• Қаржы
  • 24 Қараша, 2022

Тұрақты даму мақсаттары тың серпін алды

Исатай ҚАМБАРОВ,
журналист-сарапшы
e-mail:isakambar@list.ru

Осыдан төрт жыл бұрын елімізде халықаралық деңгейдегі экономикалық даму стандарттарына сәйкес мемлекеттік құрылым қолға алынған еді. Енді сол құрылым жаңа сипатта жұмысын бастады. Соған орай, тұрақты даму мақсаттарына қол жеткізу жұмыстарын үкімет басшысы үйлестіреді. Премьер-министр Тұрақты даму мақсаттары үйлестіру кеңесін қайта бастады, деп жазады Finprom.kz сайты.

11 қазанда премьер-министр Тұрақты даму мақсаттары үйлестіру кеңесінің жұмысын қайта бастады. Құрылымға қазіргі 16 министр, агенттіктер басшыларының орынбасарлары, СЖРА басшысы, яғни Қазақстаннан барлығы 29 мүше, БҰҰ-дан екі және Еуроодақтан бір өкіл кірді.

Премьер-министр – кеңестің төрағасы. Айта кету керек, Әлихан Смайыловтан бұрынғылар үйлестіруді депутаттарға тапсырған. Естеріңізге сала кетейік, биыл 29 сәуірде үкімет қаулысымен кеңес туралы ереже жойылған болатын.

2021 жылғы 26 ақпандағы түзетулеріне сәйкес Тұрақты даму мақсаттары мемлекеттік жос­парлау жүйесінің жоғары деңгейі болып саналады. Қазақстанның даму бағдарламалары Тұрақты даму мақсаттарының кешенді шешімі ретінде әрекет етеді. Халықаралық платформа 17 мақсат пен өзара байланысты 169 тапсырманы қамтиды.

Кеңес 2018 жылы Бақытжан Сағынтаев премьер-министр қызметін атқарған кезде құрылған. Функционалды идея – адамға бағдарлану және демократия институттары қағидаттарына негізделген жаңа әлемдік экономикалық тәртіпке еліміздің серпілісін қамтамасыз ету.

Үкімет тұрақты даму мақсаттары негізінде мемлекеттік органдардың бағдарламалары мен даму жоспарларын біртұтас басқару платформасына топтастырудың нақты тетігін құруы тиіс еді. Іс жүзінде мемлекеттік жоспарлау жүйесі басқарушылық дағдарысқа – жоспарларды үйлестірудің төмен деңгейіне түсті.

Символикалық дерек: Ұлттық мемлекеттік жоспарлау комиссиясының Тұрақты даму мақсаттары бойынша БҰҰ халықаралық платформасымен үйлестіру жауапкершілігі жүктелген басшылар қаңтардағы оқиғаларға байланысты ең сәтсіз мемлекеттік басқарушылар ретінде тарихқа енді. Ол кезде Бақытжан Сағынтаев Алматы қаласының әкімі, Асқар Мамин үкіметті басқарған болатын. Соңғысы ресми Қазақстанның даму бағдарламалары Тұрақты даму мақсаттарының 79,9 пайызын қамтиды деген мемнің авторы ретінде тарихқа енді. Ол бұл туралы Қазақстанның 2019 жылғы тұрақты даму күн тәртібін іске асыру жөніндегі бірінші ерікті ұлттық шолуының ашылуында сөйлеген сөзінде айтты. Аталған құжатта сол кездегі премьер-министр Қазақстан 5 жылда денсаулық сақтау мен білім беру салаларына инвестиция көлемін ішкі жалпы өнімнің 10 пайызына дейін ұлғайтуға ниетті екенін әлемге жариялады.

Шындығында, керісінше болды. Осылайша, аталған салаларда 2018-2021 жылдарға ішкі жалпы өнімде жалпы қосылған құнға инвестиция көлемі төмендеді: денсаулық сақтау саласын­да 11,5 пайыздан 8,2%-ға, білім беруде – 12,7 пайыздан 9,5%-ға дейін.

Қысқаша шолуымызда еліміз экономикасына қай елдердің басқаларға қарағанда көбірек инвестиция құйып жатқанын атай кетуді де жөн санадық. Мәселен, биылғы жылдың екінші тоқсанында Қазақстанға ең көп инвестиция салған мемлекеттің көш басында Нидерланды тұр. Алғашқы жартыжылдықта бұл мемлекет республикамызға 3,3 млрд доллар көлемінде инвестиция құйған. Одан кейінгі орында АҚШ (3,2 млрд доллар) тұр. Қазақстанға миллиардтап инвестиция салып жатқан мемлекеттердің ішінде сонымен бірге Швейцария (1,54 млрд доллар) мен Бельгия (1,1 млрд доллар) елдері бар.

Бесінші орында Ресей (938 млн доллар) тұр. Соғысқа қарамастан былтырғы алғашқы жартыжылдықпен салыстырғанда Ресейдің Қазақстанға құйған инвестициясы көлемі жағынан өсім көрсеткен. Биыл алғашқы алты айдың ішінде 611,1 млн доллар инвестиция салған Қытай алтыншы орында. Кейінгі жылдары Қазақстанға белсенді түрде инвестиция сала бастаған мемлекеттердің ішінде Оңтүстік Корея (540,9 млн доллар) ерекше көзге түседі. Одан кейінгі орындарда Франция (299,3 млрд доллар) мен Ұлыбритания (297,8 млн доллар) тұр. Ондықты Германия (168 млн доллар) түйіндейді.

1837 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

TENGE MONITOR №15

15 Сәуір, 2021

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Рымтай сағынбекова

“TENGE MONITOR” газетінің Бас редактордың міндетін атқарушы