• Бизнес & Қоғам
  • 07 Ақпан, 2013

БІЛЕКТІ БІРДІ ЖЫҒАР, БІЛІМДІ МЫҢДЫ ЖЫҒАР!!!

ҚР Президентінің «Қазақстан-2050» стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына 2012 жылғы Жолдауының басты негізін құраушы басымдылықтарының бірі  қазіргі білім беру, кадрларды дайындау және қайта дайындау жүйесінің негізгі басты бағыттары – білім мен кәсіби дағдыны қалыптастыру болып табылады.   

 Расында да, біз жоғары білімді ұлтты қалыптастыра отырып, бәсекеге лайықты ел бола аламыз. Білім еш уақытта құнсызданбайды, ол мыңды жығатын, әлемді бағындыратын күш. Қазіргі заман тек сауатты болуды аздық етеді, ол әлемді бағындыратын, адамзат үшін жағдай жасайтын деңгейге жетуімізді талап етеді. Соның ішінде, қоғамдағы білім беру институттарының алар орны ерекше. Әсіресе, жоғары оқу орындарының жастардың инновациялық тұлға болып қалыптасуында атқарар  ролі өте жоғары.

Елбасы жолдауында жоғары оқу орындарының білім беру қызметімен шектеліп қана қоймай, қолданбалы және ғылыми-зерттеу бөлімдерін құруы және дамытуы қажет екендігі айтылған. Жоғары оқу орындары кәсіпорындармен, яғни жұмыс берушілермен біріге отырып жұмыс жасағанда ғана жоғары оқу орындарының жұмысы жандана түседі, әлеуметтік институт ретінде қызметін толықтай атқарады. Сонымен, жолдауда ғылым мен бизнестің кооперациясын толыққанды қалыптастыруға екпін жасалған. Орта және жоғары білім беру жүйесін дамыту үшін мемлекет пен жеке меншік серіктестігінің желісін құру, сондай-ақ оқуға түсудегі гранттың көп деңгейлік жүйесін өңдеу алға тартылды. Бұл студент үшін де, және кәсіпорын үшін де тиімді жағдайды тудырмақ. Өйткені студент оқу барысында қаншама ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізеді, өндірістік тәжірибеден өтеді. Осы ғылыми-зерттеу жұмыстарын студент кәсіпорынның пайдасы үшін жүзеге асыра алады. Сондай-ақ, бұл жас мамандардың жұмыспен қамтамасыз етілуіне үлкен жағдай тудырады.  

Қазіргі заман жаңалықтарды жылдам қабылдап, жылдам енгізуді талап етеді. Бүгінгі инновация, ертең ескіге айналуы әбден мүмкін. Сондықтан, қоғам мен білім беру институттарының үздіксіз байланыста болуы қажет. Әрине, білім – басты капитал. Дегенмен осы білімнің әрдайым сұранысқа ие болуы үшін ол толықтырылып, жаңарып, жетілдіріліп отырылуы тиіс. Еліміздің, жеріміздің ерекшеліктерін ескере отырып, инновациялық қоғам құру – осы білімге келіп тіреледі.

Елбасы өз сөзінде, бұл Жолдауды жүзеге асыруда жастарға аса үміт артатындығын айтып өтті. Игілікті болашақ құру – жаңа саяси және экономикалық курстың үздік білім беруге көзделгендігіне екпін жасады. Жас ұрпақтың жаңа курсты жүзеге асырушы күш екендігі айқын. Біз жастар - қазір өңделіп жатқан жаңа жастар мемлекеттік саясаты тұжырымдамасының жастар үшін барлық жағдайды тудыратындығына сенім артамыз! Әрбір жастың жетістігі – Еліміздің жетістігі екендігімен толықтай келісемін! Жастарымыздың білімі арта берсін!!!

Нұран Динара Нұранқызы, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің әлеуметтану және әлеуметтік жұмыс кафедрасының аға оқытушысы

1825 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

TENGE MONITOR №15

15 Сәуір, 2021

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Рымтай сағынбекова

“TENGE MONITOR” газетінің Бас редактордың міндетін атқарушы