• Өндіріс өрісі
  • 02 Ақпан, 2023

Уранға сұраныс артып отыр

«Қазатомөнеркәсіп» ұлттық атом компаниясы» акционерлік қоғамы өткен жылғы қызметінің операциялық нәтижелерін жариялады.

Онда уран және ядролық салалардағы соңғы оқиғалар жиынтығын, былтырғы жылы атқарылған қызметтің негізгі нәтижелері мен биылғы жылға арналған қаржылық емес болжамдарға қатысты ақпараттармен бөлісті.

Нарыққа шолсақ, былтыр қара­шада Шарм-эль-Шейхте, Париж келі­сімінде баяндалған жаһандық климаттық (КС 27) мақсаттарға қол жеткізу үшін қабылданған шараларды талқылауда климаттың өзгеруі жөніндегі кезекті Біріккен ұлттар ұйымның конференциясында КС 27 қорытындысы бойынша келісім жобасы әзірленді. Онда климаттың өзгеруі проблемаларын шешудің жан-жақты тәсілін қолдану маңыздылығы айқындалғандығы бар. Айтар болсақ, энергетикалық кешендер мен жүйе­лерді әртараптандыру аясында келісім шығарындылары төмен және жаңартылатын энергия көздерін пайдалану деңгейін ұлғайтуға бағытталған болатын. Ол әлемдік энергетика­лық жүйені көміртексіздендіруге технологиялық инклюзивтілік тұжы­рымдарды шақыруға қосуы, атом энергетикасымен бірге оны дамыту мүмкіндігін жақсартады деген сенімде. Өткен жылы Польша үкіметі энергетика тәуелсіздігін нығайтуда көмір­ді энергия көзі ретінде пайда­ланудан бас тартуға және бірінші атом электр станциясының құрылысын жүзеге асыру үшін америка үкіметімен, Westinghouse Electric Co. (Westinghouse) ком­паниясымен,ынтымақтасуға ше­шім қабылдады. Келісімге сәйкес, поляк ядролық энергетикалық бағ­дарламасының бастапқы кезеңін іске асыруда Westinghouse қысымды сумен (PWR) AP1000 түріндегі үш реактор қамтамасыз ететіндігін, 2040 жылдардың басында Польша жалпы қуаты 6-дан 9 ГВт-қа дейінгі атом энергиясын өндіруге, ал 2033 жылы Westinghouse орнататын алғашқы реакторды іске қосуды жоспарлап отыр. Поляк үкіметі мәлімдегендей, аталған елде алғашқы үш блокты атом электр станциясы Балтық теңізіне жақын Любятово-Копалино ауданының жағалауға жақын Чочево кентінде орналасатын болды. Ал Нидерланды үкіметі 2035 жылға қарай қолданыстағы «Борселе» атом электр станциясының алаңында екі реактор салуды жоспарлаған. Онда үшінші буынды екі реактордың әрқайсысы қуаты 1000 МВт-тан 1650 МВт-қа дейін болатындығы, атом энергиясын таңдау климаттық мақсаттарға және көміртегі шығарындыларының нөлдік деңгейіне жету үшін 2040 жылдан кешіктірмей Нидерланды электр энергиясын өндіруде таза энергия көздерінің барлық түрлерін пайдалануы керек. Соныдай-ақ, үкімет «Борселе» бір блокты атом электр станциясының қызмет ету мерзімін 2033 жылы аяқталатын лицензияның қолданылу уақытынан тыс ұзарту жоспарын жариялады.

Ұлыбританияның бизнес, энергетика және өнеркәсіптік стратегия министрлігі ядролық отын өндірісін қолдау және жетілдірілген реакторларды әзірлеу үшін 77 миллион фунт стерлинг көлемінде мемлекеттік қаржыландыруды ұсыну жоспарлары туралы мәлімдеді. Бұрын Westinghouse компаниясына Англияның Ланкашир округіндегі Springfields алаңында конверсиялық қуаттылықты орналастыруды зерттеуге 13 миллион фунт стерлинг бөлген болатын. Ұлыбританияның жетілдірілген модульдік реакторды зерттеу және дамыту бағдарламасына жоғары температуралы газ реакторын зерттеуді қолдау үшін 60 миллион фунт стерлинг бөлінді, оны 2030 жылдардың басында пайдалануға берледі деп күтілуде.

Қыс мезгілінде электр энер­гиясының тапшылығы туралы алаң­даушылыққа жауап ретінде неміс заң шығарушылары бұрын 2022 жылдың соңына жоспарланған елдің соңғы үш атом электр станциясын пайдаланудан шығаруды 2023 жылдың сәуір айының ортасына дейін кейінге қалдыруға келісті. Германияның атом энергиясы туралы заңы «Изар» атом электр станциясының №2, «Неккарвестхайм» атом электр станциясының №2 және «Эмсланд» атом электр станциясының энергия блоктарының жұмысын ұзартудың құқықтық негіздерін белгілейді. Германия үкіметінің энергия блоктарының қызмет ету мерзімін ұзарту туралы шешімі «Жасылдар» антиядролық партиясы мен қалған реакторларды 2024 жылға дейін сақтауды қалайтын, бизнесті қолдайтын Еркін демократиялық партия арасындағы ымыраға келу ретінде қарастырылады.

2022 жылдың желтоқсан айының соңында Жапония үкіметі атом энергетикасын жандандыру жоспарын бекітті. Жаңа саясатқа сәйкес, Жапония тоқтатылған реакторларды қайта іске қосуды жеделдете отырып, қолда бар ядролық қуаттарды барынша пайдаланатынын жариялады, бұл өз кезегінде «Фукусима» атом электр станциясындағы апаттан кейін қабылданған атом энергетикасынан біртіндеп бас тарту жоспарын жояды. Ядролық реакторлардың максималды пайдалану мерзімін ұлғайту ниеті (ағымдағы ең ұзақ мерзім – 60 жыл), сондай-ақ пайдаланудан шығарылған реакторларды ауыстыру үшін жетілдірілген реакторларды әзірлеу жоспарлары жарияланды.

Атом саласына қатысты саяси шаралардан басқа, төртінші тоқсанда уранға деген сұранысқа қатысты бірқатар жаңа оқиғалар белгілі болды.

Росатом Египетте «Эль-Дабаа» атом электр станциясының екінші энергия блогы құрылысының басталғанын жариялады. «Эль-Дабаа» атом электр станциясы­ның екінші блогы – Жерорта теңізінің Египет бөлігінің солтүстік жағалауында салынатын төрт ресейлік ВВЭР-1200 реакторларының бірі екендігін ескерсек, Венгрия Парламенті мемлекеттің ортасында орналасқан «Пакш» атом электр станциясында жұмыс істеп тұрған төрт ВВЭР-440 реакторының қызмет ету мерзімін ұзарту жоспарларын мақұлдады. Үкіметтің мақұлдауымен «Пакш» атом электр станциясын қосым­ша 20 жыл ішінде пайдалануға дайындық жұмыстарын бастауға болатындығы айтылды. Осыған ұқсас, тоқсан аяқталғаннан кейін көп ұзамай, 2023 жылдың басында француздық ENGIE энергетикалық компаниясы мен Бельгия үкіметі «Дул» атом электр станциясының №4 және «Тианж» атом электр станциясының №3 энергия блок­тарының қызмет ету мерзімін 2035 жылға дейін он жылға ұзартуға келісті. China National Nuclear Corp. (CNNC) Қытайдың Шандун провинциясындағы «Хайян» атом электр станциясының №4 блогында Cap-1000 қысымды су реакторының (PWR) құрылыс кезеңінің бастал­ғанын жариялады, ол State Power Investment Corp (SPIC) компаниясымен басқарылатын жоба және сол компанияға тиесілі болып табылады. Былтырғы жыл аяқталғаннан кейін көп ұзамай China General Nuclear (CGN) Қытайдың Гуансис автономиялық ауданында орналасқан «Фанчэнган» атом электр станциясының №3 блогы алғаш рет желіге қосылғанын хабарлады. 1 180 мегаватт қысымды су реакторы (PWR) 10 қаңтарда электр желісімен синхрондалды, ал оны коммерциялық пайдалануға берілуі 2023 жылдың екінші жартысына жоспарланған. Жыл аяқталуына тәмам «дәстүрлі емес сұранысқа» байланысты бірқатар оқиғалар орын алды.

Желтоқсан айында АҚШ Энергетика министрлігінің ұлттық ядролық қауіпсіздік басқармасы (NNSA) «АҚШ-тың уран қоры» бағдарламасы шеңберінде АҚШ-тың бес амери­кандық уран өн­дірушілермен (enCore Energy, Energy Fuels, Peninsula Energy, Ur-Energy және Uranium Energy Corp) 1,1 млн фунт U3O8 жеткізу туралы келісімшарттар жасасты. Бұл мәмілелер АҚШ үкіметінің АҚШ-тың ядролық отын жеткізу тізбегі мен өндірістік қуатын қолдау үшін 2020 жылы АҚШ Конгресі мақұлдаған және 75 миллион АҚШ доллары мөлшерінде бөлінген қаражаттың бөлігі болып табылады. Уран өндірушілермен келісімшарттардан басқа, NNSA U3O8-ді уран гексафторидіне (UF6) түрлендіру үшін ConverDyn компания­сымен құны 14,5 миллион АҚШ доллар құрайтын бір көзден бес жылдық келісімшарт жасасты.

Қытайдың Қазақстанмен шы­ғыс шекарасында орналасқан Алашанькоудағы табиғи уран қоймасы табиғи уранның бірінші партия жеткізілімін сақтау үшін қабылдады. Құрылысы үш кезең­мен жүргізіліп жатқан қойма, алдағы жылдары уран саудасының ірі орталығына айналуы тиіс. 3 000 тоннаға дейін уранды (7,8 миллион фунт U3O8) сыйдыра алатын I Кезең 2021 жылдың соңында сәтті аяқталды, қазіргі уақытта 10 000 тоннаға дейін (26 миллион фунт U3O8) қосымша сыйымдылығы бар II Кезеңнің құрылысы жүріп жатыр.

Ұсыныс жағына келетін болсақ, 2022 жылдың 9 қарашасында Cameco корпорациясы МакАртур-Ривер кенішінен алынған уран кенінің алғашқы фунттары Ки-Лейк кәсіпорнында өңделіп, қапталғаны туралы мәлімдеді. Бұл осы кәсіпорындардың 2018 жылдың қаңтарында тоқтатылып, техникалық қызмет көрсету ре­жиміне ауысқаннан кейін қайта іске қосылғанын білдіреді. Cameco корпорациясы осы кәсіпорындарда 2024 жылдан бастап жылына 15 миллион фунт U3O8 (100% негізде) өндіруге ниетті, бұл олардың жылдық лицензияланған қуатынан 40%-ға аз және ағымдағы стратегия­сы мен тұтынушылардың қажет­тіліктеріне сәйкес өндірістік шешім­дерінің щеңберінде негізделіп отыр.

Биылғы жылы компанияның өндіріс көлеміндегі болжамдар 2018-2023 жылдар кезеңінде жос­парланған өндіріс көлемін жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттар шеңберінде белгіленген өндіру деңгейімен салыстырғанда 20%-ға қысқарту ниетімен нарыққа бағдарланған стратегияға сәйкес бұрынғысынша сақталады. 2023 жылы өндіріс көлемі 20 500-ден 21 500 тоннаға дейін уранды және 100% негізде және тиісінше меншік үлесіне пропорционалды түрде 10 600-ден 11 200 тоннаға дейін уранды құрайды деп күтілуде. Өткен жылмен салыстырғанда биылғы жылға арналған болжамды өндіріс көрсеткіштерінің төмендеуі негізінен кідірістерге байланысты қиындықтардың жалғасуына және белгілі бір негізгі материалдарға, соның ішінде күкірт қышқылына және жабдыққа қол жетімділіктің шектелуіне байланысты болып, бұл ұңғымаларды өткен жылы пайдалануға беру кестесіне әсер еткен еді. Сату көлеміне келсек, биыл 15 400-ден 15 900 тоннаға дейін уранды, оның ішінде ҚАӨ диапазонындағы сату көлемі бойынша күтулер 12 100 – 12 600 тонна уран болып отыр. 2022 жылмен салыстырғанда U3O8 Топ пен ҚАӨ бойынша болжамды сату көрсеткіштерінің 2023 жылға төмендеуі U3O8 ҚАӨ-тен өндірілетін отын таблеткаларын қоса алғанда, бірақ олармен шектелмей, U3O8-ден басқа сату көлемінің ұлғаюына және нысандардағы өндіріс көлемінің күтілетін төмендеуіне байланысты. Компанияның шамамен алты-жеті айлық өндіріс көлеміне қатысу үлесіне пропорционалды сәйкес келетін қорлардың қоймалардағы қалдықтардың мақсатты деңгейін сақтауға тырысады. Компания спот-нарықта уран сатып алу бойынша мәмілелер жасай отырып, тауар­лық-материалдық құндылықтар деңгейін оңтайландыруға мүм­кіндік беретін мүмкіндіктерге нарық­тық жағдайларды бақылауды жалғастырады.

Өндірістік материалдар мен реагенттерге инфляциялық қысымды қоса алғанда, қажетті шикізат пен материалдарды жеткізудегі қиындықтар 2023 жылға дейін жалғасқаны, бұл компанияның қаржылық көрсеткіштеріне әсер етті. Бұдан өзге, компанияның шығыстарына 2023 жылы күшіне енген Салық кодексіндегі пайдалы қазбаларды өндіруге салынатын салық бөлігінде салық салудың өзгеруі және әлеуметтік саладағы аударымдарға ықтимал сұрау салулар әсер етеді, алайда қазіргі уақытта бұл тәуекелдерді сандық анықтау немесе бағалау мүмкін емес. Компанияның 2023 жылға арналған қаржылық көрсеткіштері бойынша болжамдардың жариялануы осы жылдың 14 наурызына жоспарланып отыр.

ГҮЛМИРА МЕРАЛИНА

35201 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

TENGE MONITOR №15

15 Сәуір, 2021

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Рымтай сағынбекова

“TENGE MONITOR” газетінің Бас редактордың міндетін атқарушы