• Бизнес & Қоғам
  • 06 Қазан, 2011

Аста – тұз тәтті Мақпал САҒЫНДЫҚ

Халық арасында «Астың дәмін тұз кіргізер» дейтін нақыл бар. Адам ағзасы мен денсаулығының беріктігін қалыптастыруда тұздың алар орны ерекше. Адам ағзасының дұрыс қызмет етуі барысында тұз элементі қажетті компоненттердің бірі саналмақ. Оның құрамында ағзадан калийдің, яғни өте зиянды өнімнің шығуына ықпал тудыратын натрий орналасқан. Натрий мен кальцийдің ағзада тең дәрежеде жұмыс істеуі бойымыздағы сұйықтықтың белгілі мөлшерін ұстау арқылы, ұлпадағы су мөлшерін реттеп, қан тамырларының тұрақтылығын сақтайтын көрінеді. Ең бастысы асқазан сөліндегі тұз қышқылының түзілуіне жағдай жасайды. Сол себептен де, әр тұтынушы тұздың ¼ бөлігін пайдалану қажет.

1913 жылы Арал тұз өндірістік кешенінің қалыптасуы барысында Арал тұз көлдерін игеру жұмыстары іске асты. «Жақсы қылыш» деп аталатын тұз көлдеріне жүргізілген жұмыс негізінде 1925 жылы «Тұз-артель» бірлестігі құрылып, қазіргі «Аралтұз» кәсіпорынының құрылуына себепкер болды. 1994 жылы жекешелендіру нәтижесінде «Аралтұз» АҚ құрылып, екі жылдан соң жабдықтарды жетілдіру бойынша, ас тұзын халықаралық стандарттарға сай келетін полиэтилен пакеттерге орап салудың жұмыстары іске асырыла бастайды. 2002 жылдан бастап, «Аралтұз» өнімдері отандық өнім түрлерінің едәуір жақсаруына серпін беретін кәсіпорындардың біріне айналды. «Аралтұз» сауда белгісімен шығарылатын тұз өнімдерінің жетекші өндірушісі мен өткізушісі ретінде бастапқы өнімнің логотипін, дизайнын ауыстыру арқылы имиджін нығайту, қаптаманың түрі және экстра тұз өндіру әдісі негізінде ассортименттік желіні кеңейту, жаңа нарықтарға ену сияқты маңызды әрекеттердің орындалуына ықпал жасады.

Тұрғындардың денсаулығын жақсартуды міндет еткен бұл кәсіпорын ұжымы өз жерімізден іске асып жатқан тұз өнімдерін өндіру арқылы ел экономикасының көш ілгері қадам жасауына үлесін қосып келеді. Компания Ресей мен Орталық Азия, ТМД елдерінің тұз нарығында бірлесе қызмет атқарып отырғандықтан, ТМД нарығында маңызды рөлге ие болуды жоспарлауда. Бүгінде «Аралтұз» компаниясы тұз өнімдерінің кең түрін өндіреді, сондай-ақ өз бизнесін кеңейту жөніндегі кез-келген инновациялық жобаларға қатысады. Компания өндірістің жаңа технологияларын уақытында пайдаланып, сапалы тұз өнімін шығару мақсатында бірегей көшбасшы кәсіпорынға айналды.

Еліміздің тұз өндіру нарығында 80 жылдық жұмыс тәжірибесі қалыптасқан кәсіпорын жылына 400 мың тонна тұтынылатын тұздың барлық түрін өндіреді. Тұз өндірушілер арасындағы кең тараған дилерлік желі - географиялық тұрғыдан бүкіл Қазақстанды 100 пайызға қамтуға, сондай-ақ Орталық Азияның нарығын белсенді түрде жаулап алуға мүмкіндік беруде. «Жақсы қылыш» тұз кен орнын пайдала отырып, кәсіпорын елімізде өндірілетін барлық тұздың 80 пайызын қамтамасыз етеді. «Аралтұз»

компаниясы шығарып отырған тұз өнімдері бәсекеге қабілетті халықаралық стандарттарға толығымен сәйкес келеді. Химиялық құрамы бойынша өнім өздерінде өткізу қызметі жүргізіліп отырған елдердің МЕМСТ сапасына негізделгендігін көрсетеді.

Халыққа сапалы әрі пайдалы өнім өндірумен аты шыққан «Аралтұз» кәсіпорны Астанада өткен «Қара өткел - 2007» көрмесіне қатысып, «Бәсекеден тыс тауар» марапатына ие болды. Қызылорда қаласында болған «Алтын сапа – 2007» көрмесінде «Ең үздік азық-түлік тауарлары» дипломымен марапатталды. Сондай-ақ, кәсіпорын «FoodExpoKazakhstan – 2005» атты 11-ші халықаралық көрмесіне қатысып, екі алтын медалға иелік еткен.

1003 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

TENGE MONITOR №15

15 Сәуір, 2021

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Рымтай сағынбекова

“TENGE MONITOR” газетінің Бас редактордың міндетін атқарушы