• Бизнес & Қоғам
  • 07 Наурыз, 2013

Заң талаптарын білмеу жауаптылықтан босатпайды

Ақтау қаласының  мамандандырылған  әкімшілік сотымен С.-ға қатысты ҚР ӘҚБтК-ң 237-бабымен (өндiрiстiк, тұрғын, шаруашылық, гидротехникалық (су шаруашылығы) немесе тұрмыстық объектiлердi жерге тиісті құқықсыз заңсыз салу) қозғалған әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралды. Ақтау қаласының тұрғыны С.  09.08.2011ж. Ақтау қаласы 1шағын ауданда пәтердің бірінші қабатында орналасқан пәтеріне қосымша  1.5 кв.м мөлшерінде шаруашылық-тұрмыстық қосымша құрылысын жерге тиісті құқықсыз заңсыз салған. Сот мәжілісінде С. кінәсін мойындап, заң талаптарын білмегендіктен есігін бөлек кіреберістен салғанын растады.  «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 16 шілдедегі N 242 Заңының  68-бабына сәйкес, құрылыс процесiнiң тиiстi кезеңдерiнде осы Заңда  белгiленген рәсiмдер орындалып, талаптар сақталуға тиiс. Объект салуды жүзеге асыруға ниетi бар тапсырысшы жер  заңдарына сәйкес ayдандардың (қалалардың) жергiлiктi атқарушы органдарынан жерге тиісті құқық беру туралы шешімді алуға міндетті. Одан әрі,  құрылыс жобасын жасап, жобаларға сараптаманы тиiстi аттестаты бар сарапшылар жүзеге асырып, мемлекеттiк сараптаманың оң қорытындылары құрылыс жұмыстарын жүргiзуге  рұқсат беру үшiн негiз болып табылады.          Заңсыз құрылыс салғаны үшін әкімшілік жауаптылық туындалады.         Сот іс құжаттарын зерттеп, С.-ны ҚР ӘҚБтК-ң 237 бабымен кінәлі деп танып, заңсыз салынған құрылысты мәжбүрлеп бұзып, әкімішлік айыппұл түрінде  жаза қолданды.         

 Г.А.Сүйеуова,  Ақтау қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының судьясы            

648 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

TENGE MONITOR №15

15 Сәуір, 2021

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Рымтай сағынбекова

“TENGE MONITOR” газетінің Бас редактордың міндетін атқарушы