• Мәдениет & Спорт
  • 24 Қараша, 2022

Сан салалы бояуларды бір арнаға тоғыстырған суретші

Әбілхан Қастеев атындағы мемлекеттік өнер музейінде белгілі заманауи қазақстандық суретші Салтанат Сәдібекованың «Бояулар мерекесі» атты көрмесі ашылды.

Қылқалам шеберінің көрмесіндегі туындылар жарқын әрі қанық палитрасымен бір көргеннен келушілер назарын өзіне тартты.

Оқып жүрген кезінде ақ Салтанат белгілі бір сәттің сүйкім­ділігіне қарап көргендерінен алған әсерлерін шебер жеткізген импрессионист суретшілерге қатты қызығушылық танытқан. Өзінің сүйікті суретшілері сияқты, Сәді­бекова үнемі эксперимент жасап, біресе таза бояуларды түтіктен тікелей кенепке сығып, бояп, туындысын импрессионистерше ұсақ бояулармен аяқтаса, енді бірде қарама-қарсы түрлі-түсті көлеңкелер шығару үшін қара түсті немесе қою көк кобальтты пайдаланады екен.

Жас суретші француз және орыс пост-импрессионист және авангард суретшілерінің поле­микалық жұмыстарына ерекше көңіл бөліп,оның туындысында өзіне тән қарама-қарсы түстер, жеңіл геометриялық пішіндер, объектілерге бірнеше көз­қарастардың үйлесімі көрінеді. «Бұл әсерлер перспективаны өзгертеді және барлық жоспарларды біртұтастығын біріктіруге ықпал етеді. Дамуды жалғастыра отырып, оның шығармашылық тәсілі өзгеріп, ұзақ уақыт бойы алған көптеген білімін «өзінің» біртұтас білімімен ұштастырады», – дейді көрме жетекшісі Мария Копелиович

Бүгінгі таңда Сәдібекова біз­дің мәдени өмірімізге берік енген «сәндік кескіндеме» стилінде жұмыс істеп, ол латынның «decus» сөзінен шыққан, «безен­діру» деген мағынаны білдіретін, декоративтілік көркем шығарманың көркемдік дизайнын толықтыруда. Әр суретіндегі талғампаздығымен, сәндік формасымен, бөлшектерді мұқият өңдеуімен ерекшеленетін өнер туындыларының айрықша сапасына байланысты көрініс тапқан. Сурет­ші түсті туындының өзін-өзі бас­­қаратын объектісі ретінде түсіндіреді. Сонымен қатар ол түс пен сызық, пәндік пішін және үш өлшемді кеңістік арасындағы көрнекі диалогқа да қызығушы­лық танытады. Мәселен, күздің суреттерін салуда Салтанат күзгі ашық табиғи түстерді пайдаланып, екінші және үшінші жоспардағы үнсіз тондардың, ақ дақтардың қарама-қайшылықтарының және бірінші жоспардағы қараңғы сызықтық үлгісінің арқасында оларды күйдіріп, жарқыртандырған. «Шарын шатқалы» туындысында жаздың аптап ыстық күні бейнеленген, онда аспанның қанық көк түстері «әлсіреген», ал құлыптар аңғары шөлейттің ыстығына толы. Биіктігі 300 метр және 12 миллион жыл болған шөгінді жыныстардан тұратын көлемді монументалды табиғи ескерткіштер бірінен соң бірі бейнеленген. Осы шығарманы қарастыратын көрерменге Шарынмен байланысты кез-келген гипербола, метафора, эпитеттің сыры ашылады. Сәдібекова кенептерге алдын-ала эскиздер жасамайтынын, бірақ, бос кенепке «көлеңкесіз сызықтармен» сурет салатынын, одан кейін ғана жұмыс «жоғарыдан аян түрінде келетін колористикалық шешіммен» аяқталатынын айтады. Кейде суретші әртүрлі әлем халықтарының ертегілері қатар келетін сюжеттерге назар аударатыны да бар. Ол ежелгі әлемнің мәдениетіне көңіл бөліп, бұл суретшіге кітаптарға емес, интерьерді безендіруге арналған «миниатюралар» түрін жасауда бұрынғы шеберлердің тәжірибесін пайдалануға мүмкіндік береді. Кейде суретшінің жұмысы тарихи тақырыпқа деген айтарлықтай қызығушылықпен көрінеді. Ол үшін жалпыадамзаттық мәсе­лелерге, міндеттерге және оларды шешу мүмкіндіктеріне көңіл бөлу жағы да қарастырған.

Қазіргі заманғы өнерде форма мен стиль шексіз түрде еркін қолданылу үстінде.Бұл фактіні бас­тапқы нүкте ретінде қабылдай отырып, Салтанат өзінің шынайы үні мен әлемге деген көзқарасын көрсетуге тырысқан. Оның пікі­рінше, шығармашылық ізденіс, өзін-өзі көрсетуге деген ұмтылыс суретшіден өте адал болуды, етене жақын, терең тәжірибенің басын ашуды талап етеді, сондықтан ол әрқашан өз картиналары үшін жаңа бағыттар мен бейнелерді іздейді.

ГҮЛМИРА МЕРАЛИНА

475 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

TENGE MONITOR №15

15 Сәуір, 2021

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Рымтай сағынбекова

“TENGE MONITOR” газетінің Бас редактордың міндетін атқарушы