• Мәдениет & Спорт
  • 19 Қаңтар, 2023

Душанбеде өткен думан

Тәжікстан Республикасының астанасы Душанбе қаласында Қазақстан мен Тәжікстан арасындағы дипломатиялық қатынастардың 30 жылдығына орай концерт өтті.

Аталмыш іс-шара Қа­зақ­стан Республикасының Тә­жік­стан Республикасындағы елшілігінің бастамасымен және Түркістан облысы әкімдігінің қолдауымен ұйымдастырыл­ған. Мерекелік концертте Түркіс­тан облысы мәдениет басқар­масына қарасты Шәмші Қал­даяқов атындағы облыстық филармониясының жезтаңдай әншілері мен дәу­лескер күй­шілері өнер көрсетті.

Салтанатты шараға Тәжікстан Республикасының министр­ліктері мен ведомстволарының және БАҚ өкілдері мен аккредит­телген дипломатиялық кор­пус шақырылды. Қазақстан­ның Тәжікстандағы төтенше және өкілетті елшісі Уәлихан Төреханов өзінің құттық­тау сөзінде екі ел басшылары арасындағы өзара қарым-қа­ты­настың жоғары деңгейін, стратегиялық әріптестік, өзара тиімді сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық дамуының оң динамикасын, сондай-ақ қазақ және тәжік халықтары арасындағы достық пен тату көршіліктің берік байланыстарын атап өтті.

Салтанатты іс-шара бары­сында қазақтың халық әндері мен күйлері, сондай-ақ қа­зақ­тың біртуар азаматтары Ш.Қал­­даяқов, Н.Тілендиев, М.Байбосынов және басқа да автор­лардың әндері шырқалды. Сондай-ақ тәжіктің белгілі ән­дері орындалды.

Айта кетейік, екі ел арасын­­дағы дипломатиялық қатынас­тардың 30 жылдығына орай алдағы уақытта да бірқатар іс-шаралар өткізу жоспарланып отыр.

САЛТАНАТ ҚАЖЫКЕН

 

125 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

TENGE MONITOR №15

15 Сәуір, 2021

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Рымтай сағынбекова

“TENGE MONITOR” газетінің Бас редактордың міндетін атқарушы