• Бизнес & Қоғам
  • 07 Наурыз, 2013

Алтын әріпті ұстаз

Жарты ғасырдай университет қабырғасында  еңбек еткен тамаша әйел және бес әріптің үлкен құрметіне лайық ұстаз, экономика ғылымдарының кандидаты, доцент  Хажия Қаратайқызы Сәбитова 8 наурыз мерекелік күнін қарсы алуда. Көктем табиғаттың оянуын, көркеюін және барлық жаңа мен сұлулықтың гүлденуін білдіретін жыл мерзімі. 8 наурыз әйелдер күнінде әйел данагөйлігі, сабырлығы мен көркемділігі салтанатты түрде тойланады. Университет қабырғасында ана, адал жар, немере сүйіп отырған әже, әпке болатын тамаша әйел-педагогтар қызмет етеді. Бұл мерекелік күнде өз әріптестерімді құттықтау мүмкіндігіне және өзімнің ұстаздарыма шынайы ықыласымды білдіру мүмкіндігіне ие болғаныма қуаныштымын. Сәтін салып, маған дәріс берген  ұстаздарымның барлығы керемет адамдар болды. Универститетті бітіргеніме 20 жылдан асса да, кеше ғана болған сияқты: философия-экономика факультетінің жарық және кең аудиторияларындағы алғашқы дәрістер, әке мен аталар секілді тұрып, Алматыдағы ең әсем жерді қорғайтын ұлы таулардан болатын алғашқы ғажайып көңіл-күй. Міне, 20 жылдай мен өзім білім алған ғимаратында қызмет етемін және әрбір күні өз туған тауларымды көргенім үшін үлкен бақытқа иемін және жылдың кез келген маусымында сұлу пейзаждан рақат аламын. Бұл әсем жер магнит секілді өзіне тамаша адамдарды және кәсіби педагогтарды тартады. Менің ұстаздарыма қатысты жолым болды, мен В.Н.Пуриц, Я.А. Әубәкіров, Х.Ю. Арсланова, Н.Ф. Бурякова, Х.К. Сәбитова, У.А Имамбаева және т.б. секілді педагогтардан тәлім алдым. Олардың барлығын тек адалдық, парасаттылық, іске деген кәсіби шеберлігі, өз ісіне, студенттерге, өмірге деген махаббаты біріктіреді. Менің жолым болды, себебі мен ұстаздарыммен жұмыс істеп қана қоймай, сонымен қатар олардың басым көпшілігімен достық қатынаста болдым. Қызық болғанмен, ақиқат, ұстаздармен әңгімелесу барысында жас айырмашылықтарын сезінбейсің, ұзақ жылдарға жастармен қатынасу олардың жандарының жастығын сақтап қалғандай. Бүгінде менің ұстаздарымның көбісі өмірден озды, отандық білім беру ісінде үлкен үлес қосқан, олардың жарқындығы мен бақыты үшін оларға ерекше алғыс білдіремін. Олар көктегі жарқын жұлдыздар секілді әрқашан біздің бағытымызды жарықтандырады және бізді игі және парасатты істерге бағдарлайды. Мен осы сәтте ғаламат педагог және тамаша адам Хажия Қаратайқызымен бірге жұмыс істеу мүмкіндігім барына қуаныштымын. Ол 90-жылдарда ҚазМУ-нің философия-экономика факультетінің студенттеріне шынайы жұмыс істеуді, өзіңе, жақсылыққа және адалдыққа сенуді үйретті. «Сабыр мен еңбек, бәрін жеңбек», - экономикадағы математикалық әдістер пәнінде есептерді шеше алмаған кездегі кеңесі болатын, бірақ кейінірек оны өмірлік жағдайлар деп аталатын көптеген міндеттерді шешу ретінде жиі естимін. Аянбай еңбек ету мен өмірлік тосқауылдарды еңсеру жолында жылдар бойында жинақталған оның кемеңгерлігі мені әрқашан аман алып қалды және барлығы жақсы болатынына сенім ұялататын. Ол кісі әрқашанда «Жұмыс істеңдер, өз істеріңді жасаңдар, балаларды жақсы көріңдер. Ұсақ-түйектерге мән бере бермеңдер, маңызды істерге назар аударыңдар» деп маған жиі кеңес беріп отыратын. Студенттік жылдарда барлығымыз Хажия Қаратайқызынан қорқатынбыз, сонымен қатар оның пәні жақсы - математикалық базаны, сабырлықты, нақтылықты, ұқыптылық пен адалдықты талап ететін күрделі пән болатын. Себебі ол сабақта көшіру мүмкін емес еді, сондықтан алға қойылған міндетті адал түрде атқаруға мәжбүр болатынбыз. Атап көрсетілген мінез-құлық өзіне тән болды, сондықтан ол өз пәніне деген тиісті қарым-қатынасты талап етті. Үздікке оқи тұрып, Хажия Қаратайқызының емтиханында басқа баға алу, бірақ сол сәтте мен үшін құнды болған төрт деген бағаны алу жағымды еді! Бұдан мен өзім үшін маңызды қорытынды шығардым. Алған баға маңызды емес, маңыздысы - таным үдерісі мен болып жатқан жағдайларға барабар әсер. Осындайда «Ұстазы жақсының ұстамы жақсы» деген сөз де орынды айтылған. Баланың бойындағы шынайы білім, біліктілік дағдылары, мінез-қалпы, шарапаттылығы жақсы ұстаздан қалған әдет болса керек. Мінез-құлқындағы бір беттілігі, өзіне және басқаларға деген талапшылдығы, кәсіби ісіндегі қаталдығына қарамастан, өмірде жұмсақ, ізгі ниетті және интеллектуалды адам. Өмірде деп айтқаным, қазіргі таңда Хажия Қаратайқызы мен үшін ұстаз, әріптес болумен қатар, дос болып табылады. Ол бұл өмірде педагог, ғалым ғана емес, сондай-ақ адал жар, қамқор ана, ақ самайлы әже, сенімді жолдас және дос. Өмірдегі әртүрлі рөлдерді жақсы атқарды, бойында барлық жақсы қасиеттер дарыған. Менің жанұям үшін Хажия Қаратайқызы өте маңызды тақырыпта сырласуға және құнды кеңес алуға болатын жақын, туыс адам болып табылады. Ол өзінің жақындары мен туыстарына ғана емес, өмір жолында кездескен әрбір адаммен, бірінші кезекте студенттерге  жылуы мен махаббатын сыйлайды. Әр кезде оларды мұқият тыңдайды, жандарын түсінеді, демеу көрсетеді және әрқашан дұрыс бағыт береді. Ол кісімен сырласқанда өзіңді ерекше сезімге бөлейсің, өмірге деген құлшынысын арта түспек. Тәңір берген ерекше қасиетке ие,  өмірдегі кез келген жағдайды кешіруге және кез келген жағдайды ықыласпен және алғыспен қабылдайтын нәзік жан. Қазіргі әйелдерге осы кемеңгерлік, жұмсақтық, сабырлық, кез келген жағдайды шындық ретінде наразылықсыз қабылдау қабілеті жетпейді. Хажия Қаратайқызы бұл мағынада мен үшін шынайы ұстаз және үлкен бедел иесі болып табылады. Хажия Қаратайқызынан тәлім алған көптеген студенттер жоғары лауазымды тұлғалар, дегенмен де олар әлі күнге дейін үлкен құрметпен қарайды. Экономикадағы математикалық әдіс бойынша оның дәрістері тіпті шетелде де үздік, әдіснамалық тұрғыда сауатты түрде құрылған деп  танылған. Күрделі түсініктерді қарапайым тілмен баяндайды, дәріс оқу барысында оның ойы ықшамды, сыйымды және әдемі құрылған. Бұл экономистер үшін математикалық пәнді оқыту әдіснамасындағы ең жоғары пилотаж болып табылады. Экономика мен ғылым дамуының заманауи жағдайында математикалық құралдарды пайдалана отырып, әлеуметтік-экономикалық үдерістердің күрделі зерттеулерін қажет етеді. Экономика, сондай-ақ жеке салалар мен шарушылық жүргізуші субъектілер дамуының тиімді стратегиясын дайындау үшін нақты нәтижелер мен болжамдар, қабылданған шешімдердің ғылыми негізделген және есептелінген салдарын қажет етеді. Сондықтан әлеуметтік-экономикалық жүйенің қызмет етуінің барлық деңгейінде нақты және таразыға салынған талдаудың экономикалық-математикалық әдістері маңызды болатын ғылыми танымның әртүрлі әдістердің кең құралдарын қолдану негізінде қабылданатын шешімдер керек. Шетелде кез келген экономикалық, әлеуметтік зерттеулер күрделі математикалық әдіснамалар, әлеуметтік-экономикалық құбылыстардың күрделі өзара байланыстарын құру, олардың өзгеруіне әсер ететін факторларды анықтау негізінде жүргізіледі. Алынған білім негізінде қандай да бір қорытындылар жасауға және шешімдер қабылдауға болады. Жүргізілген зерттеулердің сапасынан қабылданған шешімдер мен ұсыныстардың тиімділігі тәуелді. Қазіргі таңда біздің экономика тек экономикалық білімі бар ғана емес, математика тұрғысынан шыңдалған сапалы мамандарға мұқтаж. Мұндай деңгейдегі мамандарды жарты ғасырдай Хажия Қаратайқызы дайындап келеді, өз ісін сапалы жасайды, ең бастысы жаны мен ықыласын барынша салады. Осындай ұстаздар бар кезде біздің мемлекет жанданып, көркейе түсетініне сенімдімін. Бүгінгі күнде мен бір ұжымда Хажия Қаратайқызымен жұмыс жасау құрметіне иемін, ал оның сабақтарына қатысуға мүмкіндігі бар студенттер бақытты. Олар оның адал еңбегі, назары мен махаббаттарына шексіз алғыс екендігін көремін. Студенттерді алдай алмайсың, олар барлығын сезеді, бұл алтын әріпті педагог үшін шәкірттерінің білімді әрі ұтқыр болғандығы маңызды. Қазіргі таңда студенттермен тәрбие жұмыстарын жүргізу қажеттілігі туралы ой ұсынылса, Хажия Қаратайқызында бұл үдеріс үнемі, аудиторияда жүретін, ісіне деген өзінің кәсіби қарым-қатынасымен, адал еңбегімен және өз әрекеттерімен студенттерді дұрыс тәрбие береді, оның курсынан кейін адам өзгереді, жақсы және күшті болуға ұмтылады. Аяулы Хажия Қаратайқызы, сізді барлық шәкірттеріңіз бен студенттеріңіздің, әріптестеріңіздің атынан   елеулі мерейтоймен құттықтаймыз! Міне, 75 жыл сіз тамаша көктем мейрамы 8 наурыз мерекесін қарсы алдыңыз! Сізге ұзақ ғұмыр, денсаулық, шаңырағыңызға, жанұяңызға тыныштық, немерелеріңіз бен шөберелеріңізге бақыт тілеймін! Дұрыс өмір сүруге бағдар беріп, жанданып, ешқашан сөнбеуге жетелегеніңіз үшін  сізге алғысым шексіз! Қазақстанға, университетке және біздің отбасыларымызға тыныштық пен береке тілеймін! Сізді барша шәкірттеріңіз, әріптестеріңіз, сондай-ақ дос-жарандарыңыз ерекше құрметтеп, жақсы көреді!  

Раушан Дуламбаева, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ экономика кафедрасының профессоры, экономика ғылымдарыныңдокторы

 

598 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

TENGE MONITOR №15

15 Сәуір, 2021

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Рымтай сағынбекова

“TENGE MONITOR” газетінің Бас редактордың міндетін атқарушы