• Руханият
  • 19 Қаңтар, 2023

ХАН ОРДАСЫ

Хан ордасы Қарағанды облысы, Ұлытау өңіріндегі Тамды өзенінен бір шақырым жерде орналасқан.
Бұл жазық далада орны сақталған аса маңызды тарихи ескерткіш. Хан ордасының сырты дуалмен, оның іргесі айнала ормен қоршалған. Орға арық арқылы іргесіндегі өзеннен су тартылған. Хан ордасы негізгі екі бөліктен – хан ордасы мен қызметшілер тұратын сыртқы қоршаудан тұрған. Аталған қоршаудың арасы дуалмен бөлінген. Дуалдың ішінде ханның салтанатты шатыры, басқа да жаздық баспаналар орналасқан болатын. Оның бұрыштарында қарауыл мұнаралары болған. Хан ордасына бір ғана қақпа орнатылған.
Академик Әлкей Марғұлан Хан ордасын ІХ-ХІІІ ғасырларда қорғаныс үшін тұрғызылған қамал-бекіністер тобына жатқызған.
Тарихи деректер бойынша бұл жерде тарихқа аты белгілі хандарды ақ киізге көтеріп, хан сайлап, олар халқына адал қызмет етуіне ант беріскен. Хан ордасының басты қызметі хандарды ұлықтау болған.
Ұлытаудағы Хан ордасы танымдылығы жоғары туризм нысаны болып табылады.

172 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

TENGE MONITOR №15

15 Сәуір, 2021

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Рымтай сағынбекова

“TENGE MONITOR” газетінің Бас редактордың міндетін атқарушы