• Өндіріс
  • 08 Желтоқсан, 2022

Пластик өнімдерін экспорттау кімдерге тиімді болмақ?

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің биылғы жылдың 27 мамырдағы №289 бұйрығына сәйкес, 14 маусымнан бастап полиэтилентерефталат қалдықтарын алты ай мерзімге елден әкетуге тыйым салынған болатын. Таяу аралықта елімізде пластик өнімдерін экспорттауға салынған тыйымның мерзімі аяқталады. Бұл ПЭТ қалдықтарын өңдеуге бағытталған отандық кәсіпорындар жұмысының тоқтауына, тіпті экологиялық дағдарысқа әкелуі мүмкін.

 Мемлекеттің мұндай мақсатқа сай шешімі өндіріс көлемін ұлғайту және ішкі нарықтағы дайын өнімнің өзіндік құнын төмендетудегі отандық полимер өнімдерін өндірушілердің қолжетімді шикізатпен, оның ішінде ПЭТ қалдықтарымен қамтамасыз ету үшін қажет болған. «Полиэтилентерефталат қалдықтарына жататын пластикалық бөтелкелер мен осы негіздегі заттарда химиялық қоспалар аса көп. Олар қоршаған ортаға зияның тигізеді. Полигондарда ПЭТ бөтелкелерінің ыдырауы үшін 100 жылдан астам уақыт қажет» дегенді айтады мамандар.

Төмен өндірістік шығындар мен жоғары беріктіктегі басқа да сипат­тағыларға жататын ПЭТ бөтел­келерін кең таралған пластика­лық қаптамалардың біріне айналдырады.Әлем бойынша әр секунд сайын 20 000 ПЭТ бөтелке өндіріліп, минут сайын шамамен 1 000 000 сатылады екен. Жыл сайын дүниежүзілік мұхитқа шамамен 9 500 000 тонна пластик қалдықтары түсіп, ол ірі балықтар мен сүтқоректілерге зияның тигізетін көрнеді. Мұндай апатты көрсеткіштерді жою мақсатында адамзат пластмассаның тек 9% ғана қайта өңдейді екен. ПЭТ – әлемдегі ең көп қайта өңделген пластик. Оның қалдықтарын қайта өңдеумен айналысатын өндірістерге қажетті материалдар мен бұйымдардың жаңа түрін жасауға мүмкіндік береді. Қайта өңделген ПЭТ қалдықтарын жинап, дайындау және алынған шикізаттың сапасын жақсарту кез келген салада қолданылады.

Еуропалық одақ 2018 жылы эконо­микалық өсу және инновацияны ынталандыру кезінде қоршаған ортаны пластикалық ластанудан қорғау үшін «Айналымдағы экономикалық пластмасс» стратегиясын қабылдады. Осыған байланысты 2025 жылға қарай ЕО елдеріндегі барлық пластик қаптамалардың кем дегенде 55% қайта өңдеуден өтуі керек. Ресейде 2018 жылы 2030 жылға дейінгі кезеңге өндірістік және тұтыну қалдықтарын өңдеу, қайта өңдеу және залалсыздандыру саласын дамытудың тұтас стратегиясы қабылдаған. Елімізде қайталама шикізатты өңдеу саласының дамуы жүйелі мәселеге айналып, шикізаттың жетіспеушілігіне орай тоқтап тұрғаны бар.

ПЭТ өңдеу саласын дамытудың қандай да бір ұзақ мерзімді болжамдары туралы айту мүмкін емес. Шикі­затты тереңірек өңдеуді одан әрі дамытуды жоспарлау, сондай-ақ өнді­рісті кеңейтуге ірі қаржы ресурстарын енгізу үшін 6 айлық мерзім өте қысқа екендігін айтады мамандар.

Егер Қазақстаннан Ресейге пластикалық қалдықтар жаппай экспортталатын болса, жергілікті ПЭТ бөтелкелерін өңдейтін зауыттар шикізатсыз ғана емес, сонымен қатар тауар айналымынан да қалады. Бұл ретте жергілікті кәсіпкерлер коллекторларға бағаны ресейлік тараптың бағасынан төмен емес нарықтық бағамен бірдей болғаның қалайды.

Бүгінде елімізде ПЭТ қалдықта­рын өңдейтін 15-тен астам кәсіпорын бар. Олар Шымкент, Павлодар, Қарағанды, Жамбыл, Түркістан, Алматы, Атырау, Солтүстік Қазақстан облыстарында орналасқан. Бұл кәсіпорындардың жылына 60 000 тоннадан астам ПЭТ қалдықтарын өңдеу мүмкіндігіне ие.

Түркістан облысындағы Green Technology Industries PET бөтелкелерін жинау, сатып алу және өңдеуді оңтайландыру бойынша еліміздегі алғашқы өндіріс орындарының бірі. Тыйым салынған барлық кезеңде зауыттың қуаты екі есе ұлғайып, жұмысшылар саны мен салық шегерімдері екі есе өскен. Бұл жоба аясында 100-ден астам адам жұмыс істейді. Екі ауысымдық жұмыс жолға қойылып,шикізат сатып алатын компания отандық құрастырушыларға ең жақсы бағаны береді. «DorPlast Invest» ЖШС Алматы облысында ПЭТ орау таспасын, түйіршіктерді, тактильді плиткаларды, аралықтарды, пластик құрылыс материалдарын, Жамбыл облысындағы «ТАРАЗ ПЭТ» БК» ЖШС өңделген ПЭТ бөтелкелерінен 100%-ға ұқсас тағамдық түйіршіктер шығару бойынша инвестициялық жобаны жүзеге асыруда. Инвестиция көлемі 4,5 млрд теңгеге бағаланған. Бұл бірегей және экологиялық таза өндіріс. Жаңа жобаның өнімділігі қазақстандық нарықта қажеттілігінің шамамен 8 пайызын құрайды. Сонымен қатар биылғы жылы Швей­царияда инвестицияға байланысты өткен дөңгелек үстелде қарастырылған мәселенің бірі жоғары деңгейдегі «Қайта өңделген полиэтилентерефталат (R-PET) өндіретін зауыттың құрылысы» турасындағы жобаға сай, технологиялар трансферті жөнінде «TARAZ PET» БК ЖШС мен швей­ца­риялық Polymetrix AG компаниясы арасында коммерциялық келісім негізінде болды. Бұл жоба аясында 200-ге жуық жаңа жұмыс орнын ашу жоспарлануда. Жоғарыда аталған негіздерге сүйене отырып, елімізде ПЭТ қалдықтарын кәдеге жарату кәсіпорындары оны экспорттауға салынған тыйымның жойылуына қандай проблемалар күтіп тұр­ғанын болжау керек дегенді айтады сарапшылар. Ресми түрде елдегі қоқыстардың жиналу көрсеткіші туралы ақпарат жоқ. Әртүрлі деректерге сәйкес, шашыраңқы сандар да ұсынылған. Мәселен, экология министрлігінің мәліметі бойынша, 2020 жылы елімізде 90 мың тоннаға жуық пластик және полиэтилен қалдықтары түзілген, оның тек 3,1 мың тоннасы немесе 3,5 пайызы ғана қайта сұрыптаудан өткен. «KazWaste» Қазақстан қалдықтарын басқару қауымдастығы жыл сайын 20 мың тоннаға дейін ПЭТ қалдықтарын жинау жөнінде ақпарат берсе, «Жасыл Даму» АҚ сайтында жарияланған ресми мәліметтерге сәйкес, 2021 жылы EcoQoldaý бағдарламасы бойынша 8171,65 тонна полимерлер жиналып, өңделген екен. Бұйрық қабылданғаннан бері алты ай өтті, осы уақыт аралығында кәсіпорындардың жүктемесі 20-30%-дан 60%-ға дейін, өнім көлемі орта есеппен 56%-ға, кейбір кәсіпорындарда одан да көп өскен.

«Қазақстан қаптамашылар қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігінің өкілдері ПЭТ қал­дықтарын экспорттауға са­лынған тыйым алынып тасталса, елде экологиялық дағдарыс болады дегенді айтады. Олар сондай-ақ бұл жағдайды пластикалық өңдеумен айналысатын барлық отандық кәсіпорындар үшін өте қиын деп санайды.

«Қазақстан бизнесіне ПЭТ қалдықтарын елден экспорттауға тыйым салуды алып тастау туралы шешімнің қазақстандық бизнес үшін қаншалықты қиын екендігі жөнінде жауапты бірнеше позициядан, оның ішінде өндірістік, әлеуметтік, экономикалық және экология­лық жағынан да қарастырған жөн еді», – дейді Қазақстан қап­тамашылар қауымдастығы басқарма төрағасының орынбасары Наталья Кузнецова. ПЭТ қалдықтарын өңдеуге маманданған отандық бизнесті қорғау үшін бұл мәселеге қалай әсер етуі тиіс екендігін қауымдастық мамандары да өз пікірін білдіре келе, жергілікті өңдеушілерге шикізатқа қолжетімділік берілуі тиіс деп есептейді. Осы мақсатта мемлекеттiк деңгейде елдегі қайталама шикiзатты өңдеу өнеркәсібін дамыту стратегиясын әзірлеуді, қайталама шикізатты қайта өңдеудегі барлық мүдделерді, экологтарды, құрастырушыларды және өңдеушілерді біріктіре отырып, осы мәселеге жауапты министрлікті анықтауды, отандық бизнесті мемлекет тарапынан қолдаудың табыс­ты бағдарламаларының бірі ретінде EcoQolday бағдарламасын қайта іске қосуды, ПЭТ қалдықтарының түзілу және жиналу көлемін қарастыру қажет. Бүгінгі күні полимер қал­дықтарының түзілу статистикасы ғана құрастырылуда, бұл 12 позиция, оның ішінде құрылыс және тұрмыстық пластик, тұрмыстық техника, жиһаз, кеңсе керек-жарақтары мен бұл массадан ПЭТ бөтелкесін тек өндірушілерден, құрастырушылардан және сұрыптаушылардан есептерді шығарған кезде ғана бөліп алуға болатындығын, ПЭТ шикізатының соңғы құнымен баға тізбегін анықтаса, бұндай кешенді тәсіл елімізде ПЭТ қалдықтарын өнеркәсіптік өңдеуді қорғауға және дамытуға мүмкіндік беретін болады дегенді жеткізді, Н. Кузнецова.

«Пластик шөлмектерінің қалдықтары негізінен Өзбекстан, Тәжікстан, Польшаға жөнелтіліп, ондағы зауыттар шикізатты қайта өңдейді. Сөйтіп түрлі құрылыс материалдарынан бастап көлік жабдықтарына дейін жасайды. Одан өзімізге 10 есе қымбатқа сатады. Әрине елде пластик өнімін шығаратын кәсіпорындар бар. Бірақ оларға шикізат жетпейді. Өйткені қоқыс сұрыптайтын отандық мекемелер өзгені жарылқап отыр», – дегенді айтқан еді осыдан біраз бұрын Қазақстан қаптамашылар қауымдастығының басқарма төр­ағасы Батырбек Әубәкіров. Полиэтилентерефталат қалдықтарының қанша бөлігі сыртқа кетіп жатқаны белгісіз. Өнімдерді сұрыптайтын мекеме мемлекетке қанша салық төлеп отырғадығы, қанша адам жұмыспен қамтылғаны жөнінде де айтылмайды. Сондықтан біз бұл нарықтың 90% көлеңкелі бизнес деп санаймыз деп отыр сала мамандары. Қоқыс қалдықтарын сұрыптаушылардың да өз айтары бар. Отандық өндірушілер пластик шөлмектерді арзанға алғысы келеді. Тіпті өзіндік құнынан да төмен баға сұрайды. Сондықтан өзгеге сату олар үшін әлдеқайда тиімді. Бұл туралы «Атамекен» ҰКП биылғы жылы ақпан-наурыз айлары аралығында өткізілген зум отырысында өзіміздің қарсылығымызды білдіргенбіз деп отыр Шынболат Байқұлов, Қалдықтарды басқару қауым­дастығының басқарма төр­ағасы.

Бізде қоқыс сұрыптайтын мекемелер бірлі-жарым емес, 350-і бар. Ал қайта өңдейтін кәсіпорындардың саны 14-тен асады. Статистикаға сүйенсек, елде пластик шөлмектердің қалдығын экспорттау көлемі жыл санап артып келеді. Мамандардың айтуынша шикізаттың әр тоннасынан түсетін пайда 455 АҚШ доллары. Ал, қайта өңделген өнімнің бір тоннасын 5 жарым мың доллардан сатып алады екен. Арзан шикізатты алып кететіндердің бірі Өзбекстан көрнеді. Шикізатты сатқанша одан өнім шығарған анағұрлым тиімді екені баршаға мәлім. Өзбекстан қазір қайта өңдеуге басымдық беріп отыр. Олар шикізатты өткізбейді, керісінше өнім өндіріп үстеме бағамен сатады. Қазіргі күні полипропиленнен бастап машина бөлшектерін жасауға қажетті бұйымдарды шығаруда, елімізден арзан шикізатты сатып алып өз бизнестерін дөңгелетіп отыр. Ал қоқысты іріктеп жинайтын кәсіпкерлердің де өз талабы бар. Осыған орай, Қа­зақстан қаптамашылар қауым­дастығы мәселені шешу үшін сұрыптаушыларға салынатын салықты мүлде алып тастау қажет деп санайды.

Ал дереккөзге сүйенсек, адамдар күн сайын қоқысқа тастайтын пластмасса заттар жер бетінде 100 жылға дейін, кәдімгі полиэтилен пакеттері 200 жылдан астам, ал консерві қалбырлары мен шыны сынықтары 1 мың жылға дейін шірімей жатады екен. Бүгінгі күні шағын қалалардың өзінде айына 20 тоннаға жуық пластмасс бөтелкелер лақтырылса, елімізде 100 млн. тонна тұрмыстық және 25 млрд. тонна өндірістік қалдықтар құралған көрнеді.

ГҮЛМИРА МЕРАЛИНА

11596 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

TENGE MONITOR №15

15 Сәуір, 2021

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Рымтай сағынбекова

“TENGE MONITOR” газетінің Бас редактордың міндетін атқарушы