• Мәдениет & Спорт
  • 01 Желтоқсан, 2022

ТАЙҒАҚ ШАТҚАЛЫ

Жетісудағы Тайғақ шатқалынан тибет тілінде жазылған буддалық дұға жазулары табылып, зерттелген. Шатқал бойынша жазбалардың жалпы саны 27. Олардың негізгі бөлігі шатқалдағы жылғаның оң жағасындағы тік жарқабақтардың бетіне ойылып жазылған. Жазбалар үлкен тегіс беттерде де, шағын тастардың беттерінде де кездеседі. Мұндағы барлық жазбалар жаяу немесе атпен жақын келіп көруге мүмкіндік болатын тік жарқабақтардың төменгі бөлігінде орналасқан.

Петроглифтердің қызықты топтамалары Тайғақ шатқалының жоғары жағында табылған.

Тайғақтағы петроглифтердің негізгі бөлігін ортағасырлық суреттер құрайды. Петроглифтердің бір бөлігі шатқалдың бастауындағы жартастарда қашалған. Суреттердің басқа топтамасы өзен бойымен созылып, әрбір 3-5 шақырым сайын оң және сол жақ жағалауда кездеседі.

Тайғақ петроглифтері сюжеті жағынан да, орналасу тұрғысынан да ерекше. Олар топтаспаған әрі бірыңғай культты орталықты түзбейді. Өйткені, орта ғасырларда және келесі дәуірлерде барлық шатқалдар өздігінше сакралды қорық аймағы болып табылған.

587 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

TENGE MONITOR №15

15 Сәуір, 2021

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Рымтай сағынбекова

“TENGE MONITOR” газетінің Бас редактордың міндетін атқарушы