• Бизнес & Қоғам
  • 21 Ақпан, 2013

Көкейде жүрген сауалдар

- Балалар үйінен бала асырап алғым келеді. Алайда мен үйленбегенмін. Жақсы қызметтемін және өз баспанам да бар. Осы жағдайымда бала асырап алуыма болады ма? Ол үшін тиісті қандай құжаттар қажет? Нұрасыл, Қызылорда облысы

- Құрметті Нұрасыл! ҚР «Неке және отбасы туралы» кодексінің 91-бабының 11-тармағына сәйкес, анасының қайтыс болуына немесе оның ата-ана құқықтарынан айырылуына байланысты баланың кемінде үш жыл іс жүзінде тәрбиелену жағдайларын қоспағанда, тіркелген некеде тұрмаған (ерлі-зайыпты болмаған) ер жынысты адамдардың бала асырауына болмайды. Сондықтан да сіздің жағдайыңызда бала асырап алу мүмкін емес.  

 

- Қызметкер қажеттілікке байланысты еңбек демалысынан кері шақыртылған жағдайда, пайдаланылмаған еңбек демалысының күндерін алуға міндетті ме? 

Әділ, Талдықорған қаласы

- Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексінің 109-бабына сәйкес, жұмыс берушi жыл сайынғы ақылы еңбек демалысын тек қызметкердiң жазбаша келiсiмiмен ғана үзуi мүмкiн. Қызметкердiң жұмыс берушiнiң ұсынысынан бас тартуы еңбек тәртiбiн бұзу болып табылмайды. Жыл сайынғы ақылы еңбек демалысынан шақыртып алуға байланысты пайдаланылмаған бөлiгi еңбек шарты тараптарының келiсiмi бойынша ағымдағы жыл iшiнде немесе келесi жұмыс жылында кез келген уақытта берiледi немесе келесi жұмыс жылындағы жыл сайынғы ақылы еңбек демалысына қосылады. Қызметкердi жыл сайынғы ақылы еңбек демалысынан шақыртып алған кезде демалыстың пайдаланылмаған бөлiгiн басқа уақытта берудiң орнына қызметкер мен жұмыс берушiнiң арасындағы келiсiм бойынша қызметкерге жыл сайынғы ақылы еңбек демалысының пайдаланылмаған бөлiгiнiң күндерi үшiн өтемақы төлемi жүргiзiлуi мүмкiн. 18 жасқа толмаған қызметкерлердi, жүктi әйелдердi және ауыр жұмыстарда, еңбек жағдайлары зиянды (ерекше зиянды), қауiптi жұмыстарда iстейтiн қызметкерлердi жыл сайынғы ақылы еңбек демалысынан шақыртып алуға жол берiлмейдi.

Әзірлеген Мақпал САҒЫНДЫҚ

422 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

TENGE MONITOR №15

15 Сәуір, 2021

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Рымтай сағынбекова

“TENGE MONITOR” газетінің Бас редактордың міндетін атқарушы