• Инфрақұрылым
  • 19 Қаңтар, 2023

Abu Dhabi Ports Құрық портын дамытуға ниетті

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Біріккен Араб Әмірліктеріне ресми іссапары аясында Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Әмірліктер тарапымен теңіз айлақтарының инфрақұрылымын дамыту мен әуе қатынасы саласындағы әріптестікті нығайтуға бағытталған меморандумдарға қол қойды.

Қазақстан мен БАӘ ара­сындағы экономикалық байла­нысты нығайту мақса­тында, оның ішінде көлік-логистика саласындағы әріп­тестікті арттыру үшін қазір Abu Dhabi Ports компаниясымен теңіз порт­тарының инфрақұрылымын дамыту бойынша бірлескен жобаларды жүзеге асыру көзделіп отыр.

Осы бағыттағы жұмысты тиімді іске асыру үшін ми­нистрлік Abu Dhabi Ports-пен өзара түсіністік туралы уағдалас­тыққа қол жеткізді.

Соған сәйкес аталған ком­па­нияға контейнерлік хаб пен Құрық портында «Саржа» көп қызметті терминалын салу, сондай-ақ кеме шығарып, жөндейтін зауыттың құрылысына байланысты жобалар ұсынылды.

«Таяуда Abu Dhabi Ports-тың басшысы Мұхаммед Әл-Шамсимен онлайн режімде келіссөздер жүргізіп, оның нәтижесінде Әмірліктер тарапы Құрық портын дамы­туға қызығушылық танытып отырғаны белгілі болды. Сондай-ақ БАӘ-мен «Қазақ­теңізкөлікфлоты» ЖШС-не 2 танкер беру бойынша да келіссөздер жүргізіліп жатыр. Жоғарыда айтылған жобаны іске асыру үшін Abu Dhabi Ports – «ҚазМұнайГаз» – «Қазақтеңізкөлікфлоты» арасында бірлескен кәсіпорынды құру жоспарланған», – деді ин­дустрия және инфрақұры­лымдық даму министрі Марат Қарабаев.

Сонымен қоса Прези­денттің ресми сапары кезінде еліміздің ұшу географиясын кеңейтумен бірге БАӘ арасындағы әуе қатынасын одан әрі нығайту үшін екі елдің авиациялық биліктері Авиациялық қаты­нас туралы ведомствоаралық меморандумға қол қойды.

304 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

TENGE MONITOR №15

15 Сәуір, 2021

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Рымтай сағынбекова

“TENGE MONITOR” газетінің Бас редактордың міндетін атқарушы