• Өндіріс өрісі
  • 05 Қаңтар, 2023

Әлемдік ESG-ақпаратты ашу деңгейінде көшбасшы атанды

Жыл аяғында PriceWaterhouseCoopers (PwC) компаниясы 2021 жылғы есептік кезеңде ESG-ақпаратты ашу деңгейі бойынша озық қазақстандық компаниялар рейтингінің жеңімпаздарын жариялады. Тұрақты даму саласындағы деректерді ашудан үздік тәжірибесі бар 50 компанияның ондығына енген «Қазатомөнеркәсіп» ұлттық компаниясы  көшбасшы болып танылды.

«Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ –уран, сирек металдар және  атом электр станцияларына арналған ядролық отын импорты мен экспорты бойынша еліміздің  ұлттық операторы. 2009 жылдан бері Қазақстан табиғи уран өндіру жөнінде  әлемдік көшбасшы. Ұлттық атом компаниясының активтері геологиялық барлау, уран өндіру, ядролық отын циклының өнімдерін өндіруден бастап, ғылым, әлеуметтік қамтамасыз ету және маман даярлауға дейінгі түпкі өнім өндіру тізбегіне қатысатын кәсіпорындар кешенін қамтиды.

Бұл экологиялық, әлеуметтік әрі басқару аспектілері туралы  ақпаратты ашу бизнестің ұзақ мерзімді және тұрақты дамуына ықпал ететін уақыт пен жаһандық қауымдастықтың талабы. ESG ақпа­ратын сапалы ашу қолданыстағы бизнес-модельдің елеулі тәуекелдері мен мүмкіндіктерін анықтауға және жаңа сын-қатерлерге неғұрлым тиімді бейімделуге ықпал етеді. Бүгінгі таңда ESG көрсеткіштері компанияның жаһандық нарық­тағы инвестициялық тартым­дылығына көбірек әсер етіп, оларды ашу капитал нарықтарына қол жеткізудің маңызды факторына айналуда.

PwC рейтингі зерттеу нәтиже­леріне негізделген талдау барысында қазақстандық компаниялардың жария есептілігінде ESG-ақпа­рат­тың сапасы, толыққандығы және қол­жетімділігі бағаланды.

2019 жылдан бастап Қазатом­өнеркәсіп есептілікке тұрақты дамуды басқару тәсілдері және БҰҰ-ның тұрақты дамуының жаһандық мақсаттарына қол жеткізуге қосқан үлесі туралы ақпаратты енгізген. 2021 жылғы біріктірілген жылдық есепте ашылған қаржылық емес ақпаратты тәуелсіз растау кезінде компанияның ESG командасы GRI (Global Reporting Initiative): Core Option-ке сәйкестігін қамтамасыз етіп, үздік әлемдік тәжірибеге сай ақпаратты ашу сапасын арттырып отыр.

Өткен жылы аталған компания PwC ESG-ақпаратын ашу рей­тингінің үздік ондығында екінші болған еді. Кәсіпорының позициясын жақсаруы Қазатомөнеркәсіп үшін тұрақты даму тәжірибесін жетілдіруде бәсекеге қабілеттілігін, еліміздің, қоғамның және уран саласының орнықты дамуына елеулі үлес қосқандығын айтуға болады. Барлық мүдделі тараптары ескеріліп, S&P Global Ratings рейтинг агенттігі компанияға 51/100 деңгейіндегі экологиялық, әлеуметтік және бас­қарушылық тәуекелдердің «ESG бағасын» берді. Қазатомөнеркәсіптің ESG бағасы рейтингтік агенттіктің тәуекелдер мен мүмкіндіктерге салыстырмалы бейімділігі туралы және компанияның ұзақ мерзімді тұрақтылығы мен оның жаңа үрдіс­теріне әрі ықтимал іркілістеріне қарай негізделген.

ESG және S&P Global Ratings бағалау әдістемесі экологиялық, әлеуметтік тәуекелдерге ұшырау тұр­ғысынан өнеркәсіптің әрбір секторын жаһандық бағалауға, сондай-ақ апаттар қауіптілігін, әлеуметтік және корпоративтік басқару стандарттарын аймақтық талдауға бағытталған. Компанияның ESG бағалауының ағымдағы 51 баллы тау-кен өнер­кәсібінің Metals & Mining ажырамас экология­лық және әлеуметтік тәуекелдері, компанияның ESG-тәуекелдерді басқару жөніндегі тиімді тәжі­рибесін, ең алдымен оның жер­гілікті және халықаралық дең­гейдегі қызметін қатаң реттелетін сипатына сәйкес көрсетеді. Жалпы тау-кен компаниялары ішінде ESG бағалауында ағымдағы жаһандық ең жоғары балл 68-ді (100-ден), ал әлемдегі тау-кен өнеркәсібінің орташа көрсеткіші 50 (100-ден) құрайды.

ESG бағалануындағы компания қызметінің сандық көр­сеткіштері, сапалық талдау мен өзара іс-қимыл, соның ішінде Қазатомөнеркәсіптің директорлар кеңесінің төрағасы Нил Лонгфэллоу, коммерциялық қызмет жөніндегі бас директор Асқар Батырбаев пен Алуа Байжомартова бастаған кәсіпорынның тұрақты даму жөніндегі кездесулер мен талқылаулар негізінде алынып өз қызметінде әрі басқару әдістерінде ESG жоғары стандарттарын қол­данған. «Қазатомөнеркәсіптің ұстанымы тау-кен өнеркәсібіндегі салыстырмалы компанияларға қарағанда жоғары», – дегенді Қазатомөнеркәсіптің директорлар кеңесінің төрағасы Нил Лонгфеллоу айтты. Компанияның уран өндіру кезінде ең экологиялық әдістердің бірі жерасты ұңғымала­рын шаймалау әдісін қолдану арқасында Қазатомөнеркәсіптің төмен көміртекті электр энергиясын өндіретін ядролық реакторларда пайдаланылатын уранның жетекші өндірушісі ретінде құн­ның төмендету тізбегіндегі жаһан­дық көміртексіздендіруде қосқан үлесін көрсетті. Сондай-ақ компания қауіпсіздік және еңбек ресурс­тары саласындағы тәуекелдерді шетелдің озық тәжірибесіне сәй­кес басқарғандығын әрі берілген баға оның корпоративтік басқару тәжірибесіндегі тұтастай алғанда жергілікті стандартқа сай келе­тіндігін көрсетіп отыр деген пікірде екен­дігін жеткізді агенттік. Сонымен «Қазатомөнеркәсіп» ұлттық компаниясы акционерлік қоғамы ESG рейтингіне көтерілуі бұл қажетті ақпаратты жинау және деректерді жүйелеу жөнінде жоғары деңгейдегі жұмыстардың  жүргізілгендігінің нәтижесінде болып отырған жайт.

ГҮЛМИРА МЕРАЛИНА

180 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

TENGE MONITOR №15

15 Сәуір, 2021

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Рымтай сағынбекова

“TENGE MONITOR” газетінің Бас редактордың міндетін атқарушы