• Қаржы
  • 08 Желтоқсан, 2022

Үйірмелерге қанша қаржы бөлінеді?

Биыл елорда бюджетінен балалар спортына 5,6 миллиард теңге қаржы бөлінді. Бұл туралы Астана қаласы дене шынықтыру және спорт басқармасы басшысының міндетін атқарушы Еркеғали Кәрбозов мәлімдеді.

«Бүгінде Астанада мемле­кеттік тапсырыс бойынша спорт­тың 25 түрінен 575 спорттық секция жұмыс істеп тұр. Жыл басында берілген ваучерлер саны 44 998 болса, оның ішінде белсендісі 27 369 ваучер. Өткен жылы спорт бағдарламасына 602 млн теңге бөлінсе, биыл қарқын алып, 1,3 млрд теңгеге жетті. Сонымен қатар бюджетті нақтылау кезінде мәслихат депутаттарының қол­дауымен қосымша қаражат бөлінді. Осылайша жергілікті бюджеттен бас-аяғы 5,6 миллиард теңге қаржы бөлінді»,– деді Е.Кәрбозов.

Оның айтуынша, таяуда спорт секцияларына Үкімет резервінен қосымша 660 миллион 201 мың теңге қаржы бөлінді. «Келесі жылға бюджет лимиті бойынша 2 миллиард теңге қарастырылып отыр. Проблемаларға келсек, біз жо­ғарыда аталған 575 спорттық секцияның бәріне барып, қарап үлгермедік. Өйткені бізде мониторинг жүргізетін құзырет жоқ. Біз аталған жайт бойынша Қоғамдық кеңеспен бірлесіп жұмыс жасауға тырыстық. Әзірге мәселе өз шешімін таппай тұр. Спорт секциясына бар­ған баланың ата-анасы табельге қол қояды. Қазан айынан бастап ArtSport платформасы бізге IP мекенжайды көру мүмкіндігін берді. Аталған мүм­кіндік арқылы бір мезетте 80-90 баланың қол қойғанын көріп отырмыз. Өкінішке қарай, бізде ол ақпараттың растығын тек­серетін мүмкіндік жоқ. Дегенмен, жеткізуші мен балалардың ата-анасынан секцияға барып жүргені туралы мәліметті алып отырмыз», – деп атап өтті ол.

АЙЖАН ЖАСБАТЫРҚЫЗЫ

1602 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

TENGE MONITOR №15

15 Сәуір, 2021

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Рымтай сағынбекова

“TENGE MONITOR” газетінің Бас редактордың міндетін атқарушы