• Қаржы
  • 03 Қараша, 2022

Банк саласы меншік қорын нығайтуда

Қазақстандық банктер босалқы қорын одан әрі нығайта түсуде. Республикадағы екінші деңгейдегі банктердің реттеуші меншік капиталдары бірден 10 пайызға артқан деп жазады өз порталында ranking.kz.

Биылғы жылдың 1 қыркүйе­гіне, жоғарыда жазғандай, респуб­ликадағы екінші деңгейдегі банк­тердің (ЕДБ) реттеуші меншік капиталы 5,8 трлн теңгені құраған, бұл өткен жылдың тиісті кезеңіне қарағанда 10,1%-ға артық. Соңғы бес жылда көрсеткіштің біртіндеп өсуі, орта есеппен алғанда жылына 14%-ға артқаны байқалады.

Жалпы алғанда, ЕДБ-нің меншік капитал түрінде айтар­лықтай босалқы қорлары бар: мәселен, негізгі капиталға жеткі­ліктілігі коэффициентінің k1 нормасы 17,6% құраса, k2 – 20,9% құ­ра­ған, сөйтіп, бұл қолданыстағы заң­дылықпен бекітілген деңгей­лерден айтарлықтай асып түсіп, сектордың ықтимал тәуекелдерін жауып тастауды қамтамасыз етіп отыр.

Меншік капиталы көлемінің ауқымдылығы еліміздегі банк секторының тұрақтылығына жағымды әсерін тигізетінін халық­аралық рейтингтік агенттіктер де растайды. Соның ішінде Fitch Ratings еліміздің ЕДБ-тері капиталының айтарлықтай қоры барын және лайықты өтемпаздығы салдарынан сыртқы әсерлерге орнықтылығын көрсетті, сондай-ақ жақсы табыстылық танытты деп атап көрсетеді (1-инфографика).

Жекелеген банктерге қатысты айтар болсақ, пруденциялық нормативтердің орындалуын капитал қорлары да, қаржылық тұрақ­тылық та айқын дәлелдей алады. Аса ірі ЕДБ-тер арасында меншік капиталы жеткіліктілігінің мейлінше жоғары деңгейін Jusan Bank танытты. Негізгі капитал жеткіліктілігінің k1 коэффи­циенті 29,9% құраған, бұл – Ұлттық банк белгілеген норматив­термен салыстырғанда 4 есеге жуық артық. Сонымен қатар, атап өткеніміз­дей, меншік капиталының k1-2 коэффициенті 29,9% құраса (рет­теушінің 8,5% нормативінен 3,5 есе артық), меншік капиталының k2 коэффи­циенті – 49,6% (10% нормативтен 5 есе артық). Банктердің мұндай жоғары мәндерге ие болуы олардың салымшылар алдында өз міндеттемелері бойынша жауап бере алатынын дәлелдейді және тұрақтылық деңгейі жоғарылығын айқындайды (2-инфографика).

Көрсеткіштері бойынша атал­ған банктің ізін ала тұрғын үй құрылысы жинақтары жүйесі аясында жұмыс істейтін мемлекеттік Отбасы банк келеді. Бұл қаржы институтының меншікті капиталы жеткіліктілігінің k1 коэффи­циенті 29,5%, k1-2 – 29,5%, k2 – 29,5% құрапты. Бұл көрсеткіштер де реттеу­ші талаптарынан айтар­лықтай артық.

Үздік үштікті Forte Bank қоры­тындылайды: меншікті капитал жет­кі­лік­тілігінің k1 коэффи­циенті 19%, k1-2 – 19%, k2 – 19,7% құраған.

Жалпы алғанда, меншікті капиталдың жеткіліктілігі банк сенімділігінің неғұрлым маңызды көрсеткіштерінің бірі болып табылады және қаржы институтының орын алуы мүмкін қатерлерді клиенттерге ауыртпалық салмай, өз есебінен шеше аларлық мүм­кіндігін айқындайтын факт болып табылады.

ИСА ҚАМБАР

 

1891 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

TENGE MONITOR №15

15 Сәуір, 2021

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Рымтай сағынбекова

“TENGE MONITOR” газетінің Бас редактордың міндетін атқарушы