• Бизнес & Қоғам
  • 07 Наурыз, 2013

Әсерлі өткен әсем кездесу

Халықаралық әйелдер мерекесіне орай әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық  университетінің Экономика және бизнес жоғары мектебінде халықаралық «Алаш» сыйлығының лауреаты, халықаралық ІІ Түркі поэзиясы мүшәйрасының, «Сорос-Қазақстан» қорының «Қазақстандағы жаңа поэзия» бәйгесінің жеңімпазы, ақын Баян Бекетованың студенттермен кездесуі өтті. Егемен Қазақ елінің азаттығын, дархандығын жырлаған ақынның өлеңдерін Фариза Оңғарсынова ерекше құрметтеп, оң бағасын берген. Ақынның тамаша туындылары «Аудитория», «Қарлығаш», «Күміс күйме», «Қыз-ғұмыр» жинақтарына еніп, бүгінде өз оықрманына жол тартқан. Сондай-ақ, автордың  «Үмітім менің», «Жалғыздық», «Сәмбітал», «Көлбастау», «Мен сені сағынғанда» атты кітаптары қалың оқырманның ыстық ықыласына бөленген. Студенттермен ұйымдастырылған кездесу барысында Баян апайымыз өзінің ақындығы жайында сырлы әңгімелерімен бөлісті. Тыңдарманға біраз өлеңдерін де оқып берді. Солардың ішінде биылғы жылы жарық көрген «Ұйықтамайды жұлдыздар» атты жыр кітабынан сиясы кеппеген өлең шумақтары кездесу барысында ағынан төгілді: Жаһаннамның қыспағы қақап-ақ тұр! Бота көзі дәуреннің боталап тұр… Жастық – базар жаратып оқысын деп, Жас дәуренге қалдырдым махаббат жыр.   Өлең жаздым Қаратау қабағыңа, Сахи далам, сала бер парағыңа. Қанатыма байлапсың қарлығаш-жыр, Биік-биік ұшсын деп қарағыңа.   Тұмадайын мөлдіреп тұнғанымды, Жырларымды қосатын мұңға-мұңды, «Өлең-Патша!» – «Қыз-ғұмыр» айырығында, Жаутаң қағып, сезіп пе ең, тұрғанымды.   Таба алмастан күй-өмір ырғағыңды, Тепкіледім жүрек боп құндағыңды. Мен сүрінген соқпақпен жүрмесін деп, Сіңіліме ашамын сырларымды…   Алатауды жаңғыртқан үнімменен, Алтын қанат байланған жырымменен, Туған үйге асыққан қарлығаштай, Ұшып саған бар жұрттан бұрын келем.   Аспаныңнан азаттық күнін көрем, Шаян-өзен шабытым дүрілдеген. Ақ жаулықты Анам боп қол бұлғайды,     Ақ шаңқан үй түндігі түрілмеген… Ақынмен өткен кездесу өте әсерлі өтті. Әсіресе, студенттер өздерінің көкейлерінде мазалап жүрген сауалдарын жолдап, ақын апаларының ойымен бөлісті. Білім ордасының бір топ оқытушы-ұстаздары әдеби шара барысында Баян ханымның шығармашылығына ерекше табыс тілеп, өзекжарды тілектерін жаудырды.  

Ажар БЕЙСЕНБАЕВА, эконмика ғылымдарының кандилаты, «Есеп және аудит» кафедрасының доценті

525 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

TENGE MONITOR №15

15 Сәуір, 2021

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Рымтай сағынбекова

“TENGE MONITOR” газетінің Бас редактордың міндетін атқарушы