• Бизнес & Қоғам
  • 02 Мамыр, 2013

КЕДЕНДІК КЕҢІСТІКТЕГІ САЛЫҚ САЯСАТЫ

Қазақстан Республикасы аумағына Кеден одағына мүше мемлекеттер аумағынан тауар импорттау барысында салық салынатын импорт мөлшері 10.12.2008 жылғы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы кодексінің 276-8 бабына сәйкес белгіленеді. 

1. Тауарлардың, оның ішінде оларды дайындау жөніндегі шарт (келісімшарт) бойынша жұмыстарды орындау нәтижесі болып табылатын тауарлардың салық салынатын импортының мөлшері тауарлардың құны негізінде айқындалады.

2. 10.12.2008 жылғы №99-IV «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы кодексінің (Салық кодексі) 276-8 бабының мақсаты үшін тауарлардың құны салық салу мақсатында бағаларды айқындау принциптері негізінде анықталады.
Салық салу мақсатында баға айқындау принципі шарттың (келісімшарттың) талаптарына сәйкес тауарлар үшін төленуге тиіс мәміле бағасының негізінде тауарлар бағасын айқындау дегенді білдіреді. 
Егер шарттың (келісімшарттың) талаптары бойынша мәміле бағасы әкелінген тауарлар құнынан және басқа да шығыстардан құралса, мұнымен қоса, әкелінген тауарлар құны және (немесе) басқа да шығыстардың бағасы бөлек көрсетілсе, онда әкелінген тауарлар құны сөзсіз, салық салынатын импорттың мөлшері болып саналады. 
Егер шарттың (келісімшарттың) талаптары бойынша мәміле бағасы әкелінген тауарлар құнынан  және басқа да шығыстардан құралса, мұнымен қоса, әкелінген тауарлар құны және (немесе) басқа да шығыстардың бағасы бөлек көрсетілмесе, онда шартта (келісімшартта) көрсетілген мәміле бағасы салық салынатын импорттың мөлшері болып саналады. 
3. Тауарлардың салық салынатын импортының мөлшеріне акцизделетін тауарлар бойынша акциздің сомасы енгізіледі. Лизинг шарттары бойынша тауарлардың (лизинг нысаналарының) салық салынатын импортының мөлшеріне акцизделетін тауарлар бойынша акциздің есептелген сомалары импортталған акцизделетін тауарларды (лизинг нысаналарын) есепке алған күні енгізіледі.
4. Тауар алмасу (бартерлік) шарттары (келісім­шарттары), сондай-ақ, зат түрінде қарыз беруді көздейтін шарттар (келісімшарттар) бойынша алын­ған тауарлардың салық салынатын импортының мөлшері осы баптың 2-тармағында көрсетілген са­лық салу мақсатында бағаларды айқындау прин­циптері ескеріле отырып, тауарлардың құны негізінде анықталады.
Бұл ретте тауарлар құны шартта (келісімшартта) көзделген тауарлар бағасы негізінде, шартта (келісімшартта) құны көрсетілмеген жағдайда – тауарларға ілеспе құжаттарда көрсетілетін құны, шартта (келісімшартта) және тауарларға ілеспе құжаттарда құны көрсетілмеген жағдайда – бух­галтерлік есепте көрсетілген тауарлардың құны негізінде айқындалады.
5. Алыс-беріс шикізатын өңдеу өнімдері болып табылатын тауарлардың салық салынатын импор­тының мөлшері, осы алыс-беріс шикізатын өңдеу бойынша жұмыстардың құны негізінде айқындалады.
6. Тауарларға меншік құқығының лизинг алу­шыға өтуін көздейтін лизинг шарты бойынша тауарлардың (лизинг нысаналарының) салық салынатын импортының мөлшері ҚР «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» кодексінің 276-6 бабының 3 тармағында көзделген тауар (лизинг нысанасының) құнының бір бөлігі мөлшерінде, осы баптың 2 тармағында көзделген салық салу мақсатында баға айқындау принципі ескеріле отырып, сыйақы есепке алынбай айқындалады.  
Егер лизинг шарты (келісімшарты) бойынша тауарлар (лизинг нысаналары) құнының бір бөлігін төлеу мерзімінің басталу күні тауарларды (лизинг нысанасын) Қазақстан Республикасының аумағына әкелу күніне дейін белгіленген болса, тауарлардың (лизинг нысаналарының) салық салынатын импортын жасаудың алғашқы күніндегі салық салынатын импорттың мөлшері сыйақы есепке алынбай, лизинг шарты (келісімшарты) бойынша барлық төлемдер сомасы ретінде айқындалады, оны төлеу мерзімінің басталған күні лизинг шартына (келісімшартына) сәйкес тауарларды (лизинг нысаналарын) лизинг алушыға беру күніне дейін белгіленеді. 
ҚР «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» кодексінің (Салық кодексінің) 276-1 бабының 2-тармағы талаптарына сәйкес келетін лизинг шартында (келісімшартында) көзделген лизинг төлемдерін лизинг алушы мерзімінен бұрын өтеген жағдайда, салық салынатын импортты жасаудың соңғы күніндегі салық салынатын импорттың мөлшері лизинг шарты (келісімшарты) бойынша сыйақы есепке алынбаған барлық лизинг төлемдері мен сыйақы есепке алынбаған өтелген төлемдер сомасы арасындағы айырма ретінде айқындалады. 
ҚР «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» кодексінің (Салық кодексінің) 276-1 бабының 2-тармағында белгіленген талаптар сақталмаған жағдайда, сондай-ақ мүлікті (лизинг нысанасын) берген кезден бастап үш жыл өткеннен кейін лизинг шарты (келісімшарты) бұзылған жағдайда, салық салынатын импорттың мөлшері Кеден одағына мүше мемлекеттердің аумағынан Қазақстан Республикасының аумағына әкелінген, салық салу мақсатында баға айқындау принципі ескерілген, олар бойынша бұрын жанама салықтар төленген лизинг шарты (келісімшарты) бойынша лизингтік төлемдердің сомасына азайтылған (сыйақы есепке алынбаған) тауарлардың (лизинг нысаналарының) құны негізінде айқындалады. Бұл ретте лизинг шартымен (келісімшартымен) көзделген сыйақы аталған жағдайлар басталғанға дейін салық салынатын импорт мөлшеріне енгізіледі. 
7.    Салық қызметі органдары Кеден одағына мүше мемлекеттердің аумағынан Қазақстан Республикасының аумағына тауарлардың импорты кезінде қосылған құн салығы бойынша салық міндеттемелерінің атқарылуын бақылауды жүзеге асыру ке­зінде Қазақстан Республикасының Үкі­меті белгілеген тәртіппен және (немесе) Қазақстан Республикасының трансферттік баға белгілеу туралы заңнамасының талаптарын ескере отырып, салық салынатын импорттың мөлшерін түзетуге құқылы.
Бұл ретте салық төлеуші Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген жоға­рыда көрсетілген тәртіпті және (немесе) Қазақстан Республикасының трансферттік баға белгілеу туралы заңнамасының талаптарын ескере отырып, салық салынатын им­порттың мөлшерін дербес түзетеді.

Нұрбапа МҰСАБАЕВ,
Алматы қаласы Медеу ауданы 
бойынша салық басқармасы, 
Кеден одағы шеңберінде жанама салықтарды әкімшілендіру 
бөлімінің бастығы.

600 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *

TENGE MONITOR №15

15 Сәуір, 2021

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Рымтай сағынбекова

“TENGE MONITOR” газетінің Бас редактордың міндетін атқарушы