• Мәдениет & Спорт
  • 26 Қаңтар, 2023

Карикатура тарланы

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Орталық музейінде елімізге танымал карикатурашы-суретші, мәдениет қайраткері, Суретшілер, Журналистер, Жазушылар одақтарының мүшесі Еркін Нұразханның «Карикатура тарланы» атты жеке көрмесі ашылды.

Ол қазақ бейнелеу өнерін­де карикатура, шарж (достық әзілді портрет) жанрының қа­лыптасып, дамуына өзіндік үлесін қосқан, бүгінде осы бағыттың көшбасшысы саналатын танымал суретші.Суретші-карикатурашы 1982 жылдан бастап әдебиет, өнер және қоғам қайраткерлері­нің әзіл портреттер галерея­сын жасап келеді. Ол еліміз тәуелсіздік алған жылдар ішіндегі әлеуметтік-эко­номикалық, саяси өміріміз­дегі келеңсіз құбылыстарды сынға алған сатиралық сурет­тер топтамасын дүниеге әкелді. Сондай-ақ, оқырмандарға өзекті мәселелерді көтерген ма­қа­лалары және деректі дүние­лерімен танылған қаламгер. Суретшінің тақырыптары әр алуан, бейнелеген кейіпкер­лері сан қырлы мінез-құлықты болса, сурет салудағы техника­сы тым қарапайым. Негізінен қағаз, қаламұш, тушь, аква­рель бояуы, гельді қалам, түсті қарын­­­даш­тарды қолданады.

Карикатурашыны шығар­ма­шылыққа жетелеген – өмір­дің өзі. Ол қоғам мен адам, саясат пен заман кеңістігінде қайшы­ласқан мүдделер майданы мен керағар көзқарастарды жіті бақылап, ақ-қарасын анықтап, ішке жиған-түйгенін ел на­зарына ұсынды. Көрерменін бей-жай қалдырмай, қоғам мен заманның кілтипанын табуға үндеп, сол процестерге қатысуға, ой түюге, әркімді өз ұстанымын анықтап алуға шақырады. Осыдан келе  суретшінің азаматтық по­зициясы анықтала түседі. Ол әділдік пен адалдық, шындық пен ақиқат жағында болып, халықтың мұң-мұқтажын жет­кізіп, өмірдегі өзгерістер­ге солардың тұрғысынан қарап, бағасын бере алса — нағыз халықшыл суретші, өз елінің патриоты болғаны. «Карикатура тарланы» көрмесі соның дәлелі.

Көрмеге келушілер суретші-карикатурашының шыншыл да айқын сырларға толы дүние­танымымен табысады.

АЙЖАН ЖАСБАТЫРҚЫЗЫ

 

343 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

TENGE MONITOR №15

15 Сәуір, 2021

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Рымтай сағынбекова

“TENGE MONITOR” газетінің Бас редактордың міндетін атқарушы