• Қаржы
  • 08 Желтоқсан, 2022

Базалық мөлшерлеме одан әрі көтеріле ме?

Исатай ҚАМБАРОВ,
журналист-сарапшы
e-mail:isakambar@list.ru

Таяуда PwC (PricewaterhouseCoopers – консал­тинг пен аудит саласындағы компаниялар жүйесі) Kazakhstan тоқсан сайынғы 10-шы макро­эконо­микалық шолуын жариялады. Бұл – Қазақ­стандағы макроэкономикалық жағдайдың шұғыл кесіндісі ұсынылған тұрақты жарияланым.

Айта кету керек, респонденттерге сұрау салу биылғы қараша айының ортасында жүргізілген. 2022 жылдың үшінші тоқсанының есептемесінде ұсынылған барлық болжамдық мәндер, сондай-ақ мәтіндік материал да, Қазақстан мен әлемдегі биыл шілде-қараша кезеңінде орын алған оқиғаларды есептегендегі макроэкономикалық жағдайды көрсетеді. Сұрау салуға халықаралық даму институттарының, коммерциялық банктердің, брокерлік компаниялардың өкілдері қатысқан. Негізгі тұжырымдарға зер салар болсақ: респонденттердің 64%-ы еліміз экономикасы қалпына келуде немесе өсу үстінде деп есептейді; респонденттердің 85%-ы Brent маркалы мұнайдың бағасы жыл бойына барреліне 110 доллардан аспайды деп болжайды; 71%-ы USD/KZT валюта жұбы жыл бойы 500 теңгеден артпайды деп болжаған; 64%-ы инфляцияны жыл бойы 15,5%-дан жоғары көтерілмейді деп болжап отыр; 77%-ы Ұлттық банк базалық мөлшерлемесінің мәні жыл бойы 14,5%-дан жоғары көтерілмейді деп болжайды; 29%-ы Қазақстан экономикасын рецессия немесе депрессия деңгейіне жатқызады.

Сарапшылардың пікірінше, макроэкономикалық ортаның болжамдығы – елдің экономикасына әсерін тигізетін маңызды фактор, ал биылғы осының алдындағы тоқсандарда инфрақұрылымның дамуы осындай фактор болған еді. Кен өндіру және метал­лургия салалары Қазақстанның экономикалық өсуі мен тұрақтылығының драйверлері болып табылады. 2022 жылы ЖІӨ-нің өсуін шикізаттың құны мен өндірудің көлемі айқындады. Мәселен, статистикаға сәйкес, 2021 жылдың осындай кезеңіне қарағанда 2022 жылдың қаңтар-қыркүйегінде атаулы ЖІӨ өсімінің 22%-ы – осы сектордағы шикізатты шығару көлемі сақталуы жағдайында тау-кен қазу өнеркәсібінің еншісінде екен.

2022 жылдың үшінші тоқсанында мұнай баға­ларына күзгі маусымда отын тұтынудың артуы және бағалардың жоғарылығы аясында Еуропада мейлінше мол газды генерациялау салдарынан құны тәулігіне 99,5 миллион баррельді құраған сұраныстың ұлғаюы әсер еткен.

Ұлттық статистика бюросының мәліметтеріне сәйкес, 2022 жылдың қаңтар-қазан аралығындағы кезеңде Қазақстанда мұнай өндіру 68,4 миллион тоннаны құраған, бұл өткен жылдың осындай кезеңіндегі көрсеткіштерге қарағанда 2,5%-ға аз. Өндірістегі мұндай көрсеткіш Қашағанда (2021 жылғы жалпы өндірудің 18,1%-ы) анықталған газдың кемуі және Қарашығанақ кен орнындағы (2021 жылы жалпы мұнай өндірудің 14%-ы) жоспарлы жөндеу жұмыстары салдарынан орын алған.

Әлемдегі елдері көпшілігінің валюта нарық­тарында осы уақытқа дейін құбылмалылық сақталуда. 2022 жылдың қыркүйегінде басқа валюталарға қатысты 20 жылдық максимумына жеткен АҚШ доллары бағамының өсуі одан әрі жалғасуда. Ұлттық банктің реми бағамы бойынша, маусым айының қорытындысында теңгенің бағамы бір долларға 472,24 теңгеге дейін немесе 13,3%-ға әлсіреді. Жалпы алғанда, теңге серпіні жалпыәлемдік трендке сәйкес: АҚШ долларының мемлекеттік облигациялар есебі­нен нығаюы көптеген валюталарға қысым көрсетті.

Жеткізу тізбектері бұзылып, өнімнің өзіндік құны артқанда және көптеген елдер монетарлық саясатты жұмсарту арқылы экономикаларын ынталандыруға көшкенде жаһандық экономикаға инфляциялық қысым енді.

2022 жылдың үшінші тоқсанындағы сұрау салу нәтижелері осының алдындағымен салыстырғанда, инфляцияға қатысты респонденттердің оптимистік болжауларын нығырақ айқындап отыр. Қысқа мер­зімді келешекте инфляцияның максималды шегін респонденттер өз болжауларында ұзақ мерзімді келешекте біртіндеп төмендеткен. Бір жылдық болжау шегінде респонденттер инфляцияның 1,3%-ға төмендейтінін, 3 және 5 жыл шегінде 0,3%-ға төмендейтінін болжап отыр. Инфляция өсу қарқы­нының баяулау болжамына базалық мөлшерлеменің өсуі мүмкіндік берген сияқты.

Инфляция өсуінің ізін ала орташа еңбекақының да өсе түсуі байқалады. Еңбекақының медиандық мәні елімізде үшінші тоқсанда 2021 жылдың соңымен салыстырғанда 7%-ға артқан, бірақ алдыңғы тоқсан­мен салыстырғанда 11%-ға төмендеген. Долларлық бала­масында медианалық еңбекақы 2022 жылы 2013 жылғы (2014 жылы орын алған деваль­вацияға дейінгі) деңгейге жеткен.

Бүкіл әлемде орталық банктер базалық мөлшер­лемелерін көтеруін одан әрі жалғастыруда. Күні кеше Ұлттық банктің базалық мөлшерлемені 16,75%-ға көтеруі беделді сарапшылар көтеріп отырған мәселелердің шиеленісе түсуін аңғартқандай. Бәріне де, әрине, басты сыншы – уақыт, келешекке үмітпен қарап, үкімет қабылдап жатқан шаралар алдағы қиыншылықтарды шешуге ыпалын тигізеді деп сенім артамыз.

 

1601 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

TENGE MONITOR №15

15 Сәуір, 2021

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Рымтай сағынбекова

“TENGE MONITOR” газетінің Бас редактордың міндетін атқарушы