• Отандық өнім
  • 17 Қараша, 2022

Халал өнімдерін сертификаттаудың артықшылы неде?

Қазақ халқы ежелден алдындағы ас-суына ерекше мән берген. Асқа еш қоспасыз, таза табиғи өнімдерді қолданып, денсаулыққа қауіпті әрекеттерден бас тартып отырған. Ал қазіргі уақытта қалай? Әр үйдің ас мәзірінен ептеп болса да қоспалар араласқан өнімдердің табылатынын жоққа шығара алмаймыз. Оның құрамын тексеру үшін уақыт та, білім де жеткіліксіз.

Десекте, қазіргі таңда экология­лық таза, санитарлық нормаға сай халал өнімдерін шығаруға ерекше көңіл бөлініп жатыр. Әлем бойынша тұтынушы нарықтағы мұсылман халқының саны 1,8 млрд адамды құраса, жаһандық халал нарығының жылдық айналымы 2 трлн АҚШ доллардан асады екен. Соңғы жылдары елімізде халал өнімдеріне деген сұраныс артып, отандық өндірушілер қатары көбейіп келеді. Осыдан он шақты жыл бұрын Халал таңбасы тек еттен жасалынған шұжықтар мен шұжық өнімдерінде болғаны белгілі. Қазіргі таңда халал өнімдерін өндіретін кәсіпорындар қатарына құс фабрикалары, кондитерлік, ұн, қамыр өнімдеретін кәсіпорындар, емдік-профилактикалық өнімдер, косметика, сусын, жарма, шикі­заттар өндіретін кәсіпорындар, қоғамдық тамақтану орындары, ет өнімдерін шығаратын цехтар мен қасапханаларға толықты. Бұл ретте Сауда және интеграция министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің мамандары елімізде аталған өнімдерді өндірушілер мен көрсетілетін қызмет түрлеріне «Халал» куәліктері мен сертификаттарын беретін ұйымдардың жауапкершіліктен тайсақтап жататыны, стандарқа сай емес өнім­дер анықталған жағдайда аталған ұйым­дардың ешқайсысы жауапқа тартылмайтындығын айтуда.Өйткені, жауапкершілікке тарту нормалары қарастырылмаған екен. Бүгінгі күні елімізде халал сертификатын алған 1000-нан аса компания болса, отандық өндіріс орындарының әлемдік нарыққа өнім шығаруына кедергілер көп. Олардың бастысы – әр елдің өзінің стандарттау жүйесі, яғни, бір елдің талаптары екінші елге келе бермейтіндігінде. Халал өнімдеріне техникалық регламент бойынша белгіленген де­кла­рациялауға жататын міндетті талаптар барлығын ескерсек, оған өндірушінің өзі қосымша халал талаптарына сай болу міндеттемелерін өз еркімен қабылдайды. Өндіру­ші сертификатталған уақытында стандарттық талаптарды орындауды міндетіне алады. Бұл талаптар бұзылған жағдайда заңнамалық жауапкершілікке тартылуы тиіс. Дәл бүгін Халал сертификаты бар барлық ұйымдарды аралап шықса, шамамен 40-50% олардың сәйкестігін дәлелдей алады деп айтуға болады. Ал қалғандары Халал туралы айтпағанда, өздерінің негізгі сани­тарлық нормаларға сәйкестігін көр­сетпейді. Бірақ Халал нарығының мүмкіндіктерін ескерген де жөн дейді сала мамандары. Халал өнімдері­нің тұтынушылары ислам дінінің барлық канондарын орындайтын және ұстанатын мұсылмандарға ғана сенеді. Алайда, іс жүзінде олай емес. Халал мұсылмандарды ғана емес, мұсылман емес халықты да қы­зықтырады. Өйткені, дұрыс жолға қойылған Халал жүйесі тұтынушы үшін өнімнің сапасы мен қауіпсіздігін қамтамасыз етуде санитарлық нормалар, қауіпсіздік және сапа нормалары бойынша барлық базалық талаптар тиісінше орындалуы шарт. Алдағы уақытта елімізде аккредиттелген Халал сертификаттау жүйесін сауатты құруды, мәселен, Халал сертификаттау органдарын аккредиттеудің бірыңғай тәсілін әзірлеуді, оларды сертификаттаудың біртұтас жүйе­сін енгізуді, аталған өнімдердің өндірісі мен сатылуын халықаралық талаптарға сәйкес реттеуді, өндіру­шілердің жауапкершілігін арттыруды, отандық тұтынушылардың халал өнімдеріне деген сенімін қайтарсақ, шет ел нарығында экспортталатын осы өнімдердің көлемін ұлғайтуды жүзеге асыруға қол жеткізер едік деп отыр мамандар. Ең бастысы, өндірушілерді жоғары сапа талаптарына сай итермелейтін қозғаушы күш тұтынушы екендігін ескеру керек. Бірақ осыған қарамастан, елді сапалы өніммен қамтамасыз етуде жауапкершілік мемлекет тарапынан болуы тиіс. Мемлекет өнім­нің қауіпсіздік жүйесін жаһандық жоғары деңгейде қамтамасыз етсе, тұтынушылар өнімнің сапасы серти­фикатталған ба, қауіпсіз бе, жоқ па деген сұраққа алаңдамауы керек, –дейді мамандар.

ГҮЛМИРА МЕРАЛИНА

 

371 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

TENGE MONITOR №15

15 Сәуір, 2021

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Рымтай сағынбекова

“TENGE MONITOR” газетінің Бас редактордың міндетін атқарушы