• Бизнес & Қоғам
  • 25 Сәуір, 2013

Қазақстан әлемдік аймақтық интеграция шарттарында

Қазақстанның жаһандық және аймақтық кеңістіктер интеграциясының мәселесі қоғамда аса жоғары қызығушылық тудырады. Бұл интеграцияның қарама-қайшы, елдің дамуына қосымша демеу беретін де, оны экономикалары әлсіз дамыған елдер қатарына шегеріп тастайтын да үрдіс болып табылатындығымен байланысты. Қазақстандықтардың жаңа буыны заман талаптарына жауаптарды табуға, интеграциялық үрдістер шегінде қоғамды жетілдірудің жолдарын ұсынуға талпынады.  


Жақында Экономика және бизнес жоғарғы мектебінде «Саясаттанушы» клубының (философия және саясаттану факультеті), «21 ғасыр экономисті» ғылыми үйірмесі мен жас ғалымдарының ғылыми-әдістемелік семинары өтті. Мәжіліс тақырыбы – «Республиканың болашақта ДСҰ-ға кіру тұрғысынан Кеден одағының шеңберінде Қазақстан дамуының мәселелері мен перспективалары» болды. Берілген мәселелер экономикалық және саяси тұрғылардан қарастырылды. Аталған мәселелердің сарапшылары ретінде саясаттану кафедрасының меңгерушісі, с.ғ.д, профессор Насимова Г.О., «Саясаттанушы» студенттік клубының жетекшісі, доцент Саитова Н.А., э.ғ.д., профессор Дуламбаева Р.Т., э.ғ.к., доцент Сидоренко Е.Н., э.ғ.к., аға оқытушы Бейсенбаев Ж.Т. сөз сөйледі. 
«Кеден одағы шеңберінде Қазақстан Республикасының халықаралық саудасы» деген тақырыпта экономика кафедрасының оқытушысы, магистр Сатпаева  З.Т. негізгі баяндама жасады. Қазақстанның Кеден одағына кіргеннен кейінгі сауда саясатына талдау жасалды, жергілікті интеграция процесінің негізгі әлеуметтік-экономикалық нәтижелері ашылды. Кеден одағының шеңберінде Қазақстан үшін бәсекелестік шарттарының төмендетілуі, бағалардың жалпы жоғарылауы, импорттық тарифтердің өсуі белгіленді. Осылармен қатар, қатысушылар-мемлекеттер арасында сауда-айналым кеңейтілді, экономикалық процесстердің жалпы реттелуінің пішіндері белгіленді. (Қазір бұл кедендік реттеу). 
Интеграциялық мәселелердің талқылануын өздерінің баяндамаларымен Малик Г. (философия және саясаттану факультетінің 1 курс магистранты), Өмирбеков Д. (философия және саясаттану факультетінің 2 курс магистранты), Дюзденбаева Р. (философия және саясаттану факультетінің 4 курс студенті) толықтырды. Баяндамашылар Кеден одағында Қазақстанның әрекет етуінің жағымды және жағымсыз жақтарының, ДСҰ-ға кірудің перспективаларының назар аударды. 
Кеден одағындағы жұмыстың алдын-ала нәтижелерін айтқанда, бәсекелестік саласында қазақстандық кәсіпорындардың негізгі көпшілігінің қанағаттанбаушылығына назар аударылды (шағын және орта бизнес туралы айтылды), бұл отандық өнімге сұранысты қысқарту есебінен жұмыссыздықты көбейтті.
Осыған байланысты, ДСҰ-ға кірудің (шамамен 2014 ж.) болашақ мәселелері  белгіленді. Сөз сөйлегендер электроэнергия және көмір, табиғи газ, мұнай, мұнай өнімдері қазақстандық экспорты үшін нарықтық кеңейтілу түріндегі  бұл қадамның жағымды салдарларын белгіледі. ДСҰ-ға кіру 144 қатысушы-мемлекеттермен ең қолайлы жағдай тәртібін қамтамасыз етеді және антидемпингтік, компенсациялық баж салығының қолданылуына, стандарттарды, экспорттарды лицензиялау аумағында артықшылықтар береді және жалпы мемлекеттің сыртқы экономикалық өсуіне жағдай жасайды. Одан басқа,  ДСҰ-ға кіру – көпдеңгейлі сауда жүйесінің толық қатысушысы ретінде дүниежүзілік бірлестікке интеграция жолының және қазіргі халықаралық деңгейге республика заңнамасының шығарылуының міндетті кезеңі болып табылады. 
Алайда, пікірталас қатысушыларының көпшілігі ДСҰ шеңберінде республика дамуының мүмкіндіктері жайында қауіптенулерді айтты, себебі жағымсыз салдарлар жағымды әсерлерден басым болуы мүмкін. 
Қазіргі таңда бәсекелестік сектор – бұл табиғи ресурстарды алу және оларды алғашқы өңдеу. Экономиканың басқа салаларының бәсекелестікке қабілеттілігі  әлі  төмен,  әсіресе,  бұл  ауыл шаруашылығына және жеңіл өнеркәсіпке байланысты. Ішкі жарықтардың ашылу шарттарында мемлекет квоталау, лицензиялау сияқты ішкі нарықты қорғаудың маңызды тетіктерінен айырылады. Ауыл шаруашылығы қатынасында субсидияларды қысқартуға тура келеді, ал бұл әлі қатаймаған агроөнеркәсіптік кешеннің негіздерін бұзады. 
 ҚР ДСҰ-ға кіру қажеттігін талқылауы ашылды. Бұл қадам Кеден одағына жылдам кіру сияқты осындай асығыс және экономикалық негізделмеген бола ма? Мемлекеттің экономикалық мүмкіндіктері мен саяси шешімдері арасында сәйкессіздік байқала ма?  Неге осындай маңызды шешімдер бүкілхалықтық талқыланбайды? Осындай сұрақтар жас ғалымдар – экономисттердің де, саясаттанушыларды мазалағаны көрініп тұр. Осының бәрі әл-Фараби атындағы ҚазҰУ жастарының қазіргі Қазақстан алдында тұрған мәселелерді шешуге құштарлығын, олардың стандартты емес шешімдерді іздеуге талпынуын көрсетті. Міне, осы нағыз отансүйгіштіктің негізін құрастырады, идеологиялық таластарды шынықтырады, тәуелсіз экономикалық және саяси ойлауды қалыптастырады. 
Бірлескен мәжілістің қысқа резолюциясы ретінде мына шешімдер анықталды: 
ДСҰ-ға мүшелік мемлекеттің инвестициялық тартымдылығын арттырады, себебі бұл ұйымның негізгі принципі болып «транспаренттілік» принципі табылады, яғни, мемлекеттің ашықтығы, заңдық базаның айқындылығы. ДСҰ-ға мүшеліксіз Қазақстан экономикалық дискриминацияға ұшырайды. Дүниежүзілік нарықта ойын ережелері біздерсіз, сирек жағдайда – біздерге қарсы орнатылады. Бірақ, қазір Қазақстан күшті бәсекелестер үшін өз нарығын ашуға жеткілікті деңгейде дайын емес. Біздің өнеркәсіп, ауыл шаруышылығы, қаржылық сектор протекциондық қорғауды қажет етеді. 
Мемлекет  бәсекелестігінің  өсуі  мәселелерінің  жылдам-датылған шешімі қажет және осыдан кейін ғана толық мүшелігі туралы шешім қабылданады. Жаһандану өз шеңберінде көп мемлекет санын қатыстырады, бұл объективті үрдіс, оған қарсы келу мағынасыз. Бірақ әр мемлекет ұлттық мүдделерді қамтамасыз ететіндей, өз экомикалық саясатын қалыптастырады. Сондықтан мүшелік шарттарын өзіне қолайлы етіп келісу ғана емес, экономика диверсификациясы, ұлттық инновациялық жүйенің дамуы, отандық бизнестің бәсекелестігінің өсуі шарттарын қамтамасыз ету бойынша қысқа мерзімде нақты реформаларды жүзеге асыру орынды болып табылады.

Р.  Дуламбаева,
э.ғ.д., профессор,
Е. Сидоренко, 
э.ғ.к., доцент,
әл-Фараби атындағы ҚазҰУ

1235 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

TENGE MONITOR №15

15 Сәуір, 2021

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Рымтай сағынбекова

“TENGE MONITOR” газетінің Бас редактордың міндетін атқарушы