• Бизнес & Қоғам
  • 21 Ақпан, 2013

БОЛАШАҚҚА ЖАҢА КӨЗҚАРАС

Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Қазақстан 2050»  стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты жолдауы еліміздің маңызды саяси құбылысы болғаны сөзсіз. Аталмыш жолдауды еліміздің миллиондаған  азаматтары тыңдады. Жолдаудың  негізгі мазмұны барлық қазақстандықтардың басым мүдделері мен дүниетанымын қамтыды деп айтсам, қателеспеймін деп ойлаймын. Елбасы өзіне тән жаһандық деңгейдегі саясаткер мен ғалым ретінде еліміздің жаңа болашаққа серпінді қадам жасаудың негізгі бағыттарын айқындады. «Қазақстан 2050»  стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты болжау заманауи білім беру мен денсаулық сақтаудың тиімді жүйесін құру, ұлттың интеллектуалдылығын жоғарылату, мемлкеттілігімізді дамыту, жаңа әлеуметтік үлгіні қалыптастыру мен саясаттың жаңғыруы секілді   мәселелерді  толығымен қамтитын құнды құжат болып табылады.

            Елбасының асқақ арманы – Қазақстанның әлемдік деңгейде бәсекелестікке қабілеттілігі, экономикалық және технологиялық дамуы мен халықтың өмір сапасы бойынша жетекші орындарға ие гүлденген және күшті ел болуы.  Осы мақсатты жүзеге асыруға әрқайсымыздың өзіндік үлесімізді қосуымыз еліміздің алдыңдағы борыщымыз болып табылады.  Дегенмен, бұл тек арман ғана емес,  тиімді  саясат негізінде тәжірибе жүзінде қарқынды жүзеге асырылып жатқан  ғылыми негізделген саяси курс болып табылады,  осының дәлелі 2012 жылғы жолдауда айқындалған «Қазақстан – 2030 стратегиясының» негізгі қорытындылары мен «Қазақстан – 2050 стратегиясына» батыл қадам басқанымыз.

«Қазақстан – 2050 стратегиясында» айқындалған міндеттерді жүзеге асыруда адам капиталын сапалы жоғарылатудың негізгі векторы ретінде білім беру жүйесінің маңыздылығы айқын екендігі сөзсіз. Сол себепті кәсіпкерлікке  бағытталған оқу бағдарламаларын құру қажеттілігі туындайды.  Аталмыш мәселе еліміздің жетекші оқу орындарының бірі әл – Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінде  білім берудің инновациялық технологияларын енгізу мен сәтті қолдану арқылы жүзеге асырылып жатқанын толық сеніммен айта аламыз. Университет қабырғаларында кәсіби білім беруде жеке тұлғаға бағытталған  білім берудің құзыреттік үлгісі енгізіліп даму үстінде. Бұл заман талаптарына сәйкес жоғары білікті мамандарды дайындауға өзінің септігін тигізеді,  сәйкесінше, еліміздің бәсекелестікке қабілеттілігін жоғарылата түседі.  Ежелгі Қытай ойшылы Конфуцийдің пайымдауы бойынша, ойлау қабілеттіліктерін дамытпай оқыту уақытты бос кетіру, ал оқусыз қалыптасқан ойлар өте қауіпті деп атап кеткен. Сол себепті еліміздің білім шаңырағы әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің  негізгі жемісі ұтқыр ойы мен кәсіби білімі сәтті үйлесімін тапқан бәсекелестікке қабілетті түлектерінің болуы қуантарлық жайт.

Шнарбекова Меруерт Қақпанбайқызы әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті әлеуметтану және әлеуметтік жұмыс кафедрасының оқытушысы meru_12_12@mail.ru тел.: +7 (707) 38 88 349

481 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

TENGE MONITOR №15

15 Сәуір, 2021

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Рымтай сағынбекова

“TENGE MONITOR” газетінің Бас редактордың міндетін атқарушы