.

242 рет
көрсетілді0
пікір
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *