• Бизнес & Қоғам
  • 07 Ақпан, 2013

Жаңа дәуірдегі даму бағыты

Қазақстан елі – егеменді мемлекет болғалы бері 20 жылдан астам уақыт өтіпті, осы жылдар қазақ халқы  үшін жемісті де, жеңісті жылдар болғаны айдан анық.  Бүгін біз өзіндік ерекшелігі, жеке тарихы, өзіндік ұстанымы бар мемлекетпіз.

2012 жылдың 14 желтоқсанында елбасының  халыққа арнаған «Қазақстан 2050 стратегиясы»  - тұрақтанған мемлекеттің жаңа саяси курсы» жолдауы  тәуелсіз мемлекетіміздің  жаңа алдыға қойған мақсаты мен белесі болып табылып отыр. Осы мақсаттар мен белестерге жету үшін бәріміз жұмылып күш-жігерімізді аямасақ, 2050 жылға қарай экономикамыз дамыған мықты мемлекетке айналатынымызға толық сенемін. Осы стратегияда қазақ халқының құндылықтары болып табылатын – мемлекеттік тілімізбен, дінімізге де ерекше көңіл бөлінген. Тіл – қай ұлттың болмасын тарихы мен тағдыры, тәлімі мен тәрбиесінің негізі, қатынас құралы. Мемлекеттік тілдің позициясын нығайту үшін көптеген іс-шараларды атқаруымыз қажет екеніде айтылып кеткен. Елбасымыздың «Қазақ қазақпен қазақша сөйлессін» - деген сөзі де осыған байланысты айтылған. 2025 жылдан бастап латын әліпбиіне көшіру  мәселесі де ұлтымыздың болашағына үлкен өзгерістер әкелетіні сөзсіз.

Қазіргі таңда қалыптасып отырған осындай күрмеуі қиын ахуал, қазақ тілінің болашағын бүгіннен бастап ойлауды талап етеді. Тіліміздің мемлекеттік дәрежесі де, оның сөздік қорының молдығы, көркемдігі мен әуелсіздігі де тарих қойнауына сіңу қаупін сейілдіре алмайтындығын терең сезінуіміз қажет. Сондықтан да қазақ тілі мәселесі саясат пен ғылым қайраткерлерінің ғана емес, әрбір қазақстандықтың, жүрегі елім деп, жерім деп соғатын әрбір ұлтжанды азаматтың тыныс-тіршілігінің өзегіне айналуы тиіс.

Тіл біздің негізгі байлығымыз, сондықтан оны құрметтеу және қадірлеу ол әрбір қазақтың міндеті. «Жалғыздықтың үні шықпастығын» ұғынуымыз, тіл келешегі жолында күш-қайратымызды, ақыл-ой, білім-білігімізді бір арнаға тоғыстыруымыз қажет. Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы халықтың түрлі әлеуметтік топтарымен, әсіресе өскелең буынмен қоян-қолтық жұмыс істеп, ана тілінің тағдыры – ел тағдыры екендігін ұғындыруды маңызды міндет санайды, ұлттық әлеуметтік, рухани ұмтылысын болашаққа бағыттауды, төл құндылықтарымызға негізделген озық тіл өркениеті іргетасын қалауды мақсат тұтады. Ата-бабадан бізге мұра болып қалған құндылықтарымызды болашақ ұрпаққа қаймағын бұзбай жеткізу ол әрбір қазаққа артылған жүк деп есептейік.

Айдарбекова А.С. Әл-Фараби атындағы  Қазақ Ұлттық  университетінің  әлеуметтану және әлеуметтік жұмыс кафедрасының оқытушысы

402 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

TENGE MONITOR №15

15 Сәуір, 2021

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Рымтай сағынбекова

“TENGE MONITOR” газетінің Бас редактордың міндетін атқарушы