• Ақпарат
  • 17 Қараша, 2022

Әлеуметтік сала қызметкерлері құрметтелді

Әлеуметтік сала қызметкерлері күніне орай Талдықорғандағы Салтанат сарайында осы сала мамандарына құрмет көрсетілді. Жалпы облыста әлеуметтік қызметтің барлық түрлерімен 11 мыңнан астам адам қамтылған, 73 мың адам жалпы сомасы 5,5 млрд. теңгеден асатын әлеуметтік көмек алды, соның ішінде 7 мың отбасына атаулы әлеуметтік көмек беріліп отыр. Кедергісіз орта құруға бағытталған жұмыс жалғасуда. 2025 жылға дейін өңірде әлеуметтік-көлік инфрақұрылымының 535 объектісін бейімдеу жоспарлануда, оның 104-і биыл аяқталуы тиіс, оған жергілікті бюджеттен 282 млн. теңгеден астам қаржы бөлінген.

Облыс әкімінің атынан әлеу­меттік сала қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен облыс әкімінің орынбасары Рустам Али құттықтап, азаматтарды әлеу­меттік қолдау – өңірдің басым бағытының бірі екенін атап өтті. «Осындай қиын да жауапты жұ­мыс­қа бар күш-жігерін арнап жүрген барша жанға шын жүрек­тен ыстық ықыласымды білдіре­мін. Жүзі жылы, жүрегі кең, ала­қаны аялы, сөзі шипалы өзде­ріңіз­дей ізгі жандардың ерен еңбе­гі қандай құрметке де лайық», – деді Р.Али өз құттық­тауында.

Кәсіби біліктілігі мен қа­жыр­лы еңбегі үшін ол бірқатар аза­маттар мен мекемелердің үздік­теріне облыс әкімінің Алғыс хаты мен Құрмет гра­мотасын табыстап, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің «Еңбек ардагері» медалі мен «Әлеуметтік-еңбек саласының үздігі» төсбелгісін тақты.

Сол сияқты номинациялар бойынша марапаттар берілді. Мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған Қаратал күндізгі болу орталығы «Үздік меди­ци­налық-әлеуметтік мекеме» атанса, «Мейір-Талды­қорған» мүгедектерді қолдау қоғамдық бірлестігі үкіметтік емес ұйымдар арасында топ жарды.

НҰРЛАН ҚҰМАР

 

12295 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

TENGE MONITOR №15

15 Сәуір, 2021

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Рымтай сағынбекова

“TENGE MONITOR” газетінің Бас редактордың міндетін атқарушы