• Отандық өнім
  • 05 Қаңтар, 2023

Kazzinc отандық бизнеске қалай көмектесуде?

Өскеменде еліміздің  ең  ірі кен-металлургиялық компанияларының бірі  «Казцинктің» шағын жән орта бизнеспен әріптестікті талқылап, жыл нәтижесіне есеп беретін дәстүрлі форумы өтті. Іс-шара жергілікті компаниялармен 18 млрд теңгеге офтейк-шарттар мен меморандумдарға қол қоюмен аяқталды.

«Қазцинктің» ірі мердігерлері, мемлекеттік органдардың, ұлттық кәсіпкерлер палатасының, қоғамдық ұйымдардың өкілдері қатысқан жиында компания басшылығы өткен жылды қорытындылап, жаңа жылға арналған жоба-жоспарларымен бөлісті.

«Ірі өнеркәсіп пен шағын және орта бизнестің кооперациясы – бүгінде бүкіл әлемде, соның ішінде Қазақстанда кәсіпкерлікті дамытудың негізгі трендтерінің бірі. Мемлекет басшысының елішілік құндылықтарды дамытуға, қала құраушы кәсіпорындар төңірегінде ШОБ-ты дамыту белдеуін құруға зор маңыз беруі кездейсоқтық емес. Ірі нарық ойыншылары мен шағын бизнес арасындағы осындай әрекеттестік дағдарыс кезеңдерінде орнықтылықты сақтауға көмектеседі, сондай-ақ болашақта сенімді дамуға мүмкіндік туғызады. Компаниямыздың ШОБ-пен бірлескен жұмысында елеулі нәтижелер бар», – дейді «Қазцинк» бас директоры Александр Хмелев.

Бүгінгі таңда 275 мыңнан астам адамды жұмыспен қамтып отырған «Қазцинк» отандық тауар өндірушілермен бірлескен жұмыс аясында айтарлықтай өнегелі же­тістіктерге ие. Ынтымақтастықтың жаңа мүмкіндіктерін қолдап, іздеу үшін компанияда 2012 жылдан бас­тап қазақстандық мазмұнды дамыту бойынша басқарма жұмыс істейді. Ол тауар өндірушілер мен қызмет көрсетушілердің әлеуетін бақылайды. Компания жүзеге асырып жатқан «Қазақстанда бірге жасалған» жобасының отандық компонентін әзірлеуге еліміздің 14 өңірінен кәсіпорындар қатысқан. Тек соңғы бес жылда 5 мыңға жуық қазақстандық компания «Қазцинктің» серіктесі болды. Осы мерзімде отандық кәсіпорындардан тауарларды, қызметтерді сатып алу сомасы 1,6 триллион теңгеден асты.

Жыл сайын жергілікті кәсіп­орындармен 14 мыңға жуық келісім­шарт жасалады. 

Металлургтар импортты алмас­тыруды кеңейту жолдарын табу үшін неғұрлым заманауи әдістерді пайдалануға ұмтылады. Бұрын жүзеге асырылған жұмыстарға қосымша «Қазцинк» қыркүйектен бастап «Серiктес» бизнес-жобасын іске қосты. Міндеттердің бірі – елішілік құндылықты дамытудың күн тәртібіне белсенді кірігу, импортты алмастырудың жаңа бағыттарын қарастыру. Байқау ШОБ субъектілері арасында өте танымал болды. Алғашқы төрт айда 130 өтінім зерделенді, 48 жоба қарауға қабылданды.

Маңызды жобалар қатарында: автоматтандырылған басқару жүйелерін енгізуге маманданған «ROGR Electronics» ЖШС; гидрав­ликалық цилиндрлерді, тығыз­да­ғыштарды және басқа да резеңке бұйымдарды өндірумен және жөндеумен айналысатын «SP Jet» ЖШС; тау-кен байыту жабдықтарына, машиналарына қосалқы бөлшектер шығаратын «НПЦ РТИ Композит» ЖШС; Қа­зақстандағы өнеркәсіпті автоматтандыру саласында жетекші орын алатын өндірістік және инжинирингтік компания – «Силюмин-Шығыс» ЖШС;  газ түзетін қоспаларды, жарылғыш заттарды өндіруші «Орика-Қазақстан» АҚ; жоғары қысымды шлангтарды, фитингтерді, сондай-ақ гидравликалық жүйелерге арналған жабдықтарды өндіретін «Eврогидросервис» ЖШС; гидро­механикалық жабдықтар мен гидро­техникалық құрылыстардың арнайы темір конструкцияларын жасаумен айналысатын «Гидросталь» ЖШС-дағы және басқа да кәсіпорындардағы  өндірісті жаңарту мен кеңейту қадамдары бар. Сол сияқты «Георгиевский сорап қондырғыларының зауыты» серіктестігінде жеткізілетін өнімдер – сорғы қондырғылары, экскаваторларға, бульдозерлерге, диірмендер мен ұсақтағыштарға қосалқы бөлшектерді ұлғайту жос­парлануда. Ал «Қазақ содасы» серік­тестігінде қуаттылығы жылына 500 000 тоннаға дейін елімізде бұрын болмаған кальцийленген сода өндіретін зауыт салу жоспарлануда.

Бұлардан бөлек, «Қазцинк» «Серік­тес» байқауы аясында әлеумет­тік жо­­баларға да қолдау көрсетіп келеді.

Форум қорытындысында  осы байқау аясында 18 млрд теңгеден астам сомаға 13 отандық өндірушілер тартылды, оның 1200-ден астамы – жергілікті жұмыскерлер.

«Серіктес» байқауы ШОБ-пен ынты­мақтастық шекарасын нығайтады, – деп есептейді Шығыс Қазақстан облысы кәсіпкерлер палатасының директоры Қайрат Мамырбаев. – Бұл бизнес үшін импортты алмастыруға қызығушылық танытудың, ауқымды өндіріспен нақты байланыс нүктелерін табудың, ұсыныстар берудің және де қаржы­ландыруға үміткер болудың бірегей мүмкіндігі,  яғни, даму мен өркендеу жолындағы өте маңызды шара».

БОТАГӨЗ ӘБДІРЕЙҚЫЗЫ

143 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

TENGE MONITOR №15

15 Сәуір, 2021

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Рымтай сағынбекова

“TENGE MONITOR” газетінің Бас редактордың міндетін атқарушы