• Бизнес & Қоғам
  • 25 Сәуір, 2013

ҮЛГІЛІ ҰСТАЗ

Қостанай өңірі, Обаған өзені бойындағы Қайранкөл жағасында Қара-Оба ауылында 1943 жылдың мамыр айының  10-жұлдызында, отан соғысының ардагері Хәкім  атаның отбасында қыз бала дүниеге келді. Елімізде бейбітшілік орнап, сұрапыл соғыс тезірек аяқталып, халқымыз бақытты өмір сүрер ме екен деген үмітпен қызына Тиыштық деп есімін қойып, Хакім ата майданға  аттанып кетті. Екі жылдан кейін жеңіспен жанұясына аман-есен оралып, еңбекке араласты. Тиыштық пысық, мектепте өте үздік оқыды, қоғам жұмыстарынада белсене араласты. 1960 жылы оныншы сыныпта оқып жүргенде Қостанай қаласында «Бірінші облыстық математика пәнінен оқушылар олимпиадасының» жүлдегері атағын алды. Осы жылы Кара-Оба орта мектебін  күміс медальмен аяқтап, С.М.Киров атындағы (қазіргі Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ) Қазақ мемлекеттік университетінің механика-математика факультетіне түсіп,«математика» мамандығы бойынша  1965 жылы бітірді. 

Тиыштық Хәкімқызының  барлық өмір жолы ҚазҰУ-мен тікелей байланысты. Еңбек жолын 1968 жылдан «Есептеуіш машиналар» зертханасында математик-программистінен бастап, белгілі доцент атағына дейін қызмет атқарып келеді.
Осы жылдары университеттің барлық мамандықтарына Программалау, Ақпараттық технологиялар, Информатика  негіздері және есептеу техникасы, Компьютерлік өңдеу, Компьютерлік өңдеуді ғылыми зерттеулерде қолдану пәндерінің жалпы курсынан мемлекеттік тілде дәріс оқып,оқулықтар, әдістемелік  құралдар  жазып,  барлық  күш  жігерін шәкірт  даярлауға  арнап келеді.  Еңбегі-нің жемісінің куәсі «Информатиканы оқытудың теориясы және әдістемесі» мамандығы бойынша педагогика ғылымдарының  кандидаты дәрежесін алу үшін диссертациясын қорғауы.Ұзамай осы «Информатика, есептеу техникасы және басқару» мамандығы бойынша доцент ғылыми атағы да бекітілді.  
Осы салада 88 ден аса ғылыми мақалалар, оқулықтар, оқу құралдары әртүрлі баспаларда жарияланды. Оладың 28-і оқулықтар (соның 16 мемлекеттік тілде жазылған),11-і электрондық оқулық, әль-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің ғылыми кітапханасында тіркелген.
Тиыштық Хәкім қызының үздік танымал шәкірттері алуан мамандықтар бойынша Қазақстан Республикасынының түпкір түкпірінде және шет мемлекеттерде әр салада қызмет атқарады. Мысалы: Е. Утембаев (э.ғ.д) Белгия елінің елшісі, Л. Бимендиева (э.ғ. к.) Экономика және Бизнес Жоғарғы Мектебінің деканының орынбасары, Л. Оразбекова (п.ғ.к)  механика-математика факультетінің ғылыми хатшысы, Қ. Әуесбай «Қазақстан» телеарнасының тілшісі, Р. Кертаев «Хабар» телеарнасының тілшісі қызметін атқарады. т.с.с.
Жаңа жас ұрпақты тәрбиелеу және білім саласында сіңірген еңбегі үшін ҚР Білім және ғылым министрлігінің «Құрмет грамотасымен» марапатталған. Тиыштық Хәкімқызы  еңбекқор, коллективте сыйлы, абыройлы, шәкірттері  білікті. Еңбек жолында да білімін жетілдіріп отырады,  оның бір мысалы ағылшын тілінде семинар-тренингтті тыңдап алған сертификаты. 
Тиыштық Хәкімқызы ұстаздықпен қатар келін түсіріп, немере сүйіп отырған аяулы да, ардақты ана. Ұлы Майлен мен келіні Ильмира механика-математика факультетінің  түлектері, немерелері  Арыстан Қазақ-Британ Техникалық университетінің «Ақпараттық жүйелер» мамандығы бойынша магистрін бітіріп осы салада қызмет атқарады, Карина экономика мамандығы бойынша Кипрдің Халықаралық университетінде дәріс алуда.
Әль-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің экономика және бизнес жоғарғы мектебінің бірінші курс студенттері ұлағатты ұстаз, әдіскер, ғалым Тиыштық Хәкімқызын 70 жастық мерей тойымен құттықтап, зор ден саулық, еңбекте шығармашылық жетістіктер, жаңа ұрпаққа білім беру саласында зор  табыстарға жете беруіне тілектестік білдіреміз.

Әль-Фараби атындағы 
Қазақ ұлттық университетінің 
экономика және 
бизнес жоғарғы мектебінің 
бірінші курс студенттер

613 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

TENGE MONITOR №15

15 Сәуір, 2021

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Рымтай сағынбекова

“TENGE MONITOR” газетінің Бас редактордың міндетін атқарушы