• Бизнес & Қоғам
  • 08 Желтоқсан, 2022

«Даму» қоры халық игілігіне жұмыс жасамақ

Қазіргі таңда «Даму» қоры елімізде шағын және орта бизнесті дамыту бойынша бірқатар мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асыруда. Атап айтқанда, «Даму» қоры бірнеше мемлекеттік бағдарламаларды атқаруда. Мәселен, «Кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі 2021-2025 жылдарға арналған ұлттық жобасын», басым жобаларды несиелеу механизміне арналған «Қарапайым заттар экономикасы», «Almaty Business» – өңірлік қаржыландыру бағдарламасын атап өтуге болады.

2022 жылдың 9 айында «Даму» қоры Алматы қала­сы кәсіп­орын­дарының сомасы 62,99 млрд теңге болатын 827 жобасын қолдады. Пайыздық мөлшерлеменің бір бөлігін субсидиялау шарттарына сәйкес, кәсіпкерлер жобалық несие бойынша пайыздық мөлшер­лемені төмендетіп, тиісінше ай сайынғы төлемдерін азайта алады.

Мемлекеттік бағдарламалар аясында кепілдік беру бағытында «Даму» қорынан 2022 жылы 9 айда 20,9 млрд теңгеге 558 жобаға кепілдік берілді, кепілдік сомасы 9,1 млрд теңге құрады.

«Almaty Business» өңірлік бағ­дарламасы аясында 88 кәсіпкер 8 088 млн теңгеге қолдау алды.

«Даму» қорынан қолдау алған компаниялардың қатарында:  «Golden East» ЖШС дәстүрлі емес қытай медицинасының емдік орталығы, оның ішінде: акупунк­тура, шөптермен емдеу, хиджама, отпен емдеу, тостағандар, нүктелі массаж, моксибус, «Kaz­TigerTape» (Каз Тайгер Тэйп) жа­бысқақ таспаның барлық түр­дерін шығаратын компания және «Неп­тун Engineering» ( Нептун Инженеринг) басқа металл бұйымдарын өндіретін компания кіреді.

Сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау шарттарына сәйкес, ШОБ субъектілеріне несие бойынша пайыздық мөлшерлемені төмендетуге мүмкіндік берілген. Кәсіпорындар айналым қаражатын толықтырып, өндіріс көлемі мен қызмет көрсету түрлерін артты­руға мүмкіндік беретін құрал-жабдықтарды сатып алды.

«JLC Сүт» – Қазақстанда сүт өндірісін дамыту мақсатында 2009 жылы құрылған. Кәсіпорын JLC компаниялар тобына кіреді. 2010-2014 жылдар аралығында кәсіпорын Талдықорған сүт зауы­тын қайта құру бойынша жос­парларын жүзеге асырып, 2014 жыл­дың тамыз айынан бастап өнім шығаруда. Бүгінгі таңда кәсіпорын сапалы және бәсекеге қабілетті өнім шығаруға мүмкіндік беретін заманауи автоматтандырылған қондырғылармен жабдықталған. 2014 жылдың жазында жаңа кәсіпорын іске қосылып, а­л­ғашқы сүт өнімдері тұтынушыға ұсынылды. Осы уақыт ішінде кәсіпорынның жоғары білікті мамандары сүт, айран, био-йогурт, йогурт, сүзбе өнімдері, қаймақ, құрт және т.б. өнімдердің көп түрін жолға қойды. Барлық өнімдер классикалық технология бойынша шығарылады, тамаша дәм мен сапа көрсеткіштеріне ие.

Талдықорғандағы зауытта 450-ге жуық адам еңбек етеді. Ком­панияның дүкендер желісі Талдықорған, Қапшағай, Алматы қалаларында бар және 200-ге жуық дүкені жұмыс істеп тұр.

2022 жылы компания инвес­тиция үшін «ForteBank» АҚ-нан несие алды. Жобаны «Даму» қоры «Кәсіпкерлікті да­мы­ту жөніндегі 2021-2025 жыл­дарға арналған ұлттық жоба» мемлекеттік бағдарламасы аясында қолдап, нәтижесінде сыйақы мөлшерлемесінің 12%-ы субсидия­ланды.

«Радуга» ЖШС – бүгінде ел нарығында көшбасшы саналатын ірі филиалдар желісі, өзіндік инфрақұрылымы бар көпсалалы, тұрақты дамып келе жатқан компания. Таяуда ғана «Радуга» ЖШС қағаз өнімдерін шығаратын фабриканы іске қосты. Бұл – Қа­зақ­станда көлемі жағынан қағаз өнімдерін шығаратын екінші зауыт.

Компания былтыр инвес­тиция үшін жеңіл несие қажет болғанда мемлекеттік қолдау алу мақсатында «Даму» қорына жүгінді. «Қазақстан Халық Банкі» АҚ жобаны мақұлдап, 14 %-бен несие берді. «Даму» қоры «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы аясында кәсіпкер қарызын тек 6%-бен төлейтін етіп айырмасын субсидиялады. Несие сомасының 50%-ына кепілдік берді.

Компания Қазақстан нары­ғында табысты дамып келеді және өзін сенімді серіктес ретінде дәлелдеді.

САЛТАНАТ ҚАЖЫКЕН

1707 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

TENGE MONITOR №15

15 Сәуір, 2021

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Рымтай сағынбекова

“TENGE MONITOR” газетінің Бас редактордың міндетін атқарушы