• Бизнес & Қоғам
  • 18 Сәуір, 2013

Ұлттық Атом Компаниясының жоғары кәсіптілігі мен сенімділігі

Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаев «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ басқарма төрағасы Владимир Школьник атына алғыс хат жолдады. Әкім «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ Қызылорда облысының экономикасын дамыту мен әлеуметтік-экономикалық тұрақтылығына қосқан үлесі үшін алғысы мен ілтипатын білдірді.

«Біз   «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ тұлғасында өз бойында біліктілік, жасапмпаздыққа құлшыныс, өңірдің әлеуемттік-экономикалық міндеттерін тиімді шешуге болысатын қуатты ұштастырған үлгі беретін бірден бір компания болып табылатын кәсіпқой серіктес тапқанымызға ризамыз. Ынтымақтастық кезінде  тіршілікті қамтамасыз ететін инфрақұрылымды, білім ордалары, денсаулық, мәдениет пен спорттық объектілерді дамытуға бағытталған ондаған жобаларды жүзеге асыруға тікелей қатысқан компанияның кәсіптілігі мен сенімділігіне сан мәрте көз жеткізген болатынбыз.
Іске асырылған жобалар – бұл Ұлттық атом компаниясының кәсіпкерліктің әлеуметтік жауапкершілік қағидаларын басты назарда ұстауының бірден бір дәлелі» - деп жазады өз хатында Қ.Көшербаев.
Қызылорда облысының әкімі атап өткендей, «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ қызметкерлерді әлеуметтік қолдаудың барлық жақсы дәстүрлері сақталған, ал бұл кәсіпқойлық және жоғары жауапкершілікпен ерекшеленетін ұйымшыл және тиімді топтың қызмет етуін қамтамасыз ететін бөлігінің бірі болып табылады.
«Сізге, Сіздің ұжымыңызға өркендеуге, кәсіпқойлықтың жаңа биік белестері мен сәтті іске асырылған жобаларды бағындыруға тілектеспін. Біз орын алған іскерлік пен достық қарым-қатынастардың сақталуына сенеміз және одан әрі қарай жемісті ынтымақтастыққа үміттенеміз» деп аяқтады өз хатын Қызылорда облысының әкімі Қ.Көшербаев.

Сәлия Әбдікәрімова

442 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

TENGE MONITOR №15

15 Сәуір, 2021

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Рымтай сағынбекова

“TENGE MONITOR” газетінің Бас редактордың міндетін атқарушы