• Білім & Ғылым
  • 06 Қазан, 2011

“Педагогика және психология” қандай мамандық?

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың философия және саясаттану факультетіндегі бакалаврды дайындайтын “педагогика және психология”мамандығы қазіргі заманға сай жаңа бағыт. Дегенмен әлі күнге дейін педагог-психолог деген қандай маман иелері деген сұрақтар туындап жүр. Осыған орай, оқырмандарға аздаған түсінік бере кету ойымызда бар.

Педагог-психолог мамандығының басты міндеті – әлемнің гуманитарлық бағыттағы кәсіби келбетін қалыптастыру болып саналады. Ол жалпы адамзаттық құндылықтардың тасымалдаушысы, өзінің өмірлік және кәсіби мағынасын тауып, жүзеге асыруға және оны өзгелердің жасауына көмектесетін педагог-психологтардың алғышарттарын болжайды. Мұндай маман иесі оқу пәнімен,оқушылардың алдында оны ашу тәсілдерімен айналысатын пән оқытушысы ғана емес, сондай-ақ ол зиялы ғалым, мәдениет бастауларына қайта оралушы философ, білім алушының ішкі сұхбатына белсенді араласып, өз даусын естуге көмектесетін өсиетті сөздің иесі. Білімнің гуманизациялануы мен гуманитаризациялануына, білімді іргелі, терең меңгеруіне бағытталған, кәсіби мамандығына қолайлы әсер ететін, адами мәдениеттегі барлық байлықтарын игеруіне, университеттегі білім берудің оңтайлы кәсіби мақсаты болашақ маманнан жан-жақты тұлға қалыптастыру. әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-ті аясындағы “Педагог –психолог” мамандарын дайындау барысында оларды іргелі және кәсіби біліміне қарай, күнделікті өзгеріске ұшырайтын еңбек нарығының жағдайына және мамандардың кәсіби деңгейінің талаптарына тез бейімделе алатындай етіп іріктеп алады.

Факультеттегі білім беру барысы заманға сай, жаңа әдіснамалық және әдістемелік ұстаным бойынша құрастырылған, оның ішінде “Педагог –психолог” мамандығы да кіреді, толығырақ атап өтетін болсақ,

- оқытушы мен студенттің бірге жұмыс атқаруы, ынтымақтастығы мен серіктестігі;

- білім беруде икемге келетін, қозғалмалы әдіс-тәсілдерді оқытудың пішіндері, әдістері мен әдістемелері;

- негізгі зейін студенттің өз еркімен білім алуына, өзін өзі тәрбиелеп баға беруіне қойылады;

- жеке білім беру;

- студенттердің шығармашылық ой қабілеттерін дамытуға арналған білім беру жолдары;

Қорытындылай келетін болсақ, “Педагогика және психология” мамандығының бакалавры ҚР білім жүйесіне бейімделгенін көрсетеді.

- әр қилы оқу тәрбиелік ұйымдары, жалпы білім беретін мектептер, кәсіби мектептер, гимназиялар, лицей, колледждер, интернаттар, балалар үйлері, түзелер енгізетін мекемелер;

- білім беретін әкімшілік органдар (аудандық, облыстық оқу бөлімдері, әкімшілік)

оның негізгі мамандық бойынша бағыттары:

оқушылар мен студенттер ұжымын ұйымдастыру; оқушының тұлға ретінде қалыптасуы мен дамуы; қоғаммен және жұмыс берушімен байланысты орнату; оқушыға білім мен тәрбие беру, жаңа педагогикалық технологияларды енгізу, ғылыми- теориялық білімді және кәсіби сапаны жоғарлату, психодиагностикалық жұмыс, психологиялық кеңес, психотерапия, психологиялық түзету, психологиялық профилактика;

Барлық қызығушылық тудырған адамдарды философия және саясаттану факультетіне, оның ішінде “Педагогика және психология” мамандықтарын дайындайтын жалпы және этникалық педагогика кафедрасына шақырамыз.

Г.А. Қасен,

әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық

университетінің доценті,

П.Т.Абдуллаева,

оқытушы

18302 рет

көрсетілді

1146

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

TENGE MONITOR №15

15 Сәуір, 2021

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Рымтай сағынбекова

“TENGE MONITOR” газетінің Бас редактордың міндетін атқарушы