• Спорт
  • 12 Қаңтар, 2023

Көш бастап тұрмыз

Халықаралық бокс қауымдастығының (IBA) рейтингінде Қазақстан құрамасы бірінші орында тұр. Бұл жөнінде ҚР бокс федерациясынан мәлімдеді.

Қазақстандық былғары қол­ғап шеберлерінің есебінде 48 100 ұпай бар. Екінші орындағы Өзбекстан боксшыларында – 37 600 ұпай болса, үздік үштікті 36 300 ұпаймен Үндістан боксшылары түйіндеп тұр. IBA рейтингінде барлығы 135 ұлттық федерация боксшылары ұсынылған.

Сонымен қатар Халықаралық бокс федерациясы (IBF) барлық салмақ дәрежесіндегі боксшылар рейтингісінің жаңартылған нұсқасын жариялады. Бірін­ші ауыр дивизионда Серік Мұсаділов он бесінші орыннан көрінді. Үздік үштікте поляк Матеуш Мастернак, британдық боксшы Ричард Риакпоре және оның отандасы Крис Биллам-Смит бар. Бұл салмақта IBF тұжырымы бойынша әлем чем­пионы – австралиялық Джей Опетайя.

Екінші орта салмақта Әли Ахмедов алтыншы тұр. Рей­тингідегі бірінші орынды британдық Уильям Скулл иеленді, ресейлік Владимир Шишкин екінші орынға кө­терілсе, америкалық Калеб Плант үшінші орынға жайғасқан. Чемпиондық титул мексикалық Сауль «Канело» Альвареске тиесілі.

Геннадий Головкин чемпион атанған орта салмақта Мейірім Нұрсұлтанов жетінші орында. Тізімді бразилиялық Эскива Фалькао бастап тұр, екінші орында – австралиялық Майкл Зерафа, ал италиялық Винченцо Гуальтьери үшіншіге жайғасқан.

Екінші жеңіл салмақта Сұлтан Зәуірбек бұрынғыдай он төртінші орында келеді. Бұл салмақта әлем чемпионы тәжікстандық Шавкат Рахимов көш бастап тұрса, британдық Джозеф Кордина алғашқы үштіктің қатарынан табылды.

АЙЖАН ЖАСБАТЫРҚЫЗЫ

 

141 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

TENGE MONITOR №15

15 Сәуір, 2021

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Рымтай сағынбекова

“TENGE MONITOR” газетінің Бас редактордың міндетін атқарушы