• Бизнес & Қоғам
  • 07 Наурыз, 2013

Ымыраға келу – ақылдылық пен имандылықтың белгісі

Зер­де­леп, ой елегінен өткізсек бұрынғы заманда жеке адамдар арасындағы, бір қауым ел ішінде дау тартыстарды, ағайын арасында даулар, ауыл арасындағы түсініспеушіліктерді билер алқасы немесе ауылдың ақсақалдары шешіп отырған. Бұған куә қара қылды қақ жара айтқан биліктеріндегі басты мүдде бітімгершілікпен ел бірлігін, тұтастығын сақтаған тарихта қалған дала даналары Төле би, Қазыбек би, Әйтеке би бабаларымыздың күні бүгінгі дейінгі кәл-даума ұлағаты. Қазіргі заман қоғамның жаңаруы тұсында өзіміздің дана бабаларымыздың саясатын сот жүйесі де  башылыққа алған. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы  Қазақстан Республикасының  Кодексін  де бұл жаңалық  айналып  өтпеді. «Қазақстан Республикасының Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы кодексiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 20 қаңтардағы заңымен  Кодекс «тараптардың бiтiмгершiлiкке келуiне байланысты әкiмшiлiк жауаптылықтан босату» деген 71-1-баппен толықтырылды. Яғни, ӘҚБтК-нің  9-1-тарауында, сондай-ақ 131, 158, 158-1-баптарында, 174-бабында (үшiншi бөлiгi) көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстер жәбiрленушiнiң өтiнiшi бойынша ғана қозғалып, ол әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасаған адаммен бiтiмгершiлiкке келгеннен кейiн қысқартылуға жатады.  Бiтiмгершiлiкке келу жәбiрленушi мен әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасаған адам қол қойған жазбаша келiсiм негiзiнде жүзеге асырылып, құқық бұзушы әкiмшiлiк жауаптылықтан босатылады. Мұның өзін адамгершілік тұрғыдан қарағанда, әр жақтың Әлеуметтік- тұрмыстық жағдай, істің мәні мен жайына деген заңның жеңілдігі деп қарағанды ұғынған дұрыс. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы  Қазақстан Республикасының  Кодексінің  9-1 тарауында 79-1 бабы «ұрып-соғу», 79-3 бабы «денсаулыққа зиян келтіру», 79-4 бабы «сөз ауруын жұқтыру», 79-5 бабы «отбасылық – тұрмыстық қатынастар саласындағы құқыққа қарсы іс әрекеттер», 79-6 «еңбекке жарамсыз жұбайын (зайыбын) асыраудан әдейі жалтару» көзделген.  Көп жағдайда осы санаттағы істерді отбасы-тұрмыстық қатынастардан туындалатын, бірге тұратын немесе тұрған, некеде тұрған, бұрынғы ерлі-зайыптылар, жақын туыс адамдардың арасындағы орын алған әкімшілік құқық бұзушылықтар құрайды. Тараптарды бітімгершілікке шақыру оларды табыстыру, күнделікті тұрмыстық қарым-қатынасымызда адами қадір-қасиет қағидаларын,  имандылықты, заңдылықты, салауаттылықты, құқықтар мен міндеттердің бірлігін сақтап жүруді ортаға міндет, қала берді айласатын мәселе екендігі, әрине даусыз. Араздасып келген адамдарды  татуластыруда, өзара  бітімгершілікке  келтіруде  соттардың  да атқарар  ролі зор, яғни «Бір күн ұрысқан үйде, қырық күн береке болмайтынын», «алтау ала болса  ауыздағы кететінін, төртеу түгел болса төбедегінің келетінін,» тараптарға  түсіндіріп, оларды татуластырып, сотқа келгенге дейін қалыптасқан, судьяға жүктелген абыройлы да жауапты қызметтің жүзеге асқанының бір  көрінісі, келешек келісер кекті көпке ұзатпай өзара тараптардың келісуі керек-ақ нәрсе. Әр сөзінің астарына алмас ойларды тараған бабалардың бағзыдан қалған, баталы сөздері бүгінгі күнге дейін мәні мен мағынасын жоғалтпай от- басы мен Отан ұрпақтарын бала-шағасының болашағына дейін ақыл-ойы, азық-құнары болса, Ар деп аталатын Ақиқаттың төресі бар  жақсылықтың бастауы болар еді дейміз. Ашудан бұрын ақыл келсе игі-дағы.  

 Г.А.Сүйеуова, Ақтау қаласының  мамандандырылған әкімшілік сотының судьясы   

1019 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

TENGE MONITOR №15

15 Сәуір, 2021

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Рымтай сағынбекова

“TENGE MONITOR” газетінің Бас редактордың міндетін атқарушы