• Бизнес & Қоғам
  • 17 Қараша, 2022

Экологиялық мәселелер шешімін күтеді

Исатай ҚАМБАРОВ,

журналист-сарапшы

e-mail:isakambar@list.ru

Таяуда экология министрі Серікқали Брекешев республиканың оңтүстік өңірлеріне жұмыс сапары барысында Тараз қаласында Жамбыл облысының тұрғындарымен және үкіметтік емес ұйымдардың, қауымдастықтардың өкілдерімен кездесті. Министр өз сөзінде жалпы республика бойынша министрлік қызметінің негізгі мәселелерін, сондай-ақ Жамбыл облысы бойынша мәселелерді сөз етті, деп хабарлайды ortcom.kz.

Кездесу барысында аса маңызды эко­логиялық мәселелердің, атап айтқанда – атмосфералық ауаның ластануы, қалдықтарды басқарудың жетілмеген жүйесі, ескірген кәріз тазарту құрылғылары және Тараз қаласының өнеркәсіптік бөлігінде «Қазфосфат» серік­тестігінің қалдықтар (фосфогипс) үйінді­ле­рі үлкен мәселе болып табылатынына көңіл бөлінді.

Жамбыл облысындағы экологиялық мәселелерді шешудің Жол картасында 15 іс-шара қарастырылған. Оның бесеуі аяқталды, деп мәлімдеді министр.

Айта кету керек, тұрғындардың наразылығын тудыратын тағы бір мәселе – бұл Тараз қаласында кәріздік тазарту құрылғыларының болмауы. Тараз қаласы – тазарту құрылғылары жоқ және ағынды сулар ескірген сүзгі алаңдарына ағатын жалғыз облыс орталығы. Тазарту құрылғыларының болмауы Жамбыл ауданына жақын орналасқан елді мекендердің тұрғындары үшін ауыз су сапасының нашарлауына алып келеді, сондай-ақ ауыл шаруашылығы жерле­рінің батпақтануына және елді мекендерді су басуына ұшыратып отыр. Осындай ұқсас жағдай облыстың барлық орталық аудандарында және оның ішінде Шу, Жаңатас, Қаратау сияқты шағын қалаларында да орын алған.

Облыс әкімдігінің ақпараты бойынша, Тараз қаласында жаңа кәрізді тазарту кешенін салу жоспарлануда. Ведомство басшысы төтенше экологиялық жағдайды болдырмау үшін әкімдік бұл жұмысты жеделдетуі қажеттігін атап өтті.

Сонымен қатар, мәселелерді шешу үшін әкімдік қатты тұрмыстық қалдықтар поли­гондарының жай-күйін жақсарту және оларды тиісінше жайластыру жөнінде шаралар қабылдауы қажеттілігі айтылды. Сондай-ақ өңірдегі коммуналдық қалдықтарды басқару жөніндегі жағдай туралы халықты хабардар ете отырып, коммуналдық қалдықтарды жинау, сұрыптау және қайта өңдеу саласына шағын және орта бизнес субъектілерін белсенді тарту және кешенді жұмыс үшін әкімдік коммуналдық қалдықтарды басқару жөніндегі бағдарламаны әзірлеп, бекітудің маңыздылығы айтылды.

Геологиялық саланы дамыту мәселелері бойынша Жамбыл облысы жер асты суларының барланған қорының саны жөнінен республикада үшінші орында және тұщы сумен ең мол қамтамасыз етілген өңірлердің қатарында.

Пайдалы қазбалардың ішінде игерілуі және барланған қоры бойынша фосфориттер басым, олардың қоры Қаратау фосфориттік бассейнінде шоғырланған. 5 жылдық кезеңде еліміз бойынша 680 мың шаршы шақырымнан астам аумақта жер қойнауын зерттеу, оның ішінде Жамбыл облысында 26 мың шаршы шақырым аумақта өңірлік геологиялық зерттеу жұмыстарын жүргізу жоспарланып отыр.

Жамбыл облысында жаңа суармалы жерлерді айналымға енгізу бағытында белсенді жұмыстар жүргізілуде. Мәселен, Дүниежүзілік банк пен Еуропалық қайта құру және даму банкі бөлген несиелік қаражат есебінен облыстың су шаруашылығы және гидромелиоративтік жүйелерін қайта құру бойынша екі жоба жүзеге асырылып жатыр. Осы ретте 6 ауданда 315 каналды қайта жаңғырту көзделген. Бұл 66,3 мың гектар суармалы жерді сумен қамтамасыз ету жағдайын жақсартуға мүмкіндік береді.

Тасқын суларды жинақтау үшін 2025 жылға дейін еліміздің алты аймағында 8 жаңа су қоймасын салу жоспарланып отыр. Ведомство басшысының айтуынша, олардың қатарында Жамбыл облысында үш, атап айтқанда Ырғайты, Қалғұты және Ақмола су қоймалары салына­тын болады. «Балық шаруашылығын дамыту саласында да бірқатар жұмыстар жүргізілді. Саланы дамытудың 2030 жылға дейінгі бағдар­ламасы бекітілді. Бағдарламаға сәйкес 2030 жылға дейін өңір бойынша 8 мың тонна балық өсіру жоспарланған. Жыл басынан бері жоспардағы 464 тонна орнына қазірдің өзінде 483 тонна (104 пайыз) балық өсірілді», – деп түйіндеді С.Брекешев.

2301 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

TENGE MONITOR №15

15 Сәуір, 2021

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Рымтай сағынбекова

“TENGE MONITOR” газетінің Бас редактордың міндетін атқарушы