- Мәдениет & Спорт
- 17 Қараша, 2022
ЖАТАҒАН (ШРЕНК) ШЫРШАСЫ

Жатаған шыршасы Тянь-Шаньның эндемигі және реликті болып саналады. Өйткені бұл ағаш сонау мұз дәуірінен бері осы жерде, Солтүстік Тянь-Шань тауларында орманды алқап болып өседі. Сондықтан да оның екінші атауы Тянь-Шань шыршасы деп аталады. Түрген өзені атырабында көне Шынтүрген мүкті шыршасы сақталған. Жатаған шыршасының ағаштары 60 метр биіктікке, діңі 2 метрге дейін жетеді. Шренк шыршасының тәжі ұзынша пирамида пішінді, тік әрі биік келеді. Шырша таулардың солтүстік баурайларында өседі. Биік белдеуде қалың өскен шренк ормандары кездеседі. Солтүстік Тянь-Шаньның таулы экожүйесінде шренк шыршасының ормандары екі маңызды қызмет атқарады: бірі – топырақ қорғау болса, екіншісі – су қорғау. Шренк шыршасының орманды алқаптары Алматы қорығы мен Жетісудың Іле Алатауы, Көлсай көлдері және Жоңғар Алатауы ұлттық қорықтарында сақталған.

71 рет
көрсетілді0
пікір
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *