• Өндіріс өрісі
  • 24 Қараша, 2022

«ҚазМұнайГаз» акциясы қанша тұрады?

Алматы қаласында «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ (ҚМГ) өкілдері бөлшек инвесторлармен кездесті. Жиын «Астана» халықаралық қаржы орталығының биржасы (Astana International Exchange, AIX) мен Қазақстан қор биржасына (KASE) шыққан ҚМГ-нің жергілікті IPO-сын жан-жақты және кеңінен таныстыру мақсатында ұйымдастырылған роудшоу шеңберінде өтті.

Кездесуде спикерлер ретінде Дәурен Ақшалов, «Самұрық-Қазына» АҚ комплаенс қызметі­нің басшысы, Мақсат Байзатов, «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ қаржы департаментінің жетекші маманы, сондай-ақ компанияның қаржы кеңесшісілері командасы­ның өкілдері Василий Малахов, bcc invest бөлшек сауда департаментінің басшысы, Бахыт Нурдавлетов, «SkyBridge Invest» АҚ трейдинг департаментінің директоры, Жанна Нуралина, Halyk тобының сату департаментінің директоры, Шолпанай Умирбаева, Halyk тобының сату департаментінің менеджері және Ермек Толендинов, «Фридом Финанс» АҚ клиенттерді тарту департаментінің бөлім бастығы сөз сөйледі.

Іс-шара барысында аудито­рияға ҚМГ қызметі, инвес­тициялық тартымдылық факторлары және компанияның дивиденд бойынша саясаты туралы толық ақпарат, сондай-ақ IPO шеңберінде акцияларды жариялау шарттары және оларды сатып алуға өтінім беру рәсімі туралы мәлімет ұсынылды.

«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ роуд­шоуының шеңберінде бөл­шек инвес­торлармен кездесулер 17 облыс орталықтарында және респуб­ликалық маңызы бар қалаларда өтті. Таяуда ғана «Самұрық-Қазына» АҚ және Қазақстанның мұнай-газ саласының көшбасшысы «Қаз­МұнайГаз» ҰК АҚ акцияларын бастапқы жария ұсына­тынын (IPO) растады, оның барысында қор ҚМГ-нің өзіне тиесілі 90,42% акцияларынан компанияның 30 505 974 жай акциясын сатады. Осылайша, IPO шеңберінде ұсынылған акциялар көлемі ҚМГ-нің жарияланған барлық акциясының жалпы санының 5%-на дейін жетеді.

ҚМГ IPO-сы Қазақстан Рес­публи­касының Үкіметі бекіт­кен жекешелендірудің 2021-2025 жылдарға арналған Кешенді жос­парын жүзеге асыру барысында өткізіліп жатыр. ҚМГ-нің IPO-ға шығарылған бір жай акциясының құны – 8 406 теңге.

НҰРЛАН ҚҰМАР

113 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

TENGE MONITOR №15

15 Сәуір, 2021

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Рымтай сағынбекова

“TENGE MONITOR” газетінің Бас редактордың міндетін атқарушы