• Бизнес & Қоғам
  • 02 Мамыр, 2013

«ҚазҰТУ көктемі – 2013» байқауы мәресіне жетті

2013 жылдың 27 наурызы – 12 сәуір аралығында Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетінде “ҚазҰТУ көктемі” атты 48-ші дәстүрлі көркемөнерпаздар фестиваль-конкурсы өткізілді.

Студент жастардың патриоттық сезімін арттыру, отан­сүй­гіш­тікке тәрбиелеу, жан-жақты тұлға болып қалыптасуда кәсібилікпен қатар  ұжымдық мәдениетті, шығармашылық дәс­түрді арттыру мақсатында өткізілген іс-шара биыл Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан – 2050» Стратегиясының қазақстандық патриотизмді дамыту бағытында көрсетілген мақсат-міндеттерді жүзеге асыру аясында ұйымдастырылды.    
Аталмыш фестиваль-конкурстың ерекшелігі – барлық инс­­­­ти­­­­туттардың көркемөнер ұжымдары тек студент, магис­трант, докторанттардан ғана емес, сонымен қатар оқытушы-профессор­лар мен институт басшылықтарының қатысуы. Фестиваль  ұжымдық рухтың, мәдениеттің көрінісіне айналды. Конкурс 2 кезең бойынша өткізілді.  І кезең 2013 жылдың 27 наурызы – 3 сәуір аралығында өткізілді және онда мыңнан астам қатысушы болды. Байқаудың бұл кезеңінде ҚазҰТУ институттары жеребе арқылы түскен  «Қазақ елінің Тәуелсіздігі», «Қазақ елінің Тұңғыш Президенті», «Қазақ елінің Халықтар достастығы», «Астана – бас қала», «Алматы – әсем қала», «ҚазҰТУ – мақтанышым!», «Салауатты өмір салты» тақырыптары аясында  50 минуттық әдеби-музыкалық қойылым көрсетті. Қой­ылымдар бағдарламасында ән, конферансье, аспаптық музыка, хор, көркем сөз, сахналық көрініс, ерекше жанр, би сияқты 9 жанр бойынша 29 аталым қамтылды.
Қазылар алқасы айтулы шараны бағалау кезінде қойы­лым­ның біртұтастығы, тақырыптың ашылуы, сахнаның безен­дірілуі, LED-экранды пайдалануы, сахна мәдениетіне сай болуы, әртістік өнер, көркемдік және орындау шеберлігі, регламентті сақтау, т.б.  талаптардың орындалуын басшылыққа ала отырып, әділ бағаларын берді. 
Жеті күнге созылған жеті институт ұжымы қатысқан өнер додасының қорытындысы 12 сәуір күні Қ.И.Сәтбаевтың туған күніне орай ұйымдастырылған іс-шаралар аясында өткізілген гала-концертте айтылды. Қ.И.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлт­тық университетінің ректоры Ж.М.Әділов «ҚазҰТУ көктемі» 48-ші фестиваль-конкурсында 1-ші орынды жеңіп алған Ө.Бай­қоңыров атындағы Тау-кен және металлургия институтына 220 000 көлеміндегі музыкалық аппаратураға, 2-ші орынды иеленген Т.Бәсенов атындағы Сәулет және құрылыс институты мен Ақпараттық және телекоммуникациялық технологиялар институтының әрқайсысына  150 000 көлеміндегі  музыкалық аппаратураға, ал 3-ші орын алған  Ә.Бүркітбаев атындағы Өнеркәсіптік инженерия институтына 130 000 көлеміндегі музыкалық аппаратураға сертификаттар және дипломдар бе­ріп, марапаттады.  Әрбір жанр номинациялары бойынша 1, 2, 3 жүлделі орындар белгіленді. Сондай-ақ, байқауда  қазылар алқасының төрағасы профессор  Ж.Қапесов 3 орын иегерлеріне, проректор С.Жүсіпбеков 2 орын иегерлеріне және тәрбие жұмысы жөніндегі проректор Г.Сәрсенбекова 1 орын иегерлеріне мақтау қағаздары, гүл шоқтары және ақшалай сыйлықтар табыстады.     Сонымен қатар, университеттік ерік­ті-бастамашыл «Үздіктер» жасағының 3 жобасы бойынша 10 жеңімпаз марапатталды.
«ҚазҰТУ көктемі – 2013» фестивалінің гала-концерті Сәтбаев күндерінің сәні болып, көрер­мендердің көңілінен шықты. 

Сая Рымғалықызы,
Қ.И.Сәтбаев атындағы ҚазҰТУ-дың 
тәрбие бөлімінің бас маманы

452 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

TENGE MONITOR №15

15 Сәуір, 2021

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Рымтай сағынбекова

“TENGE MONITOR” газетінің Бас редактордың міндетін атқарушы