• Бизнес & Қоғам
  • 05 Қаңтар, 2023

Әлемге танымал киім дүкені

57 елде 1200-ден астам дүкені бар Еуропадағы 6-шы ірі бөлшек сауда желісі LC Waikiki Алматыда «Достық Плаза» сауда ойын-сауық орталығының екі қабатында орналасқан жалпы ауданы 5250 шаршы метр болатын өзінің ең үлкен филиалын ашты. LC Waikiki бұл дүкенді Қазақстандағы ең ірі инвестиция және даму компанияларының бірі TSPM-мен серіктестікпен бірге жүзеге асырды.

«Біз Қазақстанда нарық көш­басшысы ретінде 51-ші дүке­німізді ашқанымызды мақтан тұтамыз. 10 жылдан астам уақыт бойы біз өз тұтынушыларымызды сәнді  де сапалы өнімдермен қолжетімді бағамен қамтамасыз ету үшін талмай еңбектеніп келеміз. Ком­паниямыздың «Әр адам жақсы киінуге лайық» деген ұранын ұстана отырып, біз аз ғана уақыт ішінде төрт құрлықтағы 57 елде 1200-ден астам дүкен аштық. Біз 22 елде нарық көшбасшысымыз және Еуропадағы алтыншы ірі киім сатушысымыз. Біздің мақсатымыз – алдағы бірнеше жылда Еуропадағы үздік сән брендтерінің ең озық үштігіне кіру. Біз 2022 жылды сегіз елде 150 жаңа дүкен ашумен қорытындылауды жоспарлап отырмыз. Біздің мақсатымыз – жыл соңына дейін әлемнің 60 еліндегі нарыққа шығып, 1300-ден астам дүкен ашу. Қазақстан орналасқан жері мен қазіргі нарықтық әлеуеті бойынша біз үшін ең маңызды аймақтардың бірі болып табылады. 2022 жылғы межеміз  – 19 қалада жұмыс істей­міз және 51 филиалымыз бар. Біздің дүкендеріміздің жалпы ауданы 69 677 шаршы метрге жетті, сонымен қатар 2023 жылы ел аумағында 4 жаңа дүкен ашуды көздеп отырмыз. 2022 жылы біз 163 миллион долларлық тауар айналымына қол жеткіздік.  Жаңа дүкендерімізбен біз 2023 жылы жалпы айналымды 200 миллион долларға жеткізуді мақсат етіп отырмыз», – деді LC Waikiki халықаралық ритейл (немесе ха­лықаралық бөлшек сауда) бас дирек­торының орынбасары Илкер Хачиоглу.

Компания сондай-ақ 2022 жылы Қазақстанда 20 миллион дана тауар сатқанын және жалпы бөлшек сауда нарығының 5% үлесін иемдене отырып, нарық көшін биыл да бастап келеді. Сонымен қатар олар жақын арада Алматыдағы логистикалық қоймаға инвестиция сала бастайтындарын нақтылады. 2023 жылы ауданы 20 мың шаршы метр болатын жаңа логистикалық орталықты пайдалануға беру жос­парлануда. 

Компания 100 жер­гілікті қызметкерді тұрақты жұ­мысқа алады. Жаңа дүкенде арнайы телефондарын қуаттай алатын орындар, ыңғайлы киіп көру бөлмелері және коллекцияларды көрсету үшін витриналар жабдық­талып, тұтынушыларға ең жайлы жағдай жасалынған. Дисней кейіпкерлерінің лицензияланған тауарлары Дисней бөліміндегі «дүкен ішіндегі дүкен» пішімінде қолжетімді.  Интерьер дизайны бағандар мен сөрелер ретінде ағаш элементтерді, сондай-ақ төбеде және навигациялық блоктардың аймақтарында арнайы сызықтық жарықтандыруды пайдаланады.  Навигация бағыттары дүкен­дегі әртүрлі жинақтарды нақты көрсету үшін арнайы жасалған.  Жаңа жарықдиодты мониторлар дүкен ішінде де, сыртында да қолданылды. Әйелдерге, ерлер мен балаларға арналған киім топтамаларынан басқа, дүкенде XSIDE, LCW Dream, LCW Home және Disney Shop-in-Shop қосалқы брендтері бар.

Жалпы LC Waikiki әлем бойынша минутына 2155 тауар сатады. Жаңа нарықтарға шығу үшін осы процесте тұтынушыларды түсінуге күш салу қажет. Коллекцияларды жасау кезінде LC Waikiki әр елдегі мәдениет, өмір сүру деңгейі және әртүрлі маусымдар сияқты сан-алуан факторларды ескереді. Сонымен қатар, әртүрлі елдердің климаты, әлеуметтік-экономика­лық жағдайы және мәдениеті әртүрлі болғандықтан, бренд тұтынушылардың құбылмалы қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін өз коллекцияларын үнемі қайта қарап отырады. Негізінде, LC Waikiki жаһандық жинақтарды шығарады, бірақ олар жергілікті қажеттіліктерді үнемі бақылап, оларды өз коллекцияларына қосу арқылы жасырын мүмкіндіктерді ашуға тырысады.  Бұған қоса, дүкендерде Балқан мен Таяу Шығыста Румыния мен Египет сияқты және Африкада Гана мен Кения сияқты елдерінде белгілі бір маусымда жергілікті киімдер ұсынылады.  Олар тұтынушыларға ұсынылатын коллекцияларды әр аймақтағы өлшемдерімен бірге әртүрлі антропология­лық сипаттарды ескере отырып жаңартады. Себебі, қай елге қарамастан, тұтынушылар өздерінің қажеттіліктерін немесе сән үміттерін қанағаттандыруды күтеді.

САЛТАНАТ ҚАЖЫКЕН

10361 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

TENGE MONITOR №15

15 Сәуір, 2021

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Рымтай сағынбекова

“TENGE MONITOR” газетінің Бас редактордың міндетін атқарушы