• Өндіріс өрісі
  • 03 Қараша, 2022

Логистикалық тәуекелдерді азайту мақсатында

«Қазатомөнеркәсіп» Ұлттық атом компаниясы» акционерлік қоғамы уран өнеркәсібіндегі соңғы оқиғалар жиынтығы бойынша биылғы жылдың үшінші тоқсаны мен тоғыз айындағы операциялық қызметтің негізгі нәтижелеріне қатысты мәлімдеді.

 Үстіміздегі жылдың қыркүйе­гінде Лондонда соңғы үш жылда алғаш рет күндізгі форматта өткен Дүниежүзілік ядролық қауымдастықтың жыл сайын­ғы симпозиумында сала сарапшылары мен панельдік сессияларға қаты­сушылар қолданыстағы әлемдік атом паркін сақтаудың және БҰҰ-ның климаттық мақсат­та­рына қол жеткізудегі атом энергетикасының рөлін арттырудың аса маңыздылығына баса назар аударып,атом энергетикасы мен оның артықшылықтары және жалпы уран нарығына қатысушылар­дың бүгінгі жәй-күйі қоғам арасында жылы қабылдап жатырғандығын атады. Осы ретте конференцияның едәуір бөлігі сектордың жаһандық көміртегі шығарындыларын азайтуда шешуші рөл атқарудағы мүмкіндіктер талқыланған болатын. Симпозиум отырыстарында Ресей мен Украина арасындағы қақтығыстан туындаған қазіргі дамып келе жатқан саяси жағдай айтылып, бұл көптеген елдер үшін энергетикалық қауіпсіздік саясатын қайта қарауға және ядролық энергияны қауіпсіз, сенімді, масштабталатын және төмен көміртекті энергия көзі ретінде пайдалануды қарастыруға түрткі болғаны рас.Сонымен қатар қыркүйек айында Жапония бүкіл ел бойынша тұрақты энергиямен қамтамасыз ету үшін қосымша 7 ядролық реакторды тезірек қайта іске қосу жоспарын жариялағаны бар. Электр энергиясын жеткізудің ықтимал тапшылығына дайындық мақсатында үкімет пайдалануға рұқсат алған 10 реакторды қосқанда барлығы 17 ядролық реакторды жүзеге асыру жоспарланды. Одан басқа аталған елдің ядролық реттеу басқармасы елдегі реакторлардың ағымдағы максималды қызмет ету мерзімін ұлғайтуды да болашақтың еншісінде екендігін айтқан болатын. Қолданыстағы заңнамаға сәйкес, Жапонияда реакторлардың жұмыс істеу мерзімі 40 жылдан аспайды және мұқият тексеруден өткен жағдайда бір рет 20 жылға ұзартылуы мүмкін екендігін сарапшылар атаса, Қытай мемлекеттік кеңесі Гуандун провинциясындағы «Лянцзян» атом электр станциясы құрылысының бірінші кезеңі ретінде №1 және №2 энергия блоктарының құрылысын, №3 және №4 энергия блоктарын қамтитын Фуцзянь провинциясындағы «Чжанчжоу» атом электр станциясының екінші кезеңін ресми түрде мақұлдады. Бұл жаңа ядролық жобалар Қытайдың ұлттық энергетикалық жоспарларына енгізілді. Ал Қазатомөнеркәсіп Ресейге қарсы санкцияларға байланысты жағдайды және олардың дайын өнімді Ресей Федерациясы­ның аумағы арқылы тасымал­дауға ықтимал әсерін бақылауды жалғастыруда. Бүгінгі таңда бүкіл әлем бойынша Компания­ның клиенттеріне дайын өнімді жеткі­зуіне орай ешқандай шектеулер байқалмайды. Қазатомөнер­кәсіп үшінші тоқсанның келісімшарт­тағы көлемін өзінің тұрақты бағыты арқылы логистикалық сақтандырумен байланысты қандай да бір үзіліссіз немесе проблемаларсыз сәтті жөнелтілді. Кәсіпорын 2018 жылдан бастап балама маршрут ретінде қолданыстағы Транскаспий халықаралық көлік бағыты қандай да бір себептермен негізгі маршруттың қол жетімсіздік қаупін жоюға ықпал етуде. 7-класқа жататын ядролық материалдарды аумақтар арқылы тасымалдауды жүзеге асыратын сол юрисдикциялардың уәкілетті мемлекеттік органдарының рұқсатын алу қажет. Компанияның Қазақстандағы өз кеніштерінен Транскаспий халықаралық көлік бағыты арқылы 3 500 тоннаға дейінгі көлемде уран транзитіне рұқсаты бар екендігін ескерсек, осы квотаны ұлғайту жөніндегі жұмысты жалғастырып келе жатырғандығын айтуға болады. Егер бірлескен кәсіпорындардағы әріптестер Санкт-Петербург порты арқылы өтетін тұрақты маршрутта емес, өз өнімдерінің үлесін алуды таңдаған жағдайда, аталған бағыт бойынша өз әріптестеріне көмек көрсету жалғасын тауып отыр. Қара теңізбен Транскаспий халықаралық көлік бағыты арқылы уран өнімдерін тасымалдауда өз қызметін жүзеге асыратын коммерциялық кеме қатынасы компанияларының болмауына байланысты жалға алынған теңіз кемелерін пайдалануды талап етеді. Жалға алынған кемелерді пайдаланудың экономикалық тиімділігін арттыру мақсатында материал Грузияның Поти портында шоғырландырылады. Қазіргі уақытта Қазатомөнеркәсіптің белгілі бір өнім көлемі Транскас­пий халықаралық көлік бағыты арқылы Батыс нарықтарына транзит процесінде тұр. ҚАӨ-ға тиесілі жүк Поти портына еш қиындықсыз келді және бүгінгі уақытта соңғы межелі жерге одан әрі тасымалдауда кемені шоғырландыру және тиеу үшін қосымша материалдың келуін күтуде. Қазатомөнеркәсіпке тиесілі материалдың алдыңғы және ағымдағы жеткізілімдерінің транзиті межелі пунктте материалға меншік құқығын қабылдайтын түпкілікті тұтынушы алдындағы жеткізу жөніндегі ҚАӨ міндетте­мелері негізінде жүзеге асырылады. Осыған қарамастан, БК-дан шыққан қазақстандық шикізат БК-ның екінші серіктесіне Транскаспий халықаралық көлік бағыты бойынша жөнелтілгенде, транзиттік елдердің билігі БК мен БК-ның әлеуетті екінші серіктесі арасында жеткізу үшін мәліметтер мен тиісті құжаттарды сұратады. Қажетті құжаттар аталған бағыт арқылы өтетін юрисдикцияларда бірінші рет қарастырылғандықтан, кешігу қаупі артады. Қазіргі күні Поти портында күтіп тұрған ҚАӨ жүктерімен бірлесіп кейіннен шоғырландырылған тасымалдау жолында тұрған материал «Инкай» БК» ЖШС-нен келіп түскен және бұл жеткізу қазіргі уақытта кешіктірілуде. Егер партияның осы бөлігі немесе бірлескен компаниялар серіктестері операция жасайтын Транскаспий халықаралық көлік бағыты бойынша арқылы болашақ жеткізілімдер кешіктірілсе, мұндай жағдайда Компанияның шоғырландырылған сату және шоғырландырылған кіріс жөніндегі биылғы жылға арналған болжамдарына әсер ету қаупі бар. Уранды Қазатомөнеркәсіп немесе оның БК серіктестері жеткізсе де, ол батыстың конверсиялық кәсіпорындарына келгенге дейін өзінің шығу тегін өзгертпейді.

Компания үстіміздегі жылдың қазан айында Түркістан облысына жұмыс сапарымен барған премьер-министр Әлихан Смайыловты күкірт қышқылын өндіретін әлеуетті инвестициялық жобадағы зауытпен танысқандығын бұрын хабарлағанбыз. Бүгінгі күні қышқылға деген қажеттілікті растау және күтілетін құрылыс кестесі мен күрделі шығындарды бағалау үшін егжей-тегжейлі техникалық-экономикалық негіздеме әзірленуде. Бұл жобаны іске асыру 2022-2026 жылдар аралығында күтілуде. Зауыт Түркістан облысының Созақ ауданында теміржолдан тысқары Қазатомөнеркәсіптің кейбір кеніштеріне жақын жерде салынады деп болжануда, бұл күкірт қышқылын жеткізу бағытын едәуір қысқартады. 2024 жылға арналған өндірістік жоспарлар осы жылдың тамыз айында хабарлағандай, Қазатомөнеркәсіптің директорлар кеңесі компанияның 2021 жылғы құзыретті тұлғасын бұрын жарияланған есебіне сәйкес жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттар шеңберінде 28 691 тонна уранның жалпы жоспарланған деңгейімен салыстырғанда 2024 жылы өндіріс көлемін шамамен 10%-ға қысқарту жөніндегі компания­ның стратегиясын мақұлдады (CPR есеп 2021). 2023 жылғы 20% қысқарумен салыстырғанда 2024 жылы өндірістің шамамен 10%-ға төмендеуі, ең алдымен, компанияның жаңа және қолданыстағы клиенттермен орта және ұзақ мерзімді келісімшарттарды жалғастыруда ағымдағы портфелі 2024 жылғы қосымша көлемдер нарық­тық сұраныспен бекітіліп, Қазатом­өнеркәсіпті жеткізу бойынша келісімшарттық міндеттемелерді орындауға бағытталатынына жеткілікті сенімділік деңгейін қамтамасыз етеді. Осы шешімді іске асыру 2024 жылы уранның әлемдік бастапқы өндірісінің болжамды көлемінен 3 500 тоннаға дейін уранды алып тастауға алып келеді. 2024 жылы Қазатомөнеркәсіптің өндіріс көлемі, осылайша, 2021 жылғы CPR есебіне сәйкес жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттар бойынша 28 691 тонна уран өндірудің жоспарлы деңгейімен салыстырғанда, 25 000 – 25500 тонна уран (100% негізде) деңгейде күтілуде. 2023 жылмен салыстырғанда 2024 жылы жылдық өндіріс көлемінің күтілетін өсімі шамалы болса да, әлемдік жеткізу тізбегіндегі үзілістермен ағымдағы жағдайды ескере отырып, өндірістің осы көлемнен тыс кез келген артықшылықтар елеулі де күрделі жайттарға ұштасуы мүмкін деген пікірде екендігін білдірді сарапшылар.

Үшінші тоқсанда сұраныспен байланысты бірқатар маңызды жәйттер аталып, оның ішінде Ұлыбританияның Сомерсет қаласында 46 жылдан астам қауіпсіз жұмыс істегеннен кейін 6 шілде мен 1 тамызда «Хинкли Пойнт Б» атом электр станциясының №1 және №2 энергия блоктары біржола тоқтатылды.  Қытайдың Гуандун провинциясындағы «Люфэн» атом электр станциясының бесінші энергия блогында қытайлық HPR-1000 жоғары қысымды реактор (Hualong One) қолданылады. Шілде айында Росатом корпорациясы Түркиядағы «Аққую» атом электр станциясының төртінші энергия блогында бірінші бетон құю және жаңа ВВЭР-1200 реакторының құрылысын бастау туралы ақпаратты жариялады. «Аққую» атом электр станциясы бір уақытта Росатом салған төрт блоктан тұрады және Түркияда салынып жатқан алғашқы атом станциясы. Росатомның дерегі бойынша шілде айында «Эль-Дабаа» атом электр станциясының бірінші энергия блогы үшін алғашқы бетон құйылып, бұл Египетте алғашқы коммерциялық атом станциясының құрылысын бастаған еді. Құрылыс аяқталғаннан кейін станцияда қуаты 1200 МВт болатын төрт ВВЭР-1200 реакторы орналастырылады. Жазғы температураның жоғарылауына және энергия тапшылығына орай Калифорния заң шығарушылары «Диабло каньоны» штатының соңғы жұмыс істеп тұрған атом электр станциясының операторы Pacific Gas & Electric Company компаниясына станцияның қызмет ету мерзімін тағы бес жылға (2030 жылға дейін) ұзарту үшін 1,4 миллиард АҚШ доллары көлемінде несие беру туралы заңды мақұлдады. Мексикадағы Федералды электр комиссиясының есебіне сәйкес, Веракрус штатындағы «Лагуна-Верде» атом электр станциясы 30 жылға қызмет ету мерзімін ұзартуға рұқсат алды. Тамыз айында берілген лицензия 2055 жылдың 10 сәуіріне дейін жарамды.

ГҮЛМИРА МЕРАЛИНА

 

801 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

TENGE MONITOR №15

15 Сәуір, 2021

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Рымтай сағынбекова

“TENGE MONITOR” газетінің Бас редактордың міндетін атқарушы