• Аймақ тынысы
  • 17 Қараша, 2022

Ұлттық палата: Реформалау үш кезеңде жүргізіледі

«Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы өңірлік желіні нығайтып жатыр. Мәселен, «Атамекен» съезінің шешімімен ұлттық палатаның Абай, Жетісу және Ұлытау облыстарында өңірлік филиалдары ашылды.

«Кәсіпкерлер палатасы үшін өңірлермен байланыс­та болу маңызды. Кең ауқым­ды қамтудың арқасында біз қалалар мен аудандардың кә­сіп­керлерін қаржылай емес қолдаумен қамтамасыз ете аламыз, құқығын қорғап, бизнес жүргізуге жағдай жасауды нығайта аламыз, мемлекеттік органдармен келіссөз жүргізуді күшейтеміз. Өз кезегінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев кәсіпкерлерге жолдаған үндеуінде ұлттық кәсіпкерлер палатасы мемлекеттің толыққанды серіктесі болғанын айтты. Біз бұл жұмысты жалғастырамыз», – деп қосты Алматы қаласы кәсіпкерлер палатасының директоры Айтуар Қошмамбетов.

Абай және Жетісу облыстарында өңірлік кеңеске шағын, орта және ірі бизнестің 25 өкілі, Ұлытауда – 15 өкіл қосылады.

Съезд офлайн режимде өтті. Оған еліміздің барлық өңірлері­нен 300-ден аса делегат қатысты. Отырыстың күн тәртібінде 9 мәселе қаралды. Олардың ішін­де облыстар, республикалық маңызы бар қалалар және аста­наның кәсіпкерлер палаталары өңірлік кеңестерінің сандық құрамын айқындау; ҰКП төрал­қасының өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату және жекелеген мүшелерін сайлау, ҰКП бас­қармасының өкілеттік мерзімін бекіту мәселелері бар.

«Атамекен» ҰКП трансформациясы бойынша жаңа тәсілдер: макроэкономикалық тұрақтылық, экономиканы әр­тараптандыру, цифрландыру, шағын және орта бизнесті, адами капиталды дамыту, заңның үстем­дігін қамтамасыз ету болмақ.

«Атамекен» ҰКП жаңа бас­қармасы алдына қойған мін­дет­тердің бірі – сараптаманы шоғыр­ландыру. ҰКП-ның салалық сараптамасы Мемлекет басшысының және үкіметтің сала­лық даму стратегияларын сапалы тұжырымдау мәселеле­рінде көмекші болуға тиіс», – деп толық­тырды Айтуар Кошмамбетов.

Ұлттық палатаны реформалау 2025 жылға дейін үш кезеңде жүргізілетін болады.

АЙЖАН ЖАСБАТЫРҚЫЗЫ

 

90 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

TENGE MONITOR №15

15 Сәуір, 2021

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Рымтай сағынбекова

“TENGE MONITOR” газетінің Бас редактордың міндетін атқарушы