• Бизнес & Қоғам
  • 04 Сәуір, 2013

Өзекті мәселелер өрнегін табады

Біздің мемлекетіміз бен үкіметіміз халықтың қамы үшін жасалып жатқан жасампаздық пен жаңару іс-қимылдары ілгерілеу бағыттарында келе жатқанын ел-жұртымыз ерекше ықыласпен қабыл алуда. Оның шынайы көріністеріне жүзеге асып отырған жан жадыратар жақсы істер арқылы көз жеткізе түсеміз. 2050 стратегиясының мүлтіксіз орындалуына қозғаушы қадамдардың бекем бетбұрыс жасаулары да тегін емес. Оның ішінде еліміздің экономикасының берік негізі – агроөнеркәсіп кешендерінің кемелдене түсуіне кеңінен түрткі болып отырған жәйттар да жетерлік.  Соны басшылыққа алуға қолда бар мүмкіндіктер пайдаланылуда.

      Бұл орайда елімізде ветеринария қауіпсіздігін қамтамасыз етіп қалуға қам жасау керектігі күн тәртібінен түспейтін күрделі мәселеге айналып келеді. Өйткені оның көкейкесті проблемалары анық-ұанығына дейін айқындала түсті. Осыған байланысты таяуда Қазақ ұлттық аграрлық университетінде Қазақстан Республикасы Парламент Мәжілісінің аграрлық сұрақтар бойынша көшпелі комитет жиыны «Қазақстан Республикасының мал шаруашылығындағы ветеринария қауіпсіздігін қамтамасыз етудің болашағы мен проблемалары» атты тақырыпта профессор-оқытушылар құрамымен және ғалымдар, студенттерімен кездесуі болып өтті.

       Аталған үлкен жиындағы кездесуге Қазақстан Республикасы Парламент Мәжілісінің аграрлық сұрақтар бойынша комитетінің мүшелер, Парламент Мәжілісінің депутаттары Әлихан Тойбаев,  Роман Ким, Азамт Әбілдаев, Анатолий Маковский, Ұласбек Сәдібеков, комитеттің аграрлық сұрақтар бойынша қызметін қамтамасыз ету бөлімінің меңгерушісі Болат Мұқановтар келді. Бұлармен бірге Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығының вице-министрі Гүлмира Исаева, осы министрліктің ветеринарлық бақылау мен қадағалау комитетінің төрағасы Мереке Тайтубаев, Алматы облыстық ауыл шаруашылығы ветеринария бөлімінің бастығы Әділбек Далғабаевтар қатынасты.                     

       Қадірлі қонақтардың бірінші болып бас сұққаны университеттің Қазақ-Жапон инновациялық орталығы болды. Соңғы жылдары өмірге келген бұл ғылыми орталықтың ветеринария білімі мен ғылымы барысында алар орны айырықша. Ғылыми орталық жаңа тұрғыдағы құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілген. Ғылымның жаңа заманауи әдіс-тәсілдерін меңгерген. Маманданып келе білімгерлерге ғылыми деңгейде дәріс береді. Озық технологияларды халықаралық әдістемелер бойынша меңгеруді мақсат еткен. Мұнда ауыл шаруашылығына қатысты барлық өнімдердің және азық-түлікттердің дерлігі осындағы ғылыми зетртханадан тексеруден өтеді. Оның ветеринария мамандары үшін берер пайдасы да көп.

      Арнайы келген қонақтарға бұл ғылыми орталықтың жұмыс жүйесі бүге-шігесіне дейін кеңінен таныстырылды. Олар бұған аса ынтызарлықпен назар аударып, қызығушылықпен қарады. Осы жерде Елбасымыздың алдағы уақытта аудандық аймақтарда 115 ветеринарлық-зертханалардың салынатыны жөніндегі тапсырмасы да жан-жақты әңгіме болды. Халық қалаулылары мен осы сала мамандарының айтқандары ақиқат еді. Олай дейтініміз, төрт түлік малдың қоныстанған мекендері ауылдық жерлер екендігі ешқандай да талас тудырмайды. Бірақ,мал шаруашылығына қатысты уақыт талабына сай зертханалардың деңгейі халық күткендегіден әлдеқайда төмен болып отырғандығы жасырын емес. Сонымен бірге мал дәрігерлерінің жетіспей жатқандығы да жасырып жабатындай жай емес. Міне, ауылдағылар үшін осы олқылықтардың орны толтырылса, көпшілік көксегеніне қол жеткізер еді. Мал маманы мен зертханасы болған жерде тоқтау болмай келе жатқан мал аурулары  сап тиылып, төрт түлік санының артары анық.

       Қонақтарды ғылыми орталық жұмыстарымен таныстырған орталық директоры Дияс Мырзақожа оларды «Тағам және экология қауіпсіздігі» зертханасының электронды микроскопия арқылы атқарылатынын айтып берді. Сол сияқты «Судың сапасын бақылау бағасы» зертханасы да жоғары ғылыми негіздерге сүйенетінін нақтылы мысалдармен көпшіліктің алдына көлденең тартты. Сонымен бірге мұндағы сараптамалар қаншалық саны болса да сапалы болатыны тәжірибе жүзінде дәлелденіп қойылған. Бір атап айтарлығы мұндағы екі жоба министрліктен 14 миллион теңгеге гранттық бағдарлама арқылы қаржыландырылған. Сонымен қатар «Электрондық микроскопия» базалық бағдарлама бойынша 16,244 миллион теңгемен жүзеге асырылған. Осыдан-ақ инновациялық орталықтың мәні мен маңызының қандай екенін анық аңғаруға болады. Орталықта лайықты лауазымдары бар тоғыз адамның қызмет ететіні, оның бірінші жетекшісі экономика ғылымдарының докторы, профессор, академик Тілектес Есполов. Орталық жұмысымен сырттан келіп танысушылар қатары күннен-күнге көбейіп келе жатыр. Бұл ғылым көкжиегінің қандай биіктікте екенін көрсетеді.

      Бұдан кейін қадірлі қонақтар күн тәртібінде көтеріліп отырған мәселе бойынша ұйымдастырылған  көрмені тамашалауға ден қойды.  Мұнда негізінен университет ғалымдарының инновациялық негіздегі етістіктері орын алған. Сонымен бірге ғылыми-зерттеу институттарының табыстары да таразы талқысына салынған. Жаңа жобалар бойынша көрініс тапқан жаңа ғылыми еңбектер қатынасушыларды құндылығымен және берері көп тиімділігімен баурап алды. Көрмедегі малдағы ауруларды анықтап шыққан тосын жаңалықтар да ешкімді бей-жай қалдыра алмады. Құндылығы жоғары бұл жаңалықтар өндірске де бір ауыздан енгізіліп кеткен. Ғылымның аты ғылым ғой. Іздене білсе, мұратқа жету жағы алысқа ұзай қоймайды.

      Кең бағдарламалы кездесудің ендігі сәті ерекше серпінмен басталды. Қалың жұртшылықтың алдында осы бас қосудағы ветеринариялық қпуіпсіздіктің сан-салаларының мәні мен маңызы жайлы университет ректоры, академик Тілектес Есполов адамды толғандырардай ойларын ортаға салды. Оның айтқандарының бәрі де дәлелді болғандқтан да ғалымдар мен мамандарды, арнайы келген қонақтарды ой қозғауға жетеледі. Бұл бағытта ешкімде де бөгеліс болған жоқ. Ашық әңгіме барысында өрбіген өзекті мәселелер өз өрнегін тапты деуге болады. Жиналған жұртшылық тарапынан қойылған сұрақтарға келген қонақтар қанағаттанарлықтай жауаптар беріп отырды.

      Расында да ветеринариялық қауіпсіздікке көңіл бөлінбей отыр деуге болмайды. Осы бағытта жалпы бағдарлама бойынша 365 миллиард теңге бөлінген. Ол триллион теңгені құрайды. Аталған қаржының бәрі де ветеринариялық қауіпсіздіктің еншісінде екені елге мәлім. Орнымен жұмсалып жатса бұл оңай қаржы емес. Талай күрмеуі көп мәселелердің түйінін шешеді. Қанша тосқауыл қойылғанмен, соның өзінде мал аурулары азаяр емес. Елді мекендердегі етек алып кеткен мал ауруларын былай қойғанда, сырттан әкелінген малдардың аса қауіпті аурумен елді дүрліктіргенін ешкім де ұмыта қойған жоқ. Сол бір келеңсіздіктен қаншама шғынға баттық. Оның себебі мен салдары бұдан кейінгі жерде үлкен сабақ боларлық. «Агробизнес - 2020» бағдарламасында атап көрсетілгеніндей, 2020 жылға дейін барлық зерттеулердің 80 пайызына емдеу препараттары қолданылуы керек.

      Әңгіме өзегіне айналған тақырып төңерегінде университеттің «Биология қауіпсіздігі» кафедрасынан, ветеринария ғылымдарының докторы, профессор, академик Николай Иванов ветеринариядағы биологиялық қауіпсіздік проблемалары, анимология институтының директоры, ветеринария ғылымдарының докторы, профессор Аманжол Мақбуз кадрлар даярлау, «Биологиялық қауіпсіздік» кафедрасынан биология ғылымдарының докторы, профессор Қадыр Бияшев мал шаруашылығындағы жас төлдердің заманауи ауруларының проблемалары,

Осы кафедрадан биология ғылымдарының докторы, профессор, ҚР ҰҒА корреспондент-мүшесі Гүлнар Шабдарбаева, тағы басқа көптеген ғалымдар мен мамандар бұл проблемаларды қалай шешудің жолдарына егжей-тегжейлі тоқталды. Олардың тарапынан қойылған сұрақтарға Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығының вице-министрі Гүлмира Исаева нақтылы жауаптар берді. Өзара әңгіме барысында өрбіген бұл кездесу жиында ғалымдар мен оқытушылар жән студенттер ветеринариялық қауіпсіздікке байланысты Парламент Мәжілісінің депуттарына қажетті өтініштері мен тілектерін білдірді. Ол ветеринария дәрігерлерінің еңбекақысын көтеру, ветеринария мамандарын даярлаудағы жетекші жоғары оқу орындарының санын оңтайландыру, ауыл шаруашылығы министрлігі ветеринария мамандықтарының қажеттілігі мониторингін өткізу, осы мамандыққа гранттар санын арттыру, бітіруші түлектерді үш жылға дейін жұмыс істеуге бөлу және ведомстволық қарым-қатынасты жою, Білім және ғылым министрлігі және Ауыл шаруашылығы министрлігі ветеринариялық мамандықтарды даярлауға бірлесе тапсырыс және ғалым- аграршылардың зерттеу жобаларына бірлесе қолдау көрсету. Депутаттар бұл тілектерді тиісті жерлерге жеткізетіндерін білдірді. Жиын қортындысында Парламент Мәжілісінің депутаты, аграрлық сұрақтар комитетінің мүшесі Роман Ким сөз сөйлеп, өзекті мәселелердің сөз жүзінде емес, іс жүзінде өрнегін тбатынын айтты.

 

Қанат ТӘКЕБАЕВ, Бақтыгүл БҰРБАЕВА, Қазақ ұлттық аграрлық университеті.  

595 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

TENGE MONITOR №15

15 Сәуір, 2021

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Рымтай сағынбекова

“TENGE MONITOR” газетінің Бас редактордың міндетін атқарушы