• Руханият
  • 05 Қаңтар, 2023

Журналист есімі – халық жадында

Талдықорғандағы Журналистер үйіне белгілі тележурналист Бейсен Құранбектің есімі беріліп, естелік тақта ашылды. Ширек ғасырдан астам ғұмырын журналистикаға арнаған Б.Құранбек «Qazaqstan» телеарнасындағы «Айтуға оңай», «Қарекет» сияқты хабарларымен халықтың жадында қалды. Ұзақ жыл «Жетісу» телеарнасын басқарып, «Рахат», «31 арна», «Хабар» телеарналарында, Президенттік телерадиокешенде жұмыс істеді.

Журналист үйінің ғимара­тында ескерткіш тақтаның ашылуына орай  салтанатты митинг өтті. Оған Жетісу облысының әкімі Бейбіт Исабаев, Сенат пен Мәжіліс депутаттары, Бейсен Құранбектің  жары Гүлмира Зербай, жақындары мен туыстары, достары, әріптестері және оны білетін, жақсы көретін, шығармашылығын бағалайтын басқа да адамдар қатысып, өз ойларын ортаға салды.

«Бұл ғимаратқа Бейсен Құранбек есімінің берілуі кездейсоқ емес. 2010 жылы Бейсеннің «Өңірдегі барлық жур­налистердің басын біріктіре­тін ғимарат қажет» деген ұсы­ны­сына сол кездегі және одан кейінгі облыс басшылығы қол­дау көрсеткенін білеміз. Бейсен ғимараттың алғашқы нобайын әзірлеу жұмыстарының басы-қасында жүрді. Оның қолтаңбасы бар Жетісу төріндегі журналистер үйіне Бейсен Құранбектің есімі беріліп отыр. Ол журналистік жолында халықтың мұң-мұқ­тажын бар зейінімен тыңдады, жүре­гінен өткізді, шарқ ұрып мәселе­нің шешімін іздеді, игі іске жақ­сы­ларды жұмылдыра білді. Өзі өмірден өтсе де Бейсеннің атқар­ған ісі мен қалдырған ізі өскелең ұрпаққа өнеге болып қала бермек. Оның мұрасы болашақта да ұлт мүддесіне қызмет ететініне сенемін», – деді облыс басшысы.

АЙЖАН ЖАСБАТЫРҚЫЗЫ

132 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

TENGE MONITOR №15

15 Сәуір, 2021

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Рымтай сағынбекова

“TENGE MONITOR” газетінің Бас редактордың міндетін атқарушы