• Бизнес & Қоғам
  • 06 Қазан, 2011

Рентген аппараты іске қосылды Мақпал САҒЫНДЫҚ

Күздің бастапқы күндерінде еліміздің Қорғаныс министрлігінің бас әскери клиникалық госпиталі өкпе ағзасын тексеруге арналған жаңа рентген құрылғысымен жабдықталды. Іске қосылған бұл аппараттың енгізілуі сәуле диагностика кешені жұмысын біршама жақсартып отыр.

Емханада орналасқан флюрографиялық құрылғы елімізде жасалған отандық еңбектің жемісі. Онда тексеру жұмысы сандық өлшемде өтеді, ал бұл тексеріс адамға сәуледен тигізілетін зиянды азайтады және науқастың бойындағы дертін нақты айғақтап береді. Ауруханадағы емдеу аппаратының жұмысы жайлы сәулелік диагностика бөлімшесінің атқарушы медицина қызметінің подполковнигі Тұрсынбек Әбішев: «Атқарылып жатқан жұмыстармен қатар, зерттеу қорытындысын электронды ақпараттар базасына мұрағаттандырып, оны ұзақ уақыт бойы сақтауға болады», - деп түсіндірді.

Әскери ауруханада ашылған бұл аппараттан басқа, үстіміздегі жылы Бас әскери клиникалық госпиталінің оториноларингологиялық бөлімшесінде эндоскопиялық микрогаймороотомия, яғни мұрын мен мұрын қуысына алғаш рет ота жасай ісі жүзеге асқан болатын. Медицина саласына көрсетілген мұндай көмек арқасында емхана қызметкерлерінің ісі алға жылжып, оң нәтиже беріп келеді. Медицина қызметінің полковнигі Қайырбек Дәкенов: «Микроскопиялық гайморотомия – бұл адамға зақымы аз ота және аурулардың емделу мерзімін екі есе қысқартады. Біздің дәрігерлер осы заманға сай операцияларды жасауда үлкен табыстарға жетіп, емделушілерімізден көбі медицинадағы жаңа әдістемелердің артықшылықтары мен әскери дәрігерлердің кәсібилігін жоғары бағалап үлгерді», - дейді.

Бас әскери клиникалық госпитальдің бастығы емдеу мекемесінің сапалы техникалық жабдықталуы мен жетілдірілу жұмысы келешекте заманауи, әрі бас әскери госпиталь мәртебесіне сай беделді медициналық емханалардың біріне айналатынына зор сеніммен қарайды.

563 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

TENGE MONITOR №15

15 Сәуір, 2021

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Рымтай сағынбекова

“TENGE MONITOR” газетінің Бас редактордың міндетін атқарушы